Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет215/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Беріліс режимдері 
Мұны түсіну оңайырақ. Фреза айналым/мин ұсынылған жылдамдығымен айналып 
жатқан кезде (немесе дайындама тұрақты жону құралына қатысты айналғанда) олардың 
ЕСКЕРТУ


220 
әрқайсысы да айналады, ортасын жарып өтеді немесе берілістің берілген жылдамдығымен 
дайындамаға кептеледі.
Мұнда көп мақсатты білдектер қарапайымдылығының арқасында тағы да марапатқа ие 
болады, оларға қалаулы жылдамдықпен минутына қанша дюймға дейін немесе миллиметрге 
дейін қозғалу туралы пәрмен берсеңіз болғаны, машина берілістің сол жылдамдығына қол 
жеткізу үшін тіпті тар бұрыштар арқылы өткен кезде де мүмкін нәрсенің бәрін жасайды.
Әрине, бұл мән басқа да есептеу арқылы анықталады, тістегі ұсынылған кесу күші x 
тістердің саны x сүмбі айналуының жиілігі. 0,005 дюмдық төрт саңылаулы ұштық фрезада
«кесу күшінің» мәні 2000 айналым/мин, беріліс жылдамдығы бірқалыпты және минутына 40 
дюймды құрайды. Айналым санын 4000-ға дейін көтеріңіз, егер сіз кесудің осы күшін сақтап 
тұрғыңыз келсе, онда беріліс жылдамдығын екі есе арттыру қажет болады.
Дәл солай, жону білдектері «G98» (бір реттік беріліс жылдамдығы) немесе «G99» 
режимінде (бір айналымдағы беріліс жылдамдығы) жұмыс істей алады. Соңғы режим әдетте 
үнсіз келісім бойынша тұрады және сіз «G98»-ді тек шыбықтарды беру кезінде ғана 
қолданасыз (себебі сүмбі немесе жону құралы тым баяу қозғалады). Қаралтым жону құралын 
0,012 дюмдық айналымға жүктегіңіз келеді ме? Ол оңай, білдекті «F.012» және «G99» 
пәрмендерімен беріліс режиміне (G01) ауыстырыңыз (бұл ‒ модальдық режим, сондықтан 
оны бір рет қана беруіңіз қажет). Жону құралдарында бір ғана кесетін жиек болғандықтан, 
әрбір тіске жоңқаның көп саны келе бермейді.
Кесу тереңдігі 
Кесу тереңдігі (қысқартылған түрі КТ) кесу өлшемдерінің үшінші қасиеті болып 
табылады. Оны құрал «қандай ең көп қармап алуды» ала алатыны ретінде қабылдаңыз. Жону 
білдегінде кесу тереңдігі (depth of cut, DOC) радиалды тұрғыдан өлшенеді, 0,125 дюмдік 
қаралтым өңдеумен жүріп өту толығымен құрал қозғалысының бағдарламаланған
траекториясымен анықталатын материалдың әр жағынан сіздің 1/8 дюймнан алатыңызды
білдіреді (немесе егер қаралтым өңдеу қайталымы пайдаланылатын болса, «G71» және оның 
«D» немесе «U» сөздері).
Көп мақсатты білдекте өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ӨБАЖ)
(және оның операторы) кесудің тереңдігін, кезеңін анықтайды. Алайда кесудің тереңдігі бұл 
тұста қос мағынаға ие, себебі ол біліктік (ұштық фрезаның ұзына бойымен) және радиалдық
(оның диаметрі бойынша) бағытымен өлшенеді. Мысалы, 3/8 дюймдық қатты қорытпалы 
ұштық фрезаны пайдалана отырып, сіз 1 дюйм болатын кесетін құралды ұзына бойына 
«батырып», шамалы радиалды кесу тереңдігін аласыз (олар айналмалы әдіспен орындалған 
болса, құрал қозғалысының трохоидалды траекториясы ретінде белгілі) немесе сіз кесудің 
үлкен радиалды тереңдігін пайдаланып, біршама жеңіл біліктік КТ пайдаланып, «төмен 
кеткен» болар едіңіз (бағдарламашылардың көбі осы әдіснаманы ескірген деп есептейді).
Кесу тереңдігі ‒ жекелеген өлшем, себебі сіз бағдарламашы ретінде қандай 
мән беруді шешкеніңізбен (немесе қолмен басқарылатын білдек операторы 
ретінде), оның беріліс жылдамдығының және минут ішіндегі айналымдардың 
арасында математикалық байланыс болмайды. Осылайша, кесу 
тереңдігінің үлкен мәндері берілістің анағұрлым төмен жылдамдығын және 
аздап баяулау айналымын талап етуі мүмкін екенін, ал осы орайда кесудің 
шамалы тереңдігі кесу қуатының төмендеуіне қарай қатқылдау өлшемдерге 
рұқсат беретінін мойындаған маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет