197
12-3-
сурет:
МСС
(қатты
қысыммен
болғаны дұрыс) мүмкін
болған жерде
құрал арқылы берілетін құралдарды
таңдаңыз
«Sandvik Coromant» ұсынған
Бәрі немен тынады
Басқы бекіткішінің басым бөлігін бір операциямен орындағаныңызға қарамастан, Джейн
артқы жағында 5/8 дюйм
болатын ойдымдауыштың болуын, сондай-ақ 1/4 дюймдық алты
қырлы кілт үшін бүйірлік ұяшықтың болуын өтінді. Ешнәрсе етпейді, кеспелі құрал сізге бәрібір
алып тастауға тура келетін артқы жағында қалдық материалдың кішкентай кесегін қалдырып
кетті ғой (әдетте дайындаманы жону білдегіне берген кезде болатындай).
Сіз берілген қашықтықта ұзындығы бойынша бүйірін жонудан бастай аласыз. Қаралтым
сыдыру қажет емес, бірақ кеспелі ұштық «жылдамдық бәсеңдеткіш» (қала көшелерінің кейбір
жерлерінде жолға қойылатын дөңес)
секілді әрекет етеді, сондықтан сізге ортаға қарай
жақындаған кезде құралдың кетігін болдырмау үшін баяулату қажет болады. Жонып өңдеу
аймағын «трепанға» арналған «
бүйірлік бунақтарды жонатын кескіш» ретінде көбірек
танымал құралдың көмегімен өңдеуге болады. Оның өңделетін бөлшектің үстіңгі қабатына
тікелей кіріктіруге болатындай жеткілікті радиалдық саңылауы бар және ол әдетте нығыздау
сақиналарының астындағы гидравликалық бөлшектердің жырашықтарын кесу үшін
пайдаланылады.
Қол астыңызда бүйірлік саңылауларды жонуға арналған кескіш жоқ па?
Ешнәрсе етпейді, жай
ғана аспаптық қоймаға барып, қатты қорытпалы
ұштық «ортадан кескіш фрезаны» алыңыз (бұл оның бұрғы секілді әрекет
ететінін білдіреді). Басқының бекіткіші
қатты
материалдан ‒ титаннан
жасалғанына қарамастан, беріліс жылдамдығын аздап бәсеңдетіңіз, сонда
жонып өңделген саңылауда сыдыру үшін барлығы да үздік жұмыс істейтін
болады. Әрине, сізге кеулей
жону құралбілігін пайдаланып, бөлшекті
тазалап өңдеуге тура келеді. Сізге бәрібір алты қырлы созылымды саңылау
үшін саңылау жасау қажет болатындықтан, кеулей жону құралбілігімен мінсіз
тегістеуге немесе ұштық фрезаның ортадан кесу қабілетіне алаңдамай-ақ
қойыңыз. Бар болғаны созылымдық үшін саңылау жасауға
қатты қорытпалы
бұрғыны пайдаланыңыз, содан соң кеулей жону құралбілігінің көмегімен
кеулей жонылған саңылаудың дәлсіздіктерін және саңылауды бақылаңыз.
Осы уақытқа таман сізді «созылымдық дегеніміз не?» деген сұрақ мазалауы мүмкін.
Мен осы сұрақты 3-тарауда қозғағанмын, алайда созылымдықтың бұл түрі аздап өзгешелеу.
Жону білдегінің операторы үшін «созылымдық» ‒ алтыбұрыш пішініндегі үшкір
құралды
алдын ала бұрғыланған немесе кеулей жонылған саңылауға саңылауды қалдыру үшін алты
қырлы (шаршы немесе жұлдызша пішінінде де болуы мүмкін) сомын кілтіне үйлесетін
жеткілікті материалды кесе отырып енгізу үдерісі. Оны құрал дайындамаға батырылған кезде
айналатын немесе созылымдықты бастапқы қалпына келтіріп, күштеп айналдыратын «дірілді
созылымдық қондырғысы» деп аталатын арнайы құрылғы көмегімен жұмсақ тәсілмен
ЕСКЕ ТҮСІРУ
198
жасауға болады. Түсінікті себептерге бола бірінші әдіс тиімдірек болып келеді, созылымды
(немесе кез келген басқа құралды) тым жылдам басқара отырып оны бүлдіріп алу мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: