230
машиналар туралы емес, өзін-өзі басқарудың шанышқылы жүк тиегіштері
туралы ойланып көріңіз.
Мысалы, білдек құралдарының көбі сіз өткен аптада
фойеде орнатқан ғаламторға
шығатын қауіпсіздік камерасына қарағанда анағұрлым ақылды. Олар білдектің қызмет етуіне
әсер ететін сүмбінің температурасын, тербелісті, кесу қуатын, қозғалтқышқа түсетін күшті
және басқа да көптеген электромеханикалық әрі физикалық сипаттамаларды бақылау
қабілетіне ие, ал содан соң осы туралы бірнеше миль қашықтықтағы
қара техноәміршісіне
мәлімдейді.
Мүлдем олай емес, бірақ олар дегенмен де бағдарламалық жасақтаманың
қашықтықтағы жүйесіне маңызды ақпаратты бере алады, ол өз кезегінде оны талдап, соны
білгісі келген адамға бір жерде не болып жатқанын көрсетеді. Бұл анағұрлым тиімді өңдеу
үшін траекторияларды баптай алатын СББ бағдарламашысы болуы мүмкін. Бұл
мойынтірекпен немесе жылжыма бөлшектермен туындаған мәселені білуі тиіс техникалық
қызмет көрсету бойынша маман болуы мүмкін. Бұл қандай жұмыстың жасалғанын және оның
неліктен залал тудырғанын білгісі келетін компанияның есепшісі болуы мүмкін немесе бұл
жабдық тұрып қалған кезде анау адамның жұмыс орнына қайтып оралуы үшін ескерту жасауы
тиіс цехтың менеджері болуы да мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: