Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет220/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Білдектерге күтім жасау 
Біз техникалық қызмет көрсету туралы айтып жатқан кезде металл кесетін білдектер 
туралы ұмытып кетпеңіз. Мен таза мінбеде тұрып, көп уақытымды дұрыс ұйымдастырылған 
механикалық цехтар туралы ғана емес, сондай-ақ технологиялық сенімділікпен қатар 
жарамдылық мерзімін де ұзартатын, құны 100, 000 $ + тұратын көп мақсатты және СББ жону 
білдектерін техникалық бақылаудың бірізді жоспары туралы айтумен өткіздім. Сүзгіштерді 
тазалаңыз, майды (майлағышты) толықтырыңыз және гидравликалық сұйықтықты өндірушінің 
нұсқаулықтарына сәйкес ауыстырыңыз (14-3-суретті қараңыз). Жыл сайын шарлы өлшеу 
ұштығының (білдектің дәлдігін тексеру) немесе лазерлік өлшеу құралының көмегімен тексеру 
үшін дистрибьютерді не қызмет көрсету орталығының өзге уәкілетті тұлғасын шақырып 
тұрыңыз. Үйіңізге кешкі ас ішу үшін қайтпастан бұрын тозған нығыздауыштар мен сырғанақ 
қақпақтарды үнемі тексеріп, ауыстырып отырыңыз. Әрі, өтінемін, күн сайын білдектерді 
сүртіңіз, жоңқа жинағышты тазалаңыз (сізде болуы тиіс жоңқаны алып тастауға арналған 
конвейер болмаған жағдайда).


224 
14-3-
сурет: Заманауи білдектер өте 
күрделі, бірақ өте дәл әрі қымбат келеді. 
Оларға тиісті күтім көрсетсеңіз, ұзақ 
қызмет етумен және бөлшектерді жасау 
кезіндегі 
болжалдықпен 
марапатталасыз. 
 
 Америка Корп. (-Okuma America Corp.)» рұқсатымен


225 
Айналмалы сәт 
Сіз көлігіңіздің дөңгелектерін сәйкестеу үшін оны ТҚС-ға кіргізген кезде механик 
сомындарды құрал өндірушінің спецификацияларына сәйкес тартады. Дәл сол тәртіп 
бастиектің төсемесін, майлы тұғырықты және су сорғысын алмастыру кезінде де сақталады. 
Осындай ерекшеліктердің сақталуы автодаңғылда жылдамдықтың бекітілген шектеуімен келе 
жатқаныңызда кездейсоқ тұрып қалудың алдын алады. Білдекті пайдалану ережелерінің де 
ешқандай айырмашылығы жоқ.
Егер сіздің цехыңызда дайындамаларды бекітудің пневматикалық немесе 
гидравликалық жүйелері пайдаланылмайтын болса (пайдалануға табанды түрде ұсынылатын 
тағы бір нәрсе), барлық қолданылатын атауыздарды, саймандар мен қысқыштарды 
бастапқы баптауда пайдаланылған мәніне дейін динамометрлік кілтпен тарту қажет. Бұл 
бөлшектердің үйлесімділігін арттырады, оператордың шаршауын азайтады және бөлшектер 
ойламаған жерден атауыздан шығып кетіп, бастығыңыздың басының жанынан ұшып өткендегі 
болатын масқараны (ондай да болып тұрады) болдырмауға көмектеседі.
Дайындамаларды бекітумен тоқтамаңыз. Құрал ұстағыштар да сәйкесінше бекітілуі тиіс. 
Фреза ұстағыштардың, фрезерлік және цангалық патрондардың, бекіткіш саптамалардың 
барлығының бұрандасы бар болса, онда оларды динамометрикалық кілтпен тартқан жөн. 
Айналмалы ендірмелерді ұстап тұратын кішкентай бұрамалардың өзі (әсіресе солар) 
өндірушінің нұсқаулықтарына сәйкес тартылған болуы тиіс. Осы бір ұсақ-түйек қайталанбалы 
үдерістер тұрғысынан алғанда әлемді өзгертпек (қауіпсіздікті былай қойғанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   216   217   218   219   220   221   222   223   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет