Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


«Болдырмауды» ұмытып кетпеңіз



Pdf көрінісі
бет186/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

«Болдырмауды» ұмытып кетпеңіз
Бұл көп рет қайталанатын қайталымдар (G70-G76) мен тіркелген қайталымдар (G80-
G89) арасындағы тағы бір маңызды айырмашылық туралы мәселені көтереді. «G70» 
топтамасының қайталанатын қайталымдарын «болдырмау» қажет емес, жай оларды 
шақырыңыз, оларға өз шаруасын орындауға мүмкіндік беріңіз де келесі операцияға көшіңіз. 
Олар арнайы мамандандырылған, бұрғылау, нобайлап қайрау, жырашықтарды кесу немесе 
бір бөлшекте бұрандалар кесу қабілетіне ие. Екінші жағынан, «G80» топтамасындағы тұрақты 
қайталымдар бастапқы шақырудан соң кез келген координаттағы жайғасымда бұрғылауды, 
тықылдатуды немесе қашамен тегістеуді жалғастыра береді. Бірақ оларды «G80» пәрменімен 
«болдырмауды» ұмытып кетпеңіз, әйтпесе қиын болады. 
ЖАУАПКЕРШІЛКТЕН БАС ТАРТУДЫҢ МАҢЫЗДЫСЫ 
Осы кітапты оқып алып, білдекші-оператордың жеңілірек жұмысы туралы армандап отырған 
заңгерлер өкпелемесін, бірақ менің олардың назарына түскім келмес еді. Сондықтан біз М-
кодтарға көшпес бұрын, осы жолдарды жазған автордың мәлімдемесін мұқият оқып 
шығуыңызды өтіне: 
• Осы кітапта аталып кеткен кей не барлық қайталымдар компьютеріңізде болуы мүмкін, бірақ 
ол үшін ақы төлеуіңіз ықтимал. Бағдарламалау бойынша нұсқаулыққа жүгініңіз болмаса ең 
дұрысы ‒ дистрибьютеріңізден топтамаға не кіретінін сұраңыз.
• Бұл қайталымдар (және басқа да қалған кодтар) сіздің компьютеріңізде әр түрлі жұмыс істеуі, 
түрлі әріптерді пайдалануы, ондық белгілерді қажет етуі немесе қажет етпеуі, не мүлдем 
жұмыс істемеуі мүмкін. Нұсқаулықты оқыңыз. 
• Дұрыс пайдаланбаған жағдайда, бұл қайталымдар апаттық дабылды қосуы ықтимал, бірақ 
бұл білдектің сынуына алып келуі де мүмкін. Егер солай бола қалса, мені кінәламаңыз. Тағы 
да айтарым: нұсқаулықты оқып шығыңыз. 
Ақыр аяғында, сіз басқару элементтерін құрастырушы ұсынатын тұрақты немесе 
қайталанатын қайталымдардан басқа (олардың кейбіреулері опциондық болуы мүмкін) 
көптеген білдек өндірушілер өздерінің бағдарламалық жасақтамалары мен бағдарламалау 
қайталымдарын қосатынын түсінуіңіз тиіс. Олар білдектің функционалдық мүмкіндіктерін 
арттыру үшін, күрделі жону білдектерін және бойлай жонудың көп тапсырмалы білдектердің
ЕСКЕ ТҮСІРУ


187 
пайдаланылуын жеңілдету үшін немесе ажарлау, не бедер салу секілді арнайы функцияларды 
қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін. Жақсы жаңалығымыз, олардың өнімділікті 
арттыратын мықты құралдар болуы мүмкін. Жағымсыз жаңалықтар ше? Енді сізге екі 
нұсқаулықты оқуға тура келеді, оның бірі басқаруды жеткізушіден, екіншісі білдек 
өндірушісінен келген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет