Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет205/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

 
Икемділікке сапар 
 
ИӨМ артықшылықтарының бірі ‒ оның аз қозғалыспен көбірек операциялар жасау 
қабілетінде. Оған ұқсас, бірақ көбіне анағұрлым арзандау баламасы икемді 
автоматтандырылған өндіріс болып табылады. Бір-екі көп мақсатты білдекті, жону білдегін 
және бірнеше қиықжиек түсіргішті шеңбер етіп бірге жинаңыз, операторды немесе роботты 
ортасына орналастырыңыз және «кірісте шикізат, шығыста дайын өнім» делінетін білдек 
жұмыстарының парадигмасына сәйкес бөлшектерді бір мезгілде бірнеше операциялардан 
өткізіңіз. 
Бір модуль бір дегенде бір бөлшекті айлап немесе жылдап жасайтын осы тәсілді ірі 
топтамалы өндіріс кәсіпорындары ұзақ уақыт ұстанып келді. Осы жағдайда бір сүмбі 
екіншісінің босауын күтіп тұрып қалған кезде уақыт көлемін барынша азайтып, барлық модуль 
бойынша операцияларды теңестіру маңызды (әрбір операцияның шамамен бірдей ұзақтығы 
болуына қол жеткізе отырып). Дегенмен тез әрекет ететін немесе кем дегенде ойластырылып 
бекітілген өнімнің дұрыс түржинағымен қоса көлемі шағын және операциялар арасындағы 
ауыстырудың уақыты аз болатындай етіп бір шөкім бөлшекті өндіру үшін бір модуль 
пайдаланылады.
Егер сізге, шынында да, миллиондаған бөлшектер өндіру қажет болса және сізді баптау 
үшін қажет болатын ұзақ уақыт (әңгіме күндер немесе апталар туралы болып жатыр) пен 
арнайы құрал алаңдатпаса, онда сіз үшін дұрыс шешім автоматты білдек желісі немесе 
бөлгіш-айналмалы үстелі бар агрегатты білдек болып табылады. Автокөлік конвейері секілді 
қағидаларға сүйене отырып, бөлшектер автоматты түрде білдектен білдекке берілген 
жылдамдықпен ауысады (көбіне бөлгіш-айналмалы үстелі бар агрегатты білдек ретінде 
белгілі айналма тәсілмен). Мұндай модульдер арзан тұрмайды және шығынды өтеу үшін 
сөзсіз өндірістің үлкен көлемін (миллиондаған) қажет етеді, алайда сіз қаламсап шығаратын 
фабрика ашып жатсаңыз немесе гидравликалы фитинг сатумен айналысқыңыз келсе, онда 
білдектің осы түрі ең қажеті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет