Жаһандық Экологиялық проблемалар; Ұлттық экологиялық проблемалар



бет2/12
Дата06.04.2024
өлшемі34.25 Kb.
#497824
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
stud.kz-125780

Климаттың өзгеруi. "Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша ықтимал қатер төндiредi.
Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруi жөнiндегi БҰҰ Yлгiлiк конвенциясын бекiттi, ал 1999 жылы осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойды.
Аталған хаттаманы бекiткен және ол күшiне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердi өзiне жүктей отырып, I қосымшаның Тарапы болады.
Қазақстанның Киoтo хаттамасын бекiтуiнiң мақсатқа сайлығын айқындау үшiн 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөнiндегi сандық мiндеттемелердiң Қазақстанның экономикасына әсерi мәселелерi бойынша зерттеулер жүргiзу қажет.
Талассыз экологиялық тиiмдiлiгiнен басқа, Киото хаттамасын бекiту бiздiң ел үшiн халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердiң экономикасына активтердi орналастыру мүмкiндiгiмен инвестор рөлiндегi бiрлескен жүзеге асыру жобаларына және "таза даму" процестерiне қатысу, өндiрiстiң энерготиiмдiлiгiн арттыру үшiн жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдiң экономикалық мүдделерiн қорғау үшiн көмiртегi кредиттерiн шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар сату жөнiндегi перспективаларды ашады.
Киото хаттамасын бекiткеннен кейiн нақты жобалар мен iс-шараларды iске асыруды көздейтiн Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнiндегi 2015 жылға дейiнгi бағдарлама әзiрленетiн болады.
Озон қабатының бұзылуы. Жердiң озон қабатының бұзылуы адам, жануарлар, өсiмдiктер мен микроорганизмдер тiршiлiгi үшiн ықтимал қатер болып табылады.
1973 жылдан бергi байқаулар Қазақстанның үстiндегi озон қабатының қалыңдығы 5-7%-кe азайғанын көрсеттi.
Монреаль хаттамасына сәйкес қабылданған, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалануды реттеу жөнiндегi шаралар әлемде 1986 жылдың деңгейiмен салыстырғанда оның 10 eceгe азаюына ықпал еттi.
Бiздiң ел озон қабатын сақтау туралы халықаралық келiсiмдерге 1998 жылы қосылды. Қазiргi уақытта Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) пайдалануды қысқарту және оларды айналымнан алып қою, озон қабатын бұзбайтын заттарды қолданумен жаңа технологияларды енгiзу жөнiндегi жұмыстар жүргізілуде.
Озон қабатын бұзу қатерiн жоюдың негiзгi жолдары мыналар болып табылады: ОБЗ пайдаланудан жедел бас тартуды және оларды қауiпсiз жоюды қамтамасыз ету, ОБЗ-дың заңсыз айналымының алдын алу және қолға алынған күш-жiгердiң табыстылығына көз жеткiзу үшiн тропосферада оның жиналуының тұрақты мониторингін жүргізу.
Сондай-ақ 2004 жылдың барысында ОБЗ пайдаланатын кәсiпорындардың қызметiн лицензиялау жөнiндегi қажеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау, ОБЗ пайдалану қызметiмен айналысатын мамандарды оқытуды және Қазақстанның үстiндегi озон қабатының жай-күйiн зерделеу жөнiнде iргелi ғылыми зерттеулер жүргiзудi бастау, сондай-ақ жаңа технологияларды енгiзу жолымен ОБЗ пайдалануды қысқарту және қолданыстан алу жөнiндегi жұмыстарды жалғастыру қажет болады.
Осы iс-шараларды жүргiзу нәтижесiнде ОБЗ шығарындысы қысқарып, ол Жердiң озон қабатын сақтауға септiгiн тигiзетiн болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет