Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Көлемді (және орналасқан жерін) дұрыстау



Pdf көрінісі
бет182/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Көлемді (және орналасқан жерін) дұрыстау 
Кесетін құралдар мен аспаптық патрон түрлі көлемдер мен үлгілерде болады. Олардың 
кескіш радиусының ұзындықтары, диаметрлері және ұштары әр түрлі болады. Олар сондай-
ақ кескен кезде аздап тозатындықтан, бөлшектердің бір өлшемін және үстіңгі қабаттың 
бұдырлығын қолдау үшін ұдайы ретке келтіріп отыруды (ал содан соң алмастыруды) қажет 
етеді. Осы айнымалыларды СББ кодында тікелей өтеу іс жүзінде мүмкін болмағандықтан, 
басқару жүйесін әзірлеушілер клиенттеріне ыңғайлы және мықты шешім ұсынды, ол аспапты 
түзету болып табылады.
Түзетудің табысты болуы 
Қағаз таспа кезінде-ақ жону білдегінің операторлары құралдың ұзындығы мен 
бұрыштық жылжудың мәндерін құралдың ұштығын бөлшектің берілген қалпына келтіре 
отырып (мысалы, оның қыры мен белгілі диаметр) және білдектің «X» пен «Z» салыстырмалы 
жайғасымдарын көрсету үшін «G92» мәндер жиынтығын қолдана отырып орнататын. Әлі де 
толып жатқан көп мақсатты білдектерде қол жетімді бола отырып, «G92» координаттық 
өлшемдер сол кезден бастап көптеген жону білдектерінде бір нүктелі бұранда кесуге 
арналған пәрмен ретінде пайдаланыла бастады, бір кездері басқарылатын перфотаспамен 
жону бағдарламасына кіріктірілген «G92» «X» және «Z» мәндері енді құралды түзетудің бір 
бөлігі болып табылады және әдеттегідей алдын ала баптау қондырғысының білдегінде 
құрастырылған құралды инициациялау арқылы енгізіледі. Осының арқасында жону білдегінің 
өмірі бұрынғысына қарағанда анағұрлым жеңілірек болды.
Бұл құралды түзетудің сенімділігін білдірмейді. Жону білдектері мен СББ фрезалар
құралдың ұзындығы (Z білігі) мен радиалдық жылжуын ( X білігі) орнату үшін геометриялық 
жылжытуға, сондай-ақ өзіңіз де түсінгендей, құралдың тозуын өтеу үшін тозуды кейіндетуге 
сүйенеді. Бірақ олардың осы кейіндетулерді үйренуі айтарлықтай өзгеше болып келеді. 
Мысалы, «Т0303» жону білдегінің мұнарасын 3 станциясына индекстейді және әрі бір мезгілде 
3 жылжыту тізілімінде тұрған кез келген геометриялық және тозуға төзімді мәндерді 
қолданады. «Төменде келтірілген себептерге байланысты осы пәрмен көпмақсатты білдекте 
(егер құралдың 303 позициясы болмаса) мағынасыз болады:»: 
 T-
коды құрал алмастыруды белсенді етуге арналған «М06» пәрменімен ілесіп жүруі 
тиіс. 
 
Фрезерлік құрал ұзындығының жылжытуы құралдың нөміріне сәйкес келетін Н-кодпен 
қолданылады. 
 
Н-код өз кезегіндеж ылжыту бағытын анықтау үшін «G43» немесе «G44» пәрменін 
қажет етеді ( 11-2-суретті қараңыз). 


183 
 D-
код радиалдық жылжыту шамасын белгілеу үшін пайдаланылады әрі кескішті солға 
және оңға өтеу үшін «G41» немесе «G42» бірге қолданылады (бұл туралы нақтырақ 
ары қарай айтылады).
G43 (дұрыс жылжыту) және G44 
(бұрыс жылжыту) көп мақсатты
білдекте құралдың ұзындығын өтеу 
үшін Н-кодының пәрменімен бірге 
пайдаланылады.
«Корп. Хаас Аутомэйшн (Haas Automation, Inc.)» рұқсатымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет