Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет199/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Интерполяциялауды басу
Көптеген цехтар кеулей жонуды мүлдем қолданбай, тесіктерді интерполяциялауды 
қалайды. Бұл ‒ СББ-ға дейін мүмкін болмаған опреациялардың бірі, бірақ заманауи білдектер 
аса дәл интерполяцияны мүмкін етеді (шын мәнінде, СББ білдектерінің барлық істейтіні
интерполяциялау болып табылады).
Интерполяциялау дегеніміз не? Техникалық тұрғыдан айтқанда, «интерполяциялау» 
білдектің бірнеше білігін бір мезгілде басқару әрекеті болып табылады. Бөлшектің бұрыштық 
элементін сызықтық интерполяциялау құралды бөлшектің бір ұшында позициялау, ал содан 
соң беріліс жылдамдығының пәрменімен бірге «X-Y» аяққы координаттарының пәрмені 
(немесе жону білдегіндегі «X-Z») секілді қарапайым болып келеді. Жұмырланған 
бөлшектердің элементтерін бағдарламалау осыған ұқсас жұмыс істейді, ерекшелігі «G02» 
немесе «G03» пәрмені кез келген радиуспен бірге пайдаланылады («R» бағдарламалау тілі).
Бір ескерту бар, айналмалы интерполяциялау ұштық фрезаның көмегімен 
жасалатындықтан, өте ұзын саңылаулар жасау (бірнеше диаметрден астам тереңдігі бар) 
құралдың ауытқуының салдарынан қиынға түседі. Әрі машина ескі немесе ретке келтірілмеген 
болса, саңылаудың жұмырлығы ойдағыдай болмайды. Дегенмен 0,005 дюймға дейінгі 
дәлдікпен интерполяциялау көптеген кәсіпорындар үшін соншалықты бір «қытай әліппесі» 
емес 
Егер сіз СББ немесе көп мақсатты білдектің орнына көп мәселелі 
жону/фрезерлеу білдегін пайдалансаңыз, тауда жүруге арналған 
велосипедтің көптеген бөлшектері (немесе көлемі мен күрделілігі дәл соған 
ұқсас медициналық немесе аэроғарыштық құрауыштар) бір операциямен-ақ 
жеңіл өңделуі мүмкін.
Көп мәселелі білдек келесі операцияны күтетін, ішінара біткен бөлшектердің топталып 
тұрып қалуын болдырмауға көмектеседі, сізге қажетті қондырғылардың санын азайтады және 
клиенттердің құбылмалы талаптарына (Джейннің талаптарын былай қойғанда) жақсырақ 
бейімделуге мүмкіндік туғызады. Дегенмен көп мәселелі білдектер олардың анағұрлым 
қарапайым екі және үш білікті аналогтарына қарағанда бөлшектерді соншалықты тез 
өндірмейді, ол өндірістің көлемі ұлғайған кезде аса маңызды болып табылады.
ЕСКЕРТУ


202 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет