Әлемді жеңілдете отырып
Мен осы тарауда табиғатты сақтайтын технологиялар туралы айтқан болатынмын.
Үдерістерді жеңілдету оның ажырамас бөлігі болып табылады. Соңғы екі жылда жағармайдың
бағасы айтарлықтай төмен болды, дегенмен бәрі де оның бір сәттерде бұрынғы деңгейіне
қайта оралатынын, бәлкім, өзінікін қуып жететінін біледі. Бұған ғаламдық жылуға, ауаның
ластануына және гидравликалық жолмен қойнауқаттауды үзу мен суасты бұрғылау арқылы
тақтатас газын алу технологиясының қоршаған ортаға тигізетін әсеріне байланысты
алаңдаушылықты қосыңыз, ал бұл бір нәрсені білдіреді, ұшақтар, пойыздар мен автокөліктер
жеңілірек болуы тиіс және жағармай шығынына қатысты оңтайландырылуы тиіс.
Механикалық цехтар әдеттегідей бәрін жеңілдету бойынша қозғалысқа тікелей үлес
қоспайды, алайда олар өздерінің ықпалы барын айқын сезеді әрі көбіне осы ықпал жақсы
жағынан емес. Рас, жеңілірек автокөліктер өңдеуге жеңіл (иә!) алюминийден жасалған көбірек
бөлшектерді пайдаланады, бірақ олар сондай-ақ болат пен темірден де жасалған көптеген
бөлшектерді пайдаланады.
Тоқтай тұрыңыз! Айтарлықтай қатты металдар, екі фазалық болат немесе тығыз
темірграфитті материал автокөлікті қалайша жеңіл етеді? Олар өздерінің дәстүрлі
аналогтарына қарағанда көлемі жағынан беріктеу болғандықтан, азырақ материалды
пайдалануға болады. Тура соған ұқсас нәтижені көміртекті талшықтар негізінде қажақты
композициялық материалдар қолданатын тұстардағы аэроғарыштық өндірісте, сондай-ақ
кәдімгі аэроғарыштық құраушылар ‒ титан мен инконельден сезінуге болады. Барлық
аталғандарды өңдеу қиынға соғады. Осыған үш өлшемді баспасы бар күн сайын артып келе
жатқан, көбі механикалық өңдеудің қосымша операцияларын талап ететін, бірақ әдеттегідей
күрделі пішіндері мен кейде осал құрылымына байланысты ұстап тұру қиынға соғатын
металдан жасалған аэроғарыштық бөлшектерді қосыңыз. Нәтижесі қалай болмақ?
Механикалық өңдеу тек қиындай түседі, ал осы орайда машиналар мен ұшақтар жеңілдей
түспек.
Егер сіз қашан болмасын қайынатаңыздың туған күнінде оны таңғалдырмақ
болып, балық аулайтын қайығының планширіне әмбебап шыны талшықтан
жасалынған «Биг Джон» (Big Jon) қармақ ұстағышты орнатып көруге
тырысқан болсаңыз, онда бұрғыланған саңылаулардың көп ұзамай
шытынағанын және жарылып кеткенін әрі осыған бола қайынатаңыздың
ұнжырғасы әжептеуір түскенін көре алсаңыз, ал сіз алдағы болатын алабұға
аулау маусымында көлге шақыру туралы уайымдай бастасаңыз, онда сізге
қабаттарға бөлінудің не екені белгілі. Бұл ‒ аэроғарыштық өндіріс
жұмыскерлері өзінің құрамы бойынша шыныталшыққа ұқсас, көміртекті
талшықпен арқауланған пластикті (carbon fiber reinforced plastic, CFRP) өңдеу
барысында тап болатын бас тартудың негізгі режимдерінің бірі. Осы өкінішке
толы әңгімеден туындайтыны, балық аулау қайығында немесе
коммерциялық ұшақтарда саңылау жасайтын кез келген адам осы үшін
арнайы жасалған қажақты, бірақ жеңіл салмағына қарай барынша танымал
болып келе жатқан құралдың арнайы түрін пайдалануы тиіс.
ЕСКЕРТУ
235
Достарыңызбен бөлісу: |