Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет23/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Сүмбінің уақыты келді 
Қыш доңғалақтары. Ас үй сөресіндегі миксер. Сіздің гольфке арналған көлігіңіздің 
дөңгелектері кадиллактың клоны болып табылады. Олардың әрқайсысы бір немесе одан көп 
айналмалы сүмбілермен жабдықталған. Сонымен, Сіз соңғы үлгідегі гүл құмырасын 
жасасаңыз да немесе жаңа піскен шоколад піспенанының сыбағасын әзірлесеңіз де, істі 
сүмбілер атқарады, оларсыз ісіңіз айтарлықтай бейнетті болар еді. Сіздің гольфке арналған 
көлігіңізге келетін болсақ, 18-шұңқырға жаяу барған болар едіңіз.


29 
Қорыта келгенде, айналдырғы қыспағы ретінде танымал металл қораптың ішіндегі 
мойынтіректердің, белбеулер мен қозғалтқыштарды қоса алғанда түрлі құрауыштардан 
тұратын білдектен айырмашылығы жоқ. Жону білдегі мен фрезер білдегінде қолданылатын 
айналдырғы қыспақтарының қызметтері өзара ұқсас (екеуі де айналады) болғанымен
айтарлықтай айырмашылықтары да бар: 
» Жону білдегінің әдеттегі айналдырғы қыспағы шетінде бірқатар мойынтіректермен 
және орта тұсында бірқатар белбеулермен қоршалған қуыс түтік болып табылады. Олар 
көлігіңіздегі желдеткіштің белбеуі секілді, сүмбінің айналасымен төмендегі қозғалтқышқа өтеді. 
Сүмбінің шетінен орнатылған қондырғыны көре аласыз, әдетте олардың қысқа орнату конусы 
мен бұрандамаға арналған тесіктері болады. Білдектің көлеміне қарай ол A2-5 немесе A2-6 
сүмбі шүмегі болуы мүмкін, бірақ кейбір жону білдектерінің жайпақ жұдырықшалы бекінісі 
немесе бұрандалы шүмегі болуы мүмкін.
»Жону білдегіңіздің пішіні қандай болғанына қарамастан оның сүмбі шүмегі патронды 
немесе серіппелі механизмді орнатуды қамтамасыз етеді. Көптеген сүмбілердің ішінде жайпақ 
қуыс түтік болатындықтан, көбіне «шыбықша» деп аталатын дайындама материалын сүмбі 
арқылы қысқыш механизмге өткізе аласыз. Ол серіппелі беріліспен жону білдегі деп аталады, 
дегенмен білдекті «патрон» ретінде қолдануыңызға да кедергі жоқ, бұл дайындаманы 
патронда қысуыңызға немесе оны сусын ыдысының сауытына, не күлсауытқа оңай 
айналдыруға болады деген сөз.
» Фрезер білдегіндегі немесе көп мақсатты білдектегі сүмбі дайындаманы емес, кесетін 
құралды қармап алатындықтан, көптеген жону білдектеріндегі жайпақ түтіктердің 
қондырғылары «тартпа қарнағына» алмастырылған. Атауынан көрінетіндей, ол ұстағышты 
сүмбіге «қармап алу» үшін механикалық тістер жиынтығын немесе ұқсас қармап алу 
механизмін қолданады.
Көптеген жағдайларда ол құрал ұстағыштың сәйкес келетін конустық бөлігін нақты 
беретін, фрезер білдегі сүмбісінің тесіктерінің беті дәлдікпен ажарланған ішкі конус болып 
келеді ‒ баланың қолына ұсталынған (сүмбі) балмұздақ конусын (құрал ұстағыш) салыңыз. 
Соңғы бірнеше онжылдықта СББ өңдеу білдектерінің нарығында CAT және BT нышанындағы 
құрал ұстағыштар басым болып отыр. Толығырақ ақпарат алу үшін 7-бөлімді қараңыз.
Менімен бірге аздап кідіре тұрыңыз. Көптеген білдектер қысқыш патронның 
немесе басқа құрылғының жұмыс орнында бекіту үшін алдыңғы айналдырғы 
қыспағының оң жағында орналасқанын білдіретін «оң жақты» болып келеді 
(қыспағының өзі шын мәнінде білдектің сол жағында болса да). Егер сіз оңқай 
болсаңыз, онда дайындаманы жүктеу немесе өлшеу үшін алудан қиындық 
көрмейсіз. Дегенмен, көптеген Швейцариялық нышандағы және сағат 
жасайтын білдектерде (бұл туралы толығырақ 2-бөлімде) жағдай тура 
қарама-қарсы өңделетін бөлшектердің қысатын қондырғысы (көбіне 
«бағыттауыш төлке» деп аталатын) білдектің оң жағындағы айналдырғы
қыспағының сол жағында орналасқан. Шатастыңыз ба? Уайымдамаңыз
мұның бәрін білдектің алдында тұрған кезде түсінетін боласыз. Әзірше, оқуды 
жалғастыра беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет