Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет210/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Тербелісті басу 
Ақылды құралдарды жасаудың тағы бір мысалы тербеліс пен шуды басу саласына 
қатысты. Жұқа қабырғалы алюминийден жасалған үлкен құрауышты өңдеу кезіндегі шиқылды 
естіген кез келген адамнан сұрасаңыз болады, тербеліс ешкімге де жағымды әсер бермейді. 
Ол өңделетін үстіңгі қабаттарында толқынды дірілді туындатып, кесетін құралдарды 
зақымдайды және цехтағылардың барлығын құлақ тығынын іздеп жүгіріп кетуге мәжбүр етеді.
Кесетін құралдарды өндірушілер жонғыш шыбықтарды және басқа да ұзын өлшемді 
кесетін құралдардағы тербелісті басу үшін көп күш жұмсады. Құралдың ең ұшындағы 
тербеліске қарсы күрделі механизмдермен қатар кейбір өндірушілер ішіне кесу жағдайын 
бақылау мен мобильді қондырғыдағы тиісті басқару қосымшаларына сымсыз байланыс 
арқылы ақпарат жолдау қабілетіне ие электронды құралдарды орнатады. Кейбір жағдайларда 
тура сол құралдар бөлшекті өлшеу және ретке келтіру бұрандасын ширек айналымға бұрау
үшін машинаны тоқтатпай-ақ дәл сол қосымшамен қашықтықтан бапталуы мүмкін. Егер 
тербелісті туындататын бүкпелер оларды іске қосқанға дейін қалдырылатын болса ше? 
Шешімдерді жеткізушілердің кем дегенде біреуі білдектің, құрал ұстағыштың және кесетін 
құралдың жиілігін бірге біртұтас жүйе ретінде талдайтын, ал содан соң осы құралдар 
біртұтастық ретінде ең оңтайлы көрсеткіштер беретін «қақ ортаны» көрсететін технологияны 
жасау арқылы осы мәселені шешіп қойған (13-4-суретті қараңыз). Осы тәсіл жүйкеге тиетін 
тербелісті басып қана қоймай, сондай-ақ құралдың жарамдылық мерзімін арттырады және 
бұрын қолжетімсіз болған беріліс жылдамдығы мен сүмбінің жылдамдығын қамтамасыз етеді.


212 
13-4-
сурет: Білдекті, құрал ұстағышты 
және кесетін құралды «тықылдатып
тексеру» тербелістің азаюына және 
құралдың жарамдылық мерзімін 
арттыратын сүмбінің тербелістің ең аз 
деңгейін туындататын жылдамдығын 
анықтайды.
« BlueSwarf» рұқсатымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет