Жаңажол ауылдық кітапханасы



Дата03.07.2016
өлшемі11.32 Kb.
#174774
Жаңажол ауылдық кітапханасы

Ақкөл колхозы 1930 жылы құрылған. Ақкөл ауылдық кітапханасы 1958 жыл ашылған. Дегенмен, көне көз қариялардың айтуынша 1952 жылы 7 жылдық мектебі бар «Айғанша» елді мекенінде ашылған. Кітапхана сол кезде колхоз кеңсесінің бір бөлмесінде орналасқан. Ақпарат орталығы болғандықтан «Қызыл отау» деп аталған. 1952-1955 жылдар аралығында Тұяқова Сақыпжамал еңбек еткен. Сол кезде кітапханада 500 дей кітап қоры болған. 1962-63 жылдар колхоздар біріктіріліп, Ақкөл совхозы құрылып, мәдениет үйі салынды. Клубтың бір бөлмесіне кітапхана орналасады. photo-0021



Меңгерушісі болып Кенжеғарина Орынай қызметке тұрады. Кітап қоры 2000-дай болды. халық саны-500. оқырман саны-250 шамасында болды. Кейін 1966 жылы кітапханашы Машекенова Мүнира, кейін Алматы қыздар институтының кітапхана бөлімінің түлегі Машекенова Клара еңбек еткен. Кітапхананың оқырман саны-300-ге жетті. Ауылға Алматы қаласынан жазушылар, ақындар, өнер адамдары келе бастаған. Жерлесіміз Ж.Молдағалиев іс сапармен келіп, клуб үйінде еңбекшілермен кездесіп кітапханада болып қолтаңба қалдырған. 1967жылдан бастап кітапхана халыққа жаңа қырынан қызмет көрсете бастаған. Кітапханаға Ақтөбе мәдени ағарту училищесінің түлегі Факиза Зейінгереева келіп орналасқан. Зейінгереева Факиза Ғазизқызы 1956 жылы аудан жанынан ашылған Қызыл Отауда 1963 жылға дейін еңбек етеді. Ақкөл кітапханасында 1986 жылдың басына дейін еңбек еткен. p1070814

1986 жылмен 1987 жылдың наурыз айына дейін кітапханаға Орал мәдени ағарту училищесінің түлегі Райса Гумарова келіп еңбек етті. Одан кейін қазіргі күнге дейін Исмагулова Тойған еңбек етіп келеді. p1070811

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет