173
10-
5 сурет. Көптеген цехтар үшін КӨМ
жалпы мақсаттағы өлшеу құралы
болып табылады
« Mitutoyo Canada» ұсынған
Қалай десек те КӨМ белгілі және жақсы сүйемелденген бағдарламалау тілі қолданыста
қарапайым болуы тиіс. КӨМ шешімінің осы бөлігі метрология әлеміндегі көптеген адамдар
үшін дау-дамай туындататын және бүкіл цехтың ішінде ұшып жүретін КӨМ нұсқаулықтарымен
көкейтесті мәселе болып табылады, сондықтан мен ол туралы өз пікірімді осы жерде білдіргім
келмейді, сізге бар айтарым ‒ біршама адамдармен сөйлесуді, үй тапсырмасын орындауды
және келешекке көз жүгіртіп, механизмнің сіздің болашақ болжамдарыңыз бен бюджетіңізге
сәйкес келетініне көз жеткізуді ұсыну (білдектен айырмашылығы ‒ КӨМ-дердің көбі жыл
сайынғы және қымбат техникалық қызмет көрсетудің бағдарламалық жасақтамасымен бірге
жеткізіледі).
КӨМ-ге бөлшектерді өңдеу шолғылары қажет. Қол машинасында ол дәл
бұрғылау патронында қысылған бергіштің істігі
секілді қарапайым болуы
мүмкін. Дегенмен әдетте лағылдық инемен жабдықталған жанасу бергіші
пайдаланылады. Бөлшекпен түйіндесу кезінде ол дабылды - КӨМ-нің
компьютеріне іске қосу дабылын құрап, аздап бір жағына қарай қисаяды. Үш
өлшемді кеңістікте әрбір нүктені өлшеу барысында мәндер бөлшектің CAD-
моделімен салыстырылады және оның кесімді көлемінен ауытқуларды
анықтау жүргізіледі. Тікелей әрі жұлдыз тәрізді ұштықтар, сондай-ақ дискілер,
шарлар, жартылай сфералар мен сілтеуіштер қолжетімді болады. Шолғының
бастиегі КӨМ-ді сатып алу кезінде
маңызды фактор болып табылады, себебі
ол көп жағдайда машинаның жүрегі іспеттес.
Тік механикалық өңдеудің дәстүрлі дизайнынан басқа (кейбіреулерін тіпті құралды автоматты
түрде өзгерту мүмкіндіктеріне де ие) КӨМ-нің бірнеше нұсқалары бар. Автокөліктің көлеміндей
немесе одан да үлкен бөлшектерді өлшеу үшін бүкіл цехтың ішінде жылжытуға келетін ұзын,
көп құрамды саптамалар секілді портативті КӨМ-дер болады. Бейнебақылауы бар
механизмдер бөлшектерді «қол тигізбей» өлшеу үшін камераларды, ал кейде сканерлерді
пайдаланады және көбіне түйіспелі өлшеудің өміршең баламасы болып табылады. Қол КӨМ-
дері
ақылды мылтыққа ұқсас, үш өлшемді кеңістікте өлшеу ұштығының орналасқан жерін
анықтау үшін LED немесе лазер сәулесін пайдаланатын құралдар, осылайша қолмен
басқарылатын кәдімгі білдектерге қарағанда механикалық көпірді қолданбай-ақ бөлшекті
өлшеу мүмкіндігін ұсынады.
Сондай-ақ, КӨМ-ді бақылау зертханасынан цехқа алып шығу
қажет. Жағымсыз өндірістік жағдайлардан қорғалған, қолданыста қарапайым болып
ТЕХНИКАЛЫҚ
АҚПАРАТ
174
табылатын бағдарламалау жүйесі бар, мәзір режимінде жұмыс істейтін,
бұрынғысынша
таңқалуға тұратын өлшем дәлдігі тән әмбебап өлшемдер жүргізуге арналған бірнеше
модельдер бар.
Достарыңызбен бөлісу: