Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу



Pdf көрінісі
бет42/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Сырғанау
Жону білдектері туралы қанша талқыласақ та, СББ білдектерін айтпасақ, ол толық 
болмайды (2-6-суретті қараңыз). Материалды қармап алу үшін жону білдектері патронды 
немесе серіппелі механизмді пайдаланатын тұста, СББ білдектері де материалды 
сүйемелдеуге арналған бағыттауыш төлкені пайдаланады. Шыбықты дайындама (СББ білдегі 
үнемі шыбықты қоректендіргіш) патронмен қармап алынады, содан соң тікелей бағыттауыш 
төлкенің алдында орналасқан айналдырғыш құралмен түйісу үшін төлке арқылы итеріледі. 
Міне, сондықтан сіз СББ білдектерін «жылжымалы айналдырмалы қыспақ білдектері» ретінде 
сипаттағанды жиі естисіз.


46 
2-6-
сурет: СББ 
білдектері 
медициналық 
қондырғылар мен 
электрондық салаға 
қосылған маңызды 
үлес болып табылады 
және шағын аса 
күрделі бөлшектерді 
бір операциямен өндіру 
мүмкіндігіне ие 
«Сандвик Коромант (Sandvik Coromant)» рұқсатымен 
Қалай деп атасаңыз да, СББ білдектері өте ұзын және жұқа бөлшектер өндіре алады. 
Дәстүрлі жону білдектеріне артқы басша және осы дайындамаларды ұстау үшін
жылжымайтын сүйеніш қажет болған кезде СББ білдектері мұндай қондырғыларды қажет 
етпейді, бөлшектерді тікелей бағыттауыш төлкеден жаншып шығарады. Міне, сондықтан СББ 
білдектерін сүйек бұрамалары мен бағыттауыш істікті әзірлеу үшін СББ білдектерін 
қолданатын медициналық өндірушілер; реттегендер мен мөлшерлеуіш құрауыштарды әзірлеу 
үшін гидравликалық компаниялар; және электр істіктері мен түйісулер үшін электроника 
өндірушілер секілді көптеген өндіріс салалары қолданады.
Бүгінгі таңда көптеген СББ білдектері бірнеше сүмбілерімен, сырғытпаларымен және 
айналғыш қалпақшаларымен, ондаған құралдарымен әрі мықты фрезерлік мүмкіндіктерімен 
күрделі операциялар болып табылады. Олар шағын бөлшектермен шектелген ‒ шын мәнінде 
үлкен СББ білдегі диаметрі 42 мм-ден (1.65 дюйм) аспайтын шыбықты дайындаманы 
қабылдайды және СББ білдектерінің басым көпшілігі 16-дан 20 мм-ге дейінгі (0,629-дан 0,787 
дюймға дейін) аралықта болады. СББ білдектерінің артып келе жатқан саны 
«айырбасталатын» болып келеді, бұл бағыттауыш төлкені алып тастауға немесе әдетте «тек 
шыбықты материал» білдегі болып табылатын білдекті патронды өңдеуге айналдыру 
мүмкіндігіне ие кәдуілгі патронмен немесе серіппелі механизммен алмастыруға болатынын 
білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет