103
Енді қолыңызбен жоғары бөлігін қамтып ұстап қысыңыз, бір кездегі қатты болған осы
стақанның қалай майысқанынын көрдіңіз бе? Досыңызды соның ішіне қолын салуға
көндіріңіз, ал ол қолын оның ішінен ұзақ уақыт бойы алып шыға алмайтын болады.
Бұл цанганың басты идеясы, ерекшелігі патрондар
болаттан немесе темірден
жасалған, ал сіздің қолыңыздың орнына мұқият ажарланған еңкіш беткі қабатты елестетіңіз.
Цангалық патронды конусқа қарсы кері қарай тартқан кезде (кейбір патрондар алға қарай
тартылады), металл цангалық патрон ішіндегінің бәрін, ал осы жағдайда дайындаманы
мығымдай түсіп, аздап қысылады.
Цангалық қысқыштардың көпшілігі бұрамалық бағыттауыш тубусқа
бекітіледі. Осы тубус пен оған бекітілген цангалық патрон конусқа қарай
ығысқан кезде дайындама да онымен бірге жылжиды. Алайда оның мәселе
туындатуы мүмкін. Мысалы, жону операцияларының әдеттегі түрлерінің бірі
дайындаманы цангалық патронға салып, ұзына
бойына қапталдау болып
табылады. Патрон дайындамаға қатты тақалғанға дейін тоқтамай қозғалып
тұратындықтан, дайындама диаметрінің кез келген өзгерісі дайындама
ұзындығының сәйкессіздігіне алып келеді (яғни кішірек дайындама
патронның алысырақ ығысуына, ал үлкенірегі жақынырақ ығысуына
мүмкіндік береді). Осы жағдайды болдырмау үшін дайындаманың диаметрі
тұрақты болуы тиіс және «белдік бағытында қозғалмайтын цангасы» бар
патрон қолданылуы тиіс. Олар басқа да цангалық механизмдерге тән кері
серпілуді болдырмауға арналған, бірақ олар қысқыштың азырақ қысымын
беріледі және көбіне жұқа жоңқа шығатын кесу үшін және таза өңдеу үшін
қолданылады.
Цангалық патрондардың бүгінгі таңда пайдаланылатын, кеңінен таралған екі түрі 5C
және 16C түріндегі «Hardinge» (6-2-суретті қараңыз)
болып табылады, алайда осындай
цангалардың бір тобы бұранда кескіш және жону-револьверлі білдектерде әлі де
қолданылып келеді. Браун мен Шарп, Индекс, Дэвенпорт, Лодж мен Шипли – олардың
қайсысы болмасын өз өндірісінің цангалық патроны болғанын қалаған болатын. Егер бұл
автокөліктерге
қатысты болғанда, онда бүгінгі күні дөңгелектер онсыз да шамадан тыс
қымбат қазіргіге қарағанда, он есе қымбат тұрған болар еді, ал дөңгелектер қоймасы футбол
стадиондарынан да үлкенірек болған болар еді.
6-2-
сурет: 5C цангалық патрон
шағын білдектер үшін кеңінен
пайдаланылатын қысқыш
қондырғылардың бірі болып
табылады.
Тек кері серпілу әсерінен сақ
болыңыз
Көп жылдық өндірістік әлем-тапырықтың нәтижесінде былайша айтқанда
цангалық патрондардың ондаған түрлері мен жүздеген өлшемдері және
пішіндері бар, алайда оларды жасағандардың көбі қазір өз әрекетін
тоқтатқан.
Жақсы жаңалығымыз, патенттелген цангалық патрондарға
байланысты «шаңның» басым бөлігі отырды, осыған қарамастан кейбір
құрал жеткізушілер бөлшектерді бекітудің жаңа жүйелерін жасауда
(көпшіліктің мойындауынша, олардың кейбірі жап-жақсы),
осының
ЕСКЕРТУ
ЕСКЕРТУ
104
нәтижесінде механикалық цехтар қандай бағытта жылжу қажеттігін ойлап,
бас қатыруда..
Секторлық жұдырықшалар секілді цангалық патрон да дайындаманың шеткі аймағын
түгелімен қамтып алады. Дайындаманың нақты бір түріне сәйкес өңделуі тиіс жұмсақ
цангалар («жекелеген жұмытар үшін цангалық патрондар» ретінде де танымал) қолжетімді.
Сондай-ақ әдетте шығарылатын домалақ, алты қырлы және төртбұрышты шыбықты
дайындамалардың барлығына дерлік арналған шыңдалған және ұшталған цангалық
патрондардың стандартты өлшемдері де ұсынылады. Ал цангалық патрондардың
диаметрлері әдетте білдектің бағыттауыш тубусуның
диаметрімен шектелетіндіктен,
қолжетімді диаметрді 5C, 16C түріндегі және басқа цангалық патрондардың ұзындығын
айтарлықтай ұлғайтатын «сатылы цангалық патрондар» деп аталатындар қолжетімді
болады.
Осы уақытқа дейін мен дайындамалардың сыртқы қабатын қармап алу туралы
айттым. Гидравликалық, пневматикалық және тіпті механикалық басқаруы бар патрондар
кез келген бағытта жақсы жұмыс істейтінін және оларды бөлшекті сыртынан да ішінен де
қыса алатындай етіп жобалауға болатынын назарыңызда ұстаңыз. Мұнымен қоса көптеген
кіріктірілген цангалық патрондар қолжетімді. Бір кездері оларды «ажыратылмалы
құралбілік» немесе «бөлшектерді бекітуге арналған құралбіліктер» деп атайтын, олардың
барлығы дайындамаға сәйкес келуі үшін өңделуі тиіс немесе өндіруші оларды арнайы
тапсырыспен жасауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: