Жаңақорған ауданы мәдениет саласының 2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет



Дата22.02.2016
өлшемі47.5 Kb.
#1156
Жаңақорған ауданы мәдениет саласының

2012 жылы атқарған жұмыстары жайлы мәлімет
Жаңақорған ауданы бойынша 2 мәдениет үйлері мен 26 ауылдық клубтар, 3 мәдени демалыс кешендері, 6 халықтық өнер ұжымдары, 36 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану музейі, барлығы 68 мәдениет ошағы аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді. 2012 жылы жаңадан ашылған мәдениет ошақтары жоқ.

2011 жылы бөлім бойынша194,5 штат бірлігі болса, 2012 жылы жаңадан 2 штат бірліктері (аудандық кітапханаға программист, көлік жүргізуші, «Қаратау қазынасы» халықтық фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, «Бидашевтар» халықтық отбасылық ансамблінің көркемдік жетекшісі) берілді. Жалпы мәдениет мекемелеріндежұмыс жасайтын 223 қызметкердің 129-ы мәдени қызметкерлер, олардың65-і жоғары білімді, 54-і арнаулы орта, 13-і орта білімді мамандар. 2012 жылы 45 қызметкер өңірлік оқыту орталықтарында дәріс алды.

Жыл көлемінде жеке және заңды тұлғалардан 22 арыз-шағым келіп түсті, оның 12-і ономастика саласы бойынша, заң талаптарына сәйкес барлық арыз- шағымдар бойынша мерзімінде тиісті жауаптар жолданды.

2012 жылы жергілікті бюджеттен Келінтөбе, Қыраш, Өзгент, Қандөз, Қаратөбе, Әбдіғаппар, М.Нәлібаев, Кейден, Жайылма, Түгіскен ауылдық клуб үйлеріне музыкалық аппаратура алуға – 5 млн.теңге қаржы бөлініп музыкалық аппаратуралар алынды. Жергілікті бюджеттен аудандық мәдениет үйіне ұлттық киімдер алуға – 3800,0 мың теңге, «Ордакент» ардагерлер үйіне жиһаздар алуға – 200,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қожамберді, Жаңарық, Сунақата, Қандөз, Әбдіғаппар ауылдық клубтарына өртке қарсы дабыл қаққыш қондырғылар орнату үшін жергілікті бюджеттен – 2347,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жаңадан салынып пайдалануға берілетін Манап ауылдық клубының қызметін қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 2889,0 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған жұмыстар толығымен орындалды.

Мәдениет ошақтарын қысқы маусымға қажетті қатты отынмен қамтамасыз етуге мәдениет үйлері мен клубтарға- 6330,0 мың теңге, сұйық отын алуға -1785,0 мың теңге, кітапханалар жүйесіне-1218,0 мың теңге қаржылар бөлініп, мәдениет ошақтары қысқы маусымға қажетті қатты отынмен қамтамасыз етілді.

Мәдениет үйлері мен клубтар бойынша2012 жылы 1276 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды.8-наурыз, 22-наурыз, Ынтымақ күні, Жеңіс күні, Балаларды қорғау күні, Астана күні, Конституция тағы да басқа даталы мерекелік шаралармен қатар «Ел іші – өнер кеніші», «Күмбірлеген күй, мың бұралған би», «Манап оқулары», «Мәдениетім мәртебем», «Тіл тағдыры – ұлт тағдыры», «Мерейлі отбасы» атты аудандық байқаулар, «Отаным бақыт ордасы» атты патриоттық әндер байқауы, «Айтыстың ақберені Манап ақын», «Асқақтай бер Астана», «Мақтанышым айбарым, желбіре көк байрағым» атты мүшайралар, «Сырдың сырбаз сүлейі», «Сырдың дүлділі», «Айтыстың ақберені Манап ақын» атты тақырыптарда аймақтық ақындар айтысы, «Манаптың бір өзі бір театр» атты ғылыми конференция, әнші-сазгер Б. Байкенжеевтің «Бексұлтанның Әндері- ай» атты үнтаспаның тұсаукесері, «Экспресс» халықтық ән-би ансамблінің 40 жылдық мерейтойына арналған «Жылдамдық жолында» атты ән кешітері өткізілді.«Қаратау қазынасы» халықтық фольклорлық ансамблі, «Әлшекей» ұлт аспаптар оркестрі мен «Айсыновтар», «Бидашевтар» жанұялық ансамбльдері есепті концерттерін ұйымдастырып, жыл көлемінде өткізілген мәдени көпшілік шараларға өз репертуарларын ұсынды. «Дала жұлдыздары» халықтық мәдени үгіт бригадасының «Елбасы Жолдауы-Елдіктің арқауы», «Жолдау – келешек кепілі» атты бағдарламалармен барлық кент, ауылдық округтерге ұсынылса, 16 клубы жоқ елді мекендерге 3 мәдени-демалыс кешендерінің «Алдағы жылдардың – Айқын бағдары» атты бағдарламасы ұсынылды. Облыс орталығында өткізілген мәдени шараларға аудан өнерпаздары қатыстырылды. Мәдениет үйлері мен клубтар жанынан ашылған көркемөнерпаздар үйірмелерінің саны 95, оларға 1059 мүше тартылған.

Аудан өнерпаздары облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени продюссерлік орталығы тарапынан ұйымдастырылған байқаудың 7-не қатысып, 3- нен де түрлі жүлделі орындарды иеленсе, сондай-ақ облысымыздан тыс жерлерде өткен «Ғұмырдария» атты халықаралық және «Ақкөгершін», «Рауан», «Ақмаңдайлым», «Ән қанатында» атты республикалық, аймақтық байқауларға аудан өнерпаздары қатысып, жүлделі І, ІІ, ІІІ-орындарды иеленіп қайтты.

Аудандық мәдениет үйі жанындағы М.Көкенов пен Б.Байкенжеевтің шығармашылық өнер мектептері аудан мектептерімен бірлесіп таным сағаттары мен кездесу кештерін өткізді. Мәдениет үйлері мен клубтар тарапынан көрермендер залын жалға беру, дыбыс күшейткіш аппаратурасымен қамтамасыз ету, ақылы негізде мекемелердің шараларын өткізіп беру, ұлттық киімдерді жалға беру, ақылы концерттер мен би кештерін өткізу т.б. ұйымдастырылған ақылы қызмет нәтижесінде 2012 жылы 3654,0 мың теңгенің ақылы қызметі орындалды.

Мәдениет үйлері мен клубтардың, халықтық өнер ұжымдарының жұмысын жетілдіре түсу бағытында 2012 жылы мәдениет үйі тарапынан 28 рет арнайы әдістемелік іс сапарлар ұйымдастырылып, 1 елді мекенде көшпелі семинарлар өткізілді.

Жергілікті бюджеттен аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 13661,0 мың теңге, Алмалық ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 9295,0 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттарын жасау үшін – 2000,0 мың теңге, аудандық кітапхана ғимаратына жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттар жасау үшін - 1496,0 мың теңге, М.Нәлібаев ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттар жасату үшін – 631,0 мың теңге қаржы бөлінді.

2011 жылы 150 орындық Манап ауылдық клубының құрылыс жұмыстары басталды. Мәдениет үйлері мен клубтардың техникалық жағдайына сараптама жүргізілді, Талап, Кеңес, Бесарық ауылдық клубтары құлау қаупінде, Қаратөбе, Түгіскен, Қожакент ауылдық клуб үйлері мен аудандық мәдениет үйі күрделі жөндеуді қажет етеді. Шалхия, Өзгент ауылдық клубтарының жеке ғимараты жоқ, бірі мектептің ғимаратында, бірі әкімшілік ғимаратында орналасқан.



Кітапханалар жүйесі бойыншааудан халқына 36 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. 2012 жылы кітапханалар жүйесінің жалпы бюджеті 71618,0 мың теңгені құрады. 2012 жылы осы жұмыстар жалғастырылып,жергілікті бюджеттен Келінтөбе, Қыраш, Өзгент, Қандөз, Қаратөбе, Әбдіғаппар, М.Нәлібаев, Кейден, Жайылма, Түгіскен ауылдық клуб үйлеріне музыкалық аппаратура алуға – 5 млн.теңге қаржы бөлініп музыкалық аппаратуралар алынды. Жергілікті бюджеттен аудандық мәдениет үйіне ұлттық киімдер алуға – 3800,0 мың теңге, «Ордакент» ардагерлер үйіне жиһаздар алуға – 200,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қожамберді, Жаңарық, Сунақата, Қандөз, Әбдіғаппар ауылдық клубтарына өртке қарсы дабыл қаққыш қондырғылар орнату үшін жергілікті бюджеттен – 2347,0 мың теңге қаржы бөлінді. Негізгі көрсеткіштер бойынша 2012 жылы кітап қоры 418668-ге, оқырман саны 28140-қа, кітап берілімі515405-ке жетіп, нәтижесінде кітап қоры 6920-ға, оқырман саны 72-ге, кітап берілімі 333-ке артты. Кітапханалардың 1-і типтік ғимаратта, 4-і лайықтандырылған арнайы ғимараттарда, 5-і ауыл мектептерінде, 6-ы әкімдік ғимараттарында, 1-і аумақтық басқарма ғимаратында, 2-і жеке үйлерде, 16-ы ауылдық клуб ғимараттарында орналасқан. Аудандық кітапханакүрделі жөндеуді қажет етеді, 1-і апаттық жағдайда, 10 кітапхана интернет желісіне қосылған, жалпы кітапханалар бойынша компьютерлер саны 41-ге жетті. Кітапханалар бойынша 2011 жылы 1021 библиографиялық шолу, таным сағаттары, әдеби кештер, оқырман конференциялары, кітап көрмелері т.б мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылса, 2012 жылы кітапханалар жүйесі бойынша барлығы 1029 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Орталық кітапхана тарапынан есепті мерзімге ауыл кітапханаларына 36 арнайы іс сапарлар ұйымдастырылды.

Іс-тәжірибе алмасу мақсатында «Кітапхана – ақпараттың мәдени орталығы», «ХХІ ғасырдағы менің кітапханам», «Тілден асқан байлық жоқ», «Білімді ұрпақ – ел келешегі» тақырыптарында 4 көшпелі семинар, 4 рет әдістемелік зерделі кеңес өткізілді. Кітапханалар жұмысына талдаулар жүргізіліп, ауылдық кітапханаларға 4 әдістемелік құралдар мен 12 мәдени көпшілік шаралардың сценарийлері таратылды.

Кітапханалардың кітап қорларына тексеру жүргізу жоспарына сәйкес 2012 жылы 18 кітапхананың (№1, №2 кенттік кітапханалар, Қожакент, Билібай, Байкенже бөлімшесі, Сунақата, Екпінді, Жайылма, Шалқия, Қыраш, Қосүйеңкі, Кейден, Бесарық, Кеңес, Манап, М. Нәлібаев, Түгіскен, Қаратөбе) кітап қорына тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 351 дана тозығы жеткен кітап, мазмұны ескірген 5649 дана кітап, барлығы 6000 дана кітаптар заңдылықтарға сәйкес есептен шығарылды.

Жергілікті бюджеттен 1186,0 мың теңге қаржы қаралып, барлық аудандық, кенттік және ауылдық кітапханалар баспасөз құралдарымен толығымен қамтамасыз етілді. Аудандық орталық кітапхана РАБИС бағдарламасының 5 модулімен жабдықталған. Осы бағдарламаның бүгінгі таңда «Каталогизатор», «Ізденіс Тапсырыс», «Оқырмандарды тіркеу» модулдерімен ғана жұмыс жүргізілуде. Аудандық орталық кітапхананың кітап қоры кітапханалық библиографиялық жіктеу бойынша орналасқан. 2012 жылы электронды каталогқа 11 124933 дана кітаптың 9311 аталымы және мақалалардың 1815 сипаттамасы енгізілді.



Мәдени мұра бағдарламасы бойыншааудан бойынша 30 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, олардың 4-і Республикалық дәрежеде, жергілікті маңызы бары-17, қалған 9-ы алдын-ала есепке алынған. 30 ескерткіштің тізімі жасалынған, «Тіркеу карточкалары» мен қорғау міндеттемелері қайта рәсімделген. 2008-2011 жылдарға арналған «Мәдени мұра» өңірлік бағдарламасын іске асыруға жергілікті бюджеттен 2010 жылға 2,450 мың теңге жоспарланған болатын, алайда бюджет тапшылығына орай 2010 жылы тиісті қаржылар қаржы бөлінген жоқ.

2011 жылы Қ.Дүрбаевтың кітабын шығаруға 300,0 мың теңге қаржы бөлініп, 500 дана таралыммен «Құтбай» атты кітап жарыққа шығарылса, 400,0 мың теңгеге ақын Қ.Алдабергенұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы «Аузымда өлең деген алмасым бар» атты 1000 дана таралыммен кітап шығарылды. 30,0 мың теңгеге 1 ескерткіштің қорғау тақтасы орнатылды. Сондай-ақ 100,0 мың теңгеге Қорасан Ата кесенесіне Алматыдағы Казрестоврация мекемесі арқылы ғылыми сараптама қорытындысы алынды. 2011 жылы аудан тұрғындарының ұсынысына сәйкес Қарасопы кесенесі жанындағы 1895 жылы салынған мешіт ғимараты мен Сығанақ қалашығындағы мешіт-медрессе алдын-ала есепке алынды. Ауданымыздағы Сығанақ қалашығы жайлы «Қазақстан-1» телеарнасы мамандары арқылы деректі фильм түсірілді. 2011 жылы кент орталығындағы саябақ ішіне ақын Қ.Алдабергенұлының бюсті орнатылды, сондай-ақ Гүлбаршын ана ескерткішіне сілтеме белгі орнатуға рұқсат алу жөнінде тиісті орындарға құжаттар тапсырылды. Аудан кітапханаларында «Тарихи мұраларды қастерлеу парыз», «Ескерткіштер-елдігіміздің белгісі», «Тарихы тұңғиыққа тамыр тартқан», «Археологиялық асқар асулар», «Барды бағалай білейік» атты шаралар өткізілді. Сондай-ақ аудандық музейде мектеп оқушыларының қатысуымен «Шежіре-тарих тармағы» атты кездесу кеші ұйымдастырылды. 2011 жылы ақын Қ.Алдабергенұлының 150 жылдығына орай «Артында сөз қалдырған Құлан ақын» атты республикалық ғылыми танымдық конференция өткізілді. Аудан көлеміндегі барлық ескерткіштердің техникалық жағдайына мониторинг жүргізіліп, база жаңартылды. «Мәдени мұра» бағдарламасын насихаттау мақсатында аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде «Халық қазынасы», «Қыстата», «Көккесене», «Игі бастама жарқын ойдың жемісі» т.б тақырыптарда мақалалар жарық көрді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет