Жаңадан бастаушыларға арналған механикалық ӨҢдеу


Барлық ЭЖӨ-дің арғы аталары: электржелілік көшірмелі-тескіш білдек



Pdf көрінісі
бет47/246
Дата04.10.2023
өлшемі6.75 Mb.
#479844
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   246
Білдектерді автоматтандыру

Барлық ЭЖӨ-дің арғы аталары: электржелілік көшірмелі-тескіш білдек 
Піспек, резонатор және кәдуілгі EDM ретінде танымал (3-1-суретті қараңыз) электржелілік 
көшірмелі-тескіш білдектер дайындаманың қалаулы пішінін айнадай бейнелеу үшін алдын ала 
өңделген электродты қолданады. Бұл дағыдылы тәсілмен жасауға келмейтін ‒ мысалы, тік 
бұрышты ішкі бұрыштарды немесе кесетін құрал үшін тым кішкентай, не терең титтей 
қуыстарды қысыммен құю қалыбы, калибрлік қалыптама және күрделі пішіндер үшін 
жырашықтарды өңдеудің таптырмас тәсілі болып табылады. 
ТЕХНИКАЛЫҚ 
АҚПАРАТ


51 
3-1-
сурет: Графиттік 
EDM электрод алюминий 
қалыптың қуыстарын 
өңдеу үшін қолданылады 
Барлық EDM үшін ортақ жоғары жиілікті ұшқын ағынымен қатар электржелілік көшірмелі-
тескіш білдектерде металды алып тастау үшін «орбитамен жүргізу» қолданылады. Осы 
жағдайда жоғары-төмен қайтымды ілгерілеме қозғалыстың көмегімен дайындамаға шомады, 
ал содан соң қуыстың пішінін келтіру үшін көбіне бір мезгілде бірнеше біліктердің бойымен 
қозғалады. Ол кірекесудің көлемін барынша жақсы бақылауды қамтамасыз етеді және 
қарапайым электродтардың өзінің күрделі пішіндерді жасауына мүмкіндік туғызады.
Электржелілік ойынды білдек (ЭЭОБ)WEDM: оны таспалы ара деп атамаңыз 
Мен әлі таспалы аралар туралы айтқан жоқпын (олар жақын арада пайда болады), бірақ 
желілік EDM-ның (WEDM) солармен ұқсастығы бар (3-2-суретті қараңыз). Олардың екеуі де 
бөлшектің пішінін қадағалауға арналған екі бағыттауыштың арасында ұсталып тұратын 
үздіксіз қозғалыстағы икемді металл кесегін қолданады. Олардың екеуі де кез келген отыншы 
білетіндей, балтаның жүзі ағаштың ортасынан өткенде қалатын саңылау секілді тар 
«аралауды» жүзеге асырады. Желілік EDM осы бәйгеде шүбәсіз жеңіске жететініне 
қарамастан олардың екеуі де күрделі пішіндерді жасай алады.
WEDM бірқатар бұралаң дөңгелектер мен аунақшалар арқылы, электрлік түйісу арқылы,
сақиналы немесе V-тәріздес бағыттауыш арқылы, дайындама арқылы қарама-қарсы түйісу 
нүктесі арқылы келесі жақтағы басқа бағыттауыштар топтамасына және одан ары қоқыс 
себетіне немесе жұмсалған электродты жоюға арналған орау шанағына өтетін жұмсалатын 
сымның шарғысы-электродты пайдаланады. Мен EDM күрделі деп айттым емес пе? 


52 
3-2-
сурет: Жезден немесе 
вольфрамнан жасалған сым 
кез келген пішінді, керек 
десеңіз шыңдалған болатты 
бір футқа немесе одан да 
тереңірек кесу үшін 
қолданылады 
WEDM-
ның басты қызметі қалыптама және матрица жасау болып табылады, бірақ ол 
сондай-ақ түрлі жіктерді, жырашықтарды, саңылауларды және кез келген бұрыс пішіндердің 
элементтерін, орташа бөлшектерден бастап тісті доңғалақтар мен газ турбиналарының 
қалақшаларына дейін жасау үшін пайдаланылады. Барлық электрожелілік өңдеу үдерістері 
секілді сымды электрожелілік өңдеудің де бір жақсысы оның аса қатты материалдарды оңай 
кесу мүмкіндігінде болып табылады.
Ол сондай-ақ +/- 0,0001 дюйм (0,002 мм) немесе одан да көп шақтаманы көтере алатын 
аса дәл болады, ал бетінің өңделуі мәтелге айналып кеткен «баланың табанынан» да жұмсақ. 
Ал «EDM жүгірмелі сымымен» қолданылатын электрод тым жіңішке болғандықтан ( алу және 
беру кезінде 0,008 дюйм шамасында) материал қалдықтары да өте аз шығады. Заманауи 
өнер туындыларының көрмесіндегіге қарағанда жатықтау етіп ие алатындықтан, 45 градус 
немесе сол шамасында конустарды жасауға болады.
WEDM-
ның мықты мүмкіндіктеріне қарамастан қалай болғанда да басқа 
механикалық өңдеу үдерістерімен салыстырғанда ол соншалықты жылдам 
емес. Алғаш рет пайда болғанында WEDM сағатына 1 дюйм «шаршы» 
жылдамдықпен металды үшкірлейтін, бұл оның сағатына қалыңдығы 1 дюйм 
болат шығырдың бар-жоғы бір дюймын ғана жүріп өтетінін білдіреді. Бүгінгі 
таңда осы жылдамдық асқан дәлдікпен шамамен бір шаршыға 25 дюймға 
дейін артты (қалыңдығы 1 дюйм материалда 25 дюйм). Бір жақсысы, WEDM-
ның қазіргі кезде болжамдылығы соншалықты, машинаны қарап тұру үшін 
ешкімнің қажеті жоқ (ең жылдам деген EDM машинасының өзіне қарап тұру 
сырланған жердің кепкенін қарап тұрғанмен бірдей). Сымы бар шарғыны
жүктеп қойыңыз да, басқа бір қызығырақ нәрсемен айналысыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   246




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет