Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет198/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Жонып өңдеуді жақсарту 
Жону білдегінде жонып өңдеу мүлдем өзгеше және кейбір жағдайларда көп мақсатты
білдектерге қарағанда анағұрлым тиімді болып келеді. Бар керегі берік кеулей жону 
құралбілігінің топтамасы болып табылады, олардың біреуі қаралтым өңдеуге арналса, 
екіншісі таза өңдеуге арналған. Егер саңылаудың төрт диаметрден астам тереңдігі болса 
(материалға байланысты), онда сізге қатты қорытпалы ұштығы бар бұрғылау құралы немесе 
тербелісті жою үшін тербеліссіздендіргіш анық қажет болады. Егер сіз өзіңіздің білдегіңіздегі 
«G71» жонып өңдеу қайталымын меңгерген болсаңыз, онда жолыңыздың болғаны, себебі ол 
тура жону білдегіндегі кеулей жону кезіндегідей жұмыс істейді. Жону білдегі үшін жалғыз 
күрделі сәт саңылаудан жоңқаны алып тастау болып табылады. Басқа да көптеген жону және 
фрезерлеу операцияларындағыдай, құрал арқылы берілетін салқындатқыш сұйықтық жақсы 
геометриясы бар жоңқа майдалағыш ендірмесі секілді «құтқару шеңбері» болып табылады. 
Көп мақсатты білдектер өз алдына бөлек әңгіме болып табылады. Қаралтым өңдеу кезінде 
әдетте жұмыс істеуі үшін екі тәсілдің бірімен баптауға болатын, екі жақты ретке келтірілетін
кеулей жону құралы пайдаланылады. Қадамдық созу кезінде бір ендірме тікелей екіншісінің 
алдына, бірақ кішірек диаметрмен орнатылады, ал екінші ендірме аздап артынан жүреді және 
қосымша материалды алып тастайды (12-5-суретті қараңыз). Тағы бір нұсқасы бірдей 
диаметрі бар екі пластинаны да орналастырып, бір жүріп өткенде азырақ материалды алып 
тастап, бірақ берілістің анағұрлым жоғары жылдамдығын қамтамасыз ету болып табылады.
Таза өңделім үшін ретке келтірілетін бастиекте орнатылған бір ендірме пайдаланылатын дәл 
кеулей жонуға арналған деп аталатын құралдар пайдаланылады. Екі бастиегі бар 
құралдардың жағдайындағыдай, олар әдетте дербес режимде орнатылады, бірақ құралдың 
тозуына икемделу үшін оларды өндіріс барысында қолмен ретке келтіруге болады (кейбір 
кеулей жону құрал біліктерінің жаңа маркаларын сіздің смартфоныңыздағы қосымшаның 
көмегімен бақылауға болады). Бір құралмен бірнеше диаметрді мен пішінді кесуге болатын 
жону білдегінде бұрғылаудан өзгешелігі, кеулей жону бастиектері бекітіледі, сіз қандай көлемді 
орнатпасаңыз да, ол өңделетін диаметр болып табылады. Егер бірнеше диаметр қажет болса 
немесе материалдың үлкен көлемін алып тастау керек болса, екі немесе одан да көп кеулей 
жону бастиектері қажет болады.
Тауда жүретін велосипедтің мысалына қайта орала отырып, рөл діңгегінің арнасы бөлшектің 
ұзына бойына өтетіні есіңізде ме? Бар-жоғы 0,10 дюйм аралығында оны бұрғылау және кеулей 
жону құралының көмегімен бір жүріп өту қажет. Өкінішке орай, бір бөлігі сізді ұштыққа 
қолжетімді етпейтіндей болып бағдарланған. Осы жағдайда рөлге арналған дайындаманы 
еңкейме айналмалы үстелге бекітіп қойған және оны айналдыра отырып, кез келген үстіңгі 
қабатты өңдеген дұрыс болады. Әйтпесе сізге бірнеше операция орындауға тура келеді. 


201 
12-5-
сурет: 
Екі 
бастиегі 
бар 
ретке 
келтірілетін құрал көмегімен қадамдық 
кеулей жону. Бір ендірмемен алып тастауға 
жататын материалдың жалпы көлемі 
шамамен жартылай қысқаратынына назар 
аударыңыз 
Авторы: BIG KAISER 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет