179
барлығы болуы мүмкін. «G02» сағат тілімен доға болып, ал «G03» сағат тіліне қарсы доға
болып белгіленген, ал құрал белағаштың артқы жағында кесетін
және көбіне төңкерілген
болып келетін жону білдегінің операторлары үшін керісінше болуы да мүмкін. Екі пәрмен де
модальды болып табылады, сондықтан егер сіз доңғалық режимнен тік сызық режиміне
ауыстырған кезде машинаның қателік көрсеткенін қаламасаңыз, онда «G01»-ді желіде «G02»
мен «G03»-тен кейін пайдаланғаныңыз жөн. Сондай-ақ, кесудің
басында доғаның ортасына
дейінгі қашықтықты анықтап алу қажет болады, ол I, J және/немесе K ( X, Y және Z
қашықтықтарна сәйкес келетін) мәндері деп аталады және көбіне тағайындау
координаттарының мәндерімен бірге талап етіледі.
Міне, мысал:
Жаңа жүйелердің көпшілігінде «I» мен «J» басқарылуын радиусқа тең келетін R-мәннің
пайдасына жоюға болады, алайда кейбіреулер бұның дәл емес доғаларға алып келуі ықтимал
дегенді айтуы мүмкін. Жиектің қарапайым ажырауы қажет болатын 90
градус бұрыштарда
«G02» немесе «G03» төмендегі жону білдегінің мысалындағыдай қалдырып кетуге болады:
Бұл «G01» жұмырландыруы деп аталады, сондай-ақ, 45 градустық жыраларды «R»-ді
« I»-ға немесе «K»-ға алмастыру арқылы пайдаланылуы мүмкін. Қосымша ақпарат алу үшін
қолдану туралы нұсқаулықты қараңыз.
Егер сізге кодтың мысалдары ретінде мен келтірген жақшадағы түсіндірмелер
ұнаған болса, өзіңіздің СББ бағдарламаңызға ұқсас мәтінді қосуға
қысылмаңыз. Әдетте оның қажеті жоқ, себебі кез келген жақсы жолға
қойылған цех баптау туралы кез келген қажетті ақпаратты ілестірмелі
жұмыс
нұсқаулығымен бірге жібереді. Дегенмен кейбір тұстардағы түсіндірмелер
(мысалы, қандай құрал) әсіресе әлі де білім алып жатқан жаңадан
бастаушылар үшін пайдалы болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: