231
15-1-
сурет: «Бұлт» орталығыда
осындай мыңдаған мәліметтерді
өңдеу орталықтары бар.Олар
жұмыс күшінің артықтығы мен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны
бақылауды қамтамасыз етеді
және қайсыбір деңгейде дүлей
апаттан қорғалған әрі тәулік
бойы жаңа құралдармен және
технологиялармен қаруланған
білікті ІТ-мамандарын тартуға
септігін тигізеді
4.0. Өндірістік төңкеріс орындығының үшінші тіреуі бар. Ол киберфизикалық
жүйе КФЖ (cyber-physical system, CPS) деп аталады. Егер сіз «Терминатор»
туралы фильмдердің
бірін көрген болсаңыз, онда қазір басыңызды изеп
отырған боларсыз. «CPS» дегеніміз ‒ «IoT» арқасында мүмкін болған орасан
зор мәліметтердің негізінде шешім қабылдау мүмкіндігіне ие «ақылды
машиналар». Бұл Сара Коннор мен оның ұлы үшін жарамады, алайда ол бар-
жоғы фильм, зауыттарымыздан шыққан роботтар бізге қарсы тұрып,
адамзатты жоюға жиналып жатпағанын бәріміз де білеміз. Солай емес пе?
Бұлтты есептеулер өндірісте үлкен рөл атқара бастады. Оған мысалдың бірі ‒ «Өңдеу
бұлты» (
www.machiningcloud.com
), өздерінің пайдаланушыларына
өнімдер туралы
электронды мәліметтер ұсыну үшін кесетін құралдарды, бекіткіштер мен құрал
ұстағыштардың жетекші өндірушілерін біріктірген компания болып табылады. Енді қағаз
каталогтардан өлшемдерді іздеу қажет емес. Енді «CAD» жүйесінде
көшіріп салу мен
модельдеу қажет болмайды. Сіз пайдаланатын өнімдер қолжетімді деп болжай отырып
(немесе олардың көпшілігі) веб-парақшаға немесе планшетке арналған қосымшаға кіріңіз
және сәйкес файлдарды жүктеуді бастаңыз.
Бұл үшін «Өңдеу бұлты» жалғыз платформа емес. Кем дегенде оның бірнеше серіктесі
(сондай-ақ «Өңдеу бұлтына» кіруден бас тартқан бір немесе екі серіктес) өз шешімдерін
жасап шығарған. Алайда сіздің таңдаған жолыңыз қандай болса да, осы платформалардың
барлығы біраз уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі.
Одан да маңыздысы, өңдеу
құрауыштарының жүктелетін электронды модельдері кескіштің өлшемін кездейсоқ қате
таңдауды немесе жағымсыз салдары болуы мүмкін құрал ұстағыштың дұрыс жиналмауын
болдырмайды.
Алайда мұнымен іс әлі біткен жоқ. Сіз құралдардың осы модельдерін пайдаланатын
Автоматтандырылған жобалау және өндірісті технологиялық дайындау жүйесі
АЖӨ-ТДЖ
(Сomputer-Aided Design/Computer-Aided Manufacturing, CAD/CAM) де осы бұлтта болуы
мүмкін. Бағдарламалық жасақтама жеткізушілердің көпшілігі клиенттеріне аса көп
инвестициясыз пайдалану икемділігі мен
қарапайымдылығын ұсына отырып, жақын араға
дейін қандай да бір басқа бағдарламалық жүйеге байланған өз өнімдерін «бұлтта»
орналастыруда.
ЕСКЕРТУ
232
Осы провайдерлердің көпшілігі үшін бұл шынайы жағдайда төлеу (яғни, жазылу
бойынша) жергілікті серверлердің қажеттілігін, бағдарламалық жасақтаманың жаңартылуын
немесе машинаны «асырау» үшін ІТ мамандары тобының қажеттілігін алып тастайтын шешім
болып табылады. Тек қана тіркеліңіз әрі содан соң алға. Бәлкім, дұрысы күндізгі бастаған
жұмысты үйге (о, Құдайым) немесе іссапардағы персонал туралы айтар болсақ, онда қонақ
үйге алып кету болар.
Керек болатын нәрсе, бар болғаны Ғаламторға және компьютерге
немесе зияткерлік қондырғыға қосылу. Міне, бұлт осыны ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: