Қылауларды алып тастаймыз
Фрезерлеу мен қайраудың арасындағы тағы бір маңызды айырмашылық. Жону білдегі
бөлшек пішінін тұтасымен жеңіл тарта алатындықтан, осындай өңдеу кезіндегі қылаулар
мен өткір жиектер мәселе тудырмайды. Бұл әрбір жиегі қалай болмасын қорғалуы тіиіс
фрезерлеу білдегіндегідей емес. Көптеген цехтар үшін ең қарапайым шешім ‒ әрбір жиекті
тіректе орнатылған қажақты шарғымен белдеулей отырып немесе тескіштің көмегімен
қиықжиекті ала отырып, білдек бөлшектерді дайындап жатқан кезде операторға оны қолмен
жасауға мүмкіндік беру.
Әрине, адамдардың қолын босатпаған жақсы. Сондай-ақ, оператордың өз бөлшегі үшін
жауап бергені дұрыс, бұл көбіне жөнелтуге дайын өнім өндірісін білдіреді. Дегенмен
қылауларды қолмен алып тастау бірнеше себептерге байланысты дәстүрлі техника болып
табылады. Оның ішіндегі ең бастысы болжамсыз үдеріс болып табылады, дәл осылайша
дөңгелекке қатты басып жіберген тым ыждаһатты оператордың арқасында бөлшектер
партиясы үйілген металл сынығына айналған жағдайлар аз емес. Осындай зеріктіретін
жұмысқа роботты жалдаған дұрыс, ал машинист одан да анағұрлым өнімді басқа нәрсемен
айналыссын, мысалы, келесі жұмысқа дайындалсын немесе өндірістік үдерістерді жақсарту
тәсілдерін тапсын.
Егер сіз әлі де қылауларды алып тастауды «Си-три-пи-о»-ға тапсыруға дайын
болмасаңыз («Жұлдызды соғыстар» атты ойдан шығарылған ғаламның роботтары), бәлкім,
жиектерді жұмырлау немесе бөлшек әлі білдекте болған кезде оны тегістеп алу үшін
қиықжиектерді алып тастауға арналған арнайы құралды бағдарламалағыңыз келетін болар,
алайда бұл құралдың жүзі өтпей қалған кезде өз алдына қылаулардың пайда болуына алып
келуі мүмкін. Бұл сонымен қатар көп уақыт алады, бағдарламалау мен баптаудың қосымша
уақытын талап етеді. Көбіне олар соншалықты маңызды емес, бірақ қылауларды алып
тастаудың басқа кейбір баламаларына көз салған жөн шығар.
Достарыңызбен бөлісу: |