Жаңақорған ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары Өнеркәсіп саласы



жүктеу 300.25 Kb.
Дата22.02.2016
өлшемі300.25 Kb.
Жаңақорған ауданының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Өнеркәсіп саласы

Ауданның өнеркәсіп саласында 2011 жылы 14313 млн.теңге, 2012 жылы 20955,5 млн.теңгенің өнімдері өндіріліп 146,4 пайызға артып отыр.



Жаңақорған ауданы бойынша 01.01.2013 жылға өнеркәсіп өнімдерінің даму барысы туралы мәлімет.

Көрсеткіштер

өлшем

бірлігі

2011

жыл

2012

жыл

пайыз

Нақты көлемінің индексі, %

Барлық өндіріл. өнім

млн теңге

14313

20955

146

146,4

Оның ішінде заттай көлемде:

Сүт өнімдері

тонна

195

174

89,2




Қиыршық тас

мың куб

1078,1

140,8

130




Күріш

тонна

3820

3748

98,1




Нан

тонна

900

900

100




Ауыз су

мың куб

983,6

151,3

154,2




Газет, бланка

мың дана

1024,3

1026,2

100,1




Бетон

тонна

24

32

133




Күкірт қышқылы

тонна




95029







Ауданда өнеркәсіп саласында жалпы өнімнің, шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылды. Ауданда 2013-2014 жылдары «Қызылорда-Құрылыс материалдары» ЖШС-нің кірпіш және темір-бетон зауыты, «Шалқия-ЦИНК ЛТД» ЖШС-нің кен байыту фабрикасы, «Қызылорда құс фабрикасы»-ның құрылысы инвестициялық жобаларын іске асыру жоспарланса, негізгі қорға барлығы 50,0 млрд. теңгенің инвестициялық қаржысы тартылады деп күтілуде.

2012 жылы «Сарман-Тастақ Жаңақорған» ЖШС-нің қиыршық тас және жуылған құм шығаратын зауыты, «Байкен-У» ЖШС-нің уран шикізатын өндіру жобасы, «Шипажай-Жаңақорған» ЖШС санаториясы, «Дархан-2006» ЖШС-нің темір-бетон цехын кеңейту және қайта жабдықтау, ЖК «Шайықов» сауда үйінің құрылысы, ЖК «Божбанбаева»-ның тіс емханасын кеңейту және қайта жабдықтау жобалары аяқталып толық қуатында аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар, Кеңес елді мекеніндегі «Тату-Агро» шаруа қожалығының томат өнімдерін өндіретін зауыты жалпы құны 3,0 мың тонна өнімді өңдеп, 400 тоннадан астам томат пастасын шығарды. «Биснестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында аталған томат өңдеу зауытының инфрақұрылымын дамыту үшін (электрэнергиясы, жол құрылысы саласы бойынша) 10,4 млн.теңге бөлінді. «Қызылорда құс фабрикасы» ЖШС-нің сыртқы инфрақұрылымының жобасын жасауға 54,3 млн.теңге бөлінген қаржылары облыстық құрылыс басқармасы арқылы мемлекеттік сараптамадан өтуде.

«СКЗ-У» ЖШС-і жылдық қуаттылығы 500 мың тонна күкірт қышқылы өнімін өндіретін зауыттың реттеу, сынау жұмыстары аяқталып, биылғы жылдың 3-ші тоқсанынан бастап өнім шығара бастаса, жыл соңына дейін 497,0 млн.теңгенің 95,0 мың тоннадан астам күкірт қышқылын өндірді. Онда бұл күндері 250-ден астам адам жұмыс істеуде. Оның 75 жергілікті тұрғындар. Бұл зауыт толық қуатында жұмыс жасаған уақытта жылына 10,0 млрд теңгеден астам өнім шығаратын болады. Одан басқа 150,0 млн квт сағат электр энергиясын өндіріп, оның 80,0 млн квт сағаты аудан қажеттілігін қамтамасыз етуге жұмсалмақшы.

«Байкен-У» ЖШС – де 343 адам жұмыс жасауда. Оның 90 жергілікті аудан тұрғындары. Кеніш жанынан 250 адамға арналған вахталық тұрғын жай құрылысы салынып, аяқталды. Үстіміздегі жылдың маусым айында уран рудасын алғашқы өңдеуден өткізетін цехтың құрылысының 1-ші кезегі толық аяқталып іске қосылды. Бұл серіктестік кен өндіруге дайындық жұмыстарымен қатар оны өндіруді де қатар жүргізуде.

«Қызылқұм» ЖШС-гі тәжірибелік-өндірістік өнім өндіруге толық көшті. Бұл серіктестікте 294 адам жұмыс жасауда. Оның 135 жергілікті аудан тұрғындары. Осы өндіріс орындарының есебінен ауданда өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда біршама артып отыр.

Құрылыс саласы

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржының игерілуі :

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру бағдарламасы шеңберінде бөлінген 4400,0 мың теңгеге Жаңақорған кентінің жаңадан салынған (Ипподром, МАИ бекеті, Алтыкрант, Саяжай) аумақтарын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарымен қамтамасыз ету үшін жалпы құны 418828,0 мың теңгенің мемлекеттік сараптамасымен қоса жоба-сметалық құжаттары әзірленді.

Бесарық бекетіндегі құрылысы аяқталмаған 250 орындық мектеп пен Жаңақорған кентіндегі жаңадан салынған тұрғын үй аумақтарының инженерлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының техникалық құжаттарын жасатумен мемлекеттік сараптамадан өткізуге 1435,0 мың теңге және аудан көлемінде орнатылған трансформаторлардың жер учаскелерінің мемлекеттік актілеріне 517,0 мың теңге бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілді.

«Мемлекеттік тұрғын үй қорының құрылысы» бағдарламасы шеңберінде ауданнан салынатын екі бөлмелі бір қабатты арендалық тұрғын үй құрылысының жоба-сметалық құжаттарын мемсараптамасымен қоса әзірлеу жұмыстарына бөлінген 589,0 мың теңгеге жалпы құны 11862,4 мың теңгенің құжаттары әзірленді.

Жалпы құны 17174,0 мың теңге тұратын әкімшілік ғимаратының жоба сметалық құжатын қайта есептеуге 670,0 мың теңге бөлініп мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды.

Кәсіпкерлік саласы

Есепті мерзімге шағын кәсіпкерлік нысандарының саны 2020 бірлікті құрап 102,1 пайызға өссе, осы кәсіпкерлік нысандарында жұмыспен қамтылған жұмысшылар саны 5350 жетті. Кәсіпкерлік саласында шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет түрлері бойынша 2011 жылы 5 млрд.520 млн.теңгенің, 2012 жылы 5 млрд.880,0 млн.теңгенің, өнімдері мен қызметтері көрсетілді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 106,5 пайызға орындалды. Кәсіпкерлік нысанының артуына орай бюджетке 2011 жылы 139,9 млн.теңге, 2012 жылы 149,4 млн теңгенің салық түсімдері түсті.



Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпкерліктің сандық және сапалық даму деңгейі келесідей көрсеткіштермен сипатталады:



Көрсеткіш

22012 ж


22011ж


2011 ж 2012 ж салыстырғанда %

1

Кәсіпкерлік нысандар саны, бірлік

2 2501

2 2471

1 101,2

2

шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны, бірлік

2 2020

1 1978

1 102,1

3

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам

5 5350

5 5322

1 100,5

4

Шығарылған өнім және көрсетілген қызмет,млн теңге

5 5880

5 5520

1 106,5

5

Бюджетке түскен салық, млн теңге

1 149,7

1 139,9

1 107,0

Өткен жылы аудандық кәсіпкерлік бөлімі бойынша кәсіпкерлерді қолдауға, оқу семинарлар өткізуге бөлінген 430,0 мың теңге қаржыға «ПРЭКО Қызылорда консалтингтік компаниясы» ЖШС-н бірлесіп «Өз бизнесіңді баста» атты өткізілген семинарға 32 адам, «Бизнестің жол картасы – 2020, ҚР Салық Кодексіндегі жаңа толықтырулар мен өзгерістер» атты өткізілген семинарға 30 адам, «Кәсіпкерлік негіздері және бизнестің жол картасы – 2020» атты өткізілген семинарға 23 адам қатысты. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар тапсырылды

Аудан орталығындағы микрокредиттік ұйымдар 2012 жылы аудан тұрғындарына сұранысына орай 210 млн теңге және «Қамқоршы» несие серіктестігі аудан ауыл шаруашылығы кәсіпкерлеріне 97,7 млн.теңге несие берілді.

Өткен жылдың сәуір айында аудан орталығынан көлемі 1320 шаршы метр құрайтын екі қабатты 71 орындық «Нұрасыл», тамыз айында көлемі 200 шаршы метр құрайтын екі қабатты 20 орындық «Аркен» сауда орталықтары және сауда алаңы 800 шаршы метр «Нұрасыл» сауда орталығының екінші бөлігі ашылды. Мұндағы бүгінгі күн талабына сәйкес келетін сауда орындары жұмыс жасауда. Сонымен бірге кент орталығындағы «Нұр-Әділ» сауда орталығы тұтынушылардың бүгінгі таңдағы сұранысына сай қайта жаңартылып, қуаты тәулігіне 3 тонна нан және нан өнімдерін шығаратын цех жұмыс істеп тұр. Аудандағы 24 жаңа үлгідегі және басқа 51 дүкендер, 12 жанар жағар май құю бекеттері, 7 автомобильдерге техникалық қызмет көрсету орындары, 13 тойхана, 27 шағын кафелер, 8 монша, 7 мебель және есік терезе жасау цехтары және басқа кәсіпкерлік нысандары халықтың сұранысын толық қанағаттандырып келеді. Кент орталығында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында бір жоба жүзеге асырылды. Ол «Дархан -2006» ЖШС- нің темір- бетон цехы кеңейтіліп, қайта жабдықталды.

Салық түсімдері

2012 жылы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 7 млрд. 246 млн. 217,5 мың теңгеге немесе 99,1 пайызға орындалып отыр.

2012 жылы аудан бюджетінің кіріс көздігі 5 млрд.22 млн. 887,0 мың теңгеге немесе 106,0 пайызға орындалды. Оның ішінде: республикалық бюджет 104,8 пайызға, жергілікті бюджет 108,7 пайызға. Өткен жылмен салыстырғанда жалпы бюджет түсімдері 145,3 пайызға артық орындалды.

Ауылшаруашылығы саласы

Аудан бойынша 2012 жылы 29043 гектар егіс, оның ішінде дәнді дақылдар 12366 гектар (оның ішінде күріш 8694 гектар), 761 гектар мақсары, 55 гектар күнбағыс, 565 гектар картоп, 1671 гектар бақша, 651 гектар көкөніс егіліп, межеленген дақылдардан мол өнімдер алынды.

Елбасының тапсырмасына сәйкес, 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының бағасын арзандату бағытында аудандағы егістікпен айналысатын 188 шаруашылыққа, асыл тұқымды малдар өсіруге, егістікке су жеткізіп беру қызметін арзандатуға, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелерін отырғызу шығындарын субсидиялауға, күріш тұқымына, азот минералдық тыңайтқышына, барлығы 409,7 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.

Ауданда егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да дамып келеді. Қазір аудан бойынша 40956 бас мүйізді ірі қара (оның ішінде сиыр 16520 бас), 214945 бас қой мен ешкі, 8610 бас жылқы, 890 бас түйе, 29017 бас құстар өсірілуде.

2012 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 млрд.980,0 млн. теңгеге жетіп отыр.

Мал басын асылдандыру бағытында «Сыбаға» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан берілген 185,3 млн.теңгеге 1214 бас тауарлы ірі қара ( оның ішінде 94 асыл тұқымды бұқа, 1120 бас қазақтың ақ бас сиыр) сатып алынса, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 97,7 млн.теңге, «Ауылшаруашылығын Қолдау қорынан» 15,2 млн.теңге кіші несие барлығы 298,2 млн.теңге несие берілді.



«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2012 жылы 115 маманға 13,0 млн.теңге бір жолғы көтерме жәрдемақы, 58 маманға 126,2 млн.теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит берілді.

Ветеринария саласы

2012 жылы ағымдағы нысаналы трансферттер бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 74306,0 мың теңге қаржыға эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілді. Қырым-Конго қанды безгегі ошағы бар 4 ауылдық округте (Кейден, Төменарық, Құттықожа, Қыраш) кенеге қарсы залалсыздандыруға жергілікті бюджеттен 3435,0 мың теңге және 3 ауылдық округте (Жаңақорған, М.Нәлібаев, Өзгент) кенеге қарсы сауықтыруға 1224,0 мың теңге бөлінген қаржыға тиісті жұмыстар жүргізілді.

Мал көмінділерін салуға 5 ауылдық округке (Бесарық, Манап, Ақүйік, Жайылма, Байкенже) жергілікті бюджеттен бөлінген 6848,0 мың теңгеге мал көмінділері салынып пайдалануға берілді. Иесіз ит-мысықтарды жоюға бөлінген 1605,0 мың.теңгеге 1605 бас иесіз ит-мысықтардың басы жойылды.

Автомобиль жолдары саласы бойынша

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге 2012 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 271536,0 мың теңгеге 26,5 шақырым автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Оның ішінде: Самара-Шымкент-Жұлдыз автомобиль жолының ұзындығы 5,0 шақырымына бөлінген 52 140,0 мың теңге қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық маңыздағы «Самара-Шымкент-Қосүйеңкі» автомобиль жолының 1 шақырымына облыстық бюджеттен бөлінген 10000,0 мың теңге қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық маңыздағы «Абдіғаппар ауылына кіре беріс-Төлегетай-Қорасан ата» автомобиль жолының 9,5 шақырымына бөлінген 79396,0 мың теңге қаржыға орташа жөндеу жұмыстары атқарылды.

Аудандағы 4 елді мекеннің (Қожакент, Қыркеңсе, Қосүйеңкі, Сүттіқұдық) ауылішілік ұзындығы 10,0 шақырымдық көшелерін орташа жөндеу жұмыстарына 140000,0 мың теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудандық маңыздағы 189 шақырым автомобиль жолдарына ағымдағы жөндеу мен күтіп ұстау жұыстарына аудандық бюджеттен 2012 жылы 34819,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар аудандық бюджеттен елді мекендердегі жол жүру қозғалысын реттеу бойынша жол белгілерін орнату жұмыстарына 2316,0 мың теңге қаралды.

Бағдаршамдардың электр энергиясын пайдаланғаны үшін төлем жасауға 300,0 мың теңге және бағдаршамдарды күтіп ұстауға 980,0 мың теңге бөлінді.

Төменарық елді мекені тұсындағы қалқымалы көпірді күтіп ұстауға 1500,0 мың теңге қаралды.

Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға байланысты аудандық бюджеттен қоқыс салатын жәшік сатып алуға 7181,0 мың теңге және қоқыс салатын жәшіктерге орын дайындауға 1 907,6 мың теңге, қоқыс салатын жәшіктер сатып алуға 5256,0 мың теңге бөлінген қаржылары толығымен игерілді.

Жаңақорған ауданының ауыз су жүйелерін ағымдағы жөндеуге аудандық бюджеттен 19000,0 мың теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілді.

Жаңақорған ауданының әлеуметтік мәні бар өзін-өзі ақтамайтын ауданішілік, кентішілік, ауыларалық, автобус маршруттарында жолаушы тасымалын ұйымдастыру мақсатында аудандық бюджеттен 5477,0 мың теңге қаржы бөлініп, тасымалды жеке кәсіпкер «Ж..Абишев» атқарды.

«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 2011- 2012 жылдары барлығы 1359 адам қатыстырылды.Оның ішінде:



Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша - 1147 адам қатыстырылды

  1. Кәсіптік даярлауға 2011 жылы – 249 адам, 2012 жылы 108 адам;

  2. Қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 2011 жылы – 74 адам,
    2012 жылы- 125 адам;

  3. Әлеуметтік жұмыс орындарына 2011 жылы – 237 адам, 2012 жылы- 252 адам;

  4. Жастар тәжірибесіне -100 адам.

2011-2012 жылдыры «Жұмыспен қамту-2020» және «Жол картасы» бағдарламалары аясында 558 адам бағдарламаға қатыстырылып, онын ішінде 252 адам оқу курстарын бітірді, осыдан:

  1. 28- адам әлеуметтік жұмыс орындарына тартылды;

  2. 23- адам жастар практикасына жолданды;

  3. 77- адам тұрақты жұмысқа орналасқан;

  4. 3- төртінші бағытқа қатыстырылды;

  5. 63-адам объекивті себептермен жұмысқа орналастыруды қажет етпейді. Нәтижесінде: 112- адамды тұрақты жұмысқа орналастыру қажет.

Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша

2011 жылғы әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 90 адамға 12870,0 мың теңге қаралған қаржыға 237 адам әлеуметтік жұмысқа жолданды, осыдан:



  1. 73- адам тұрақтанды;

  2. 59- адам 2012 жылы әлеуметтік жұмысты жалғастырды;

  3. 51-адам объекивті бірнеше себептермен жұмысқа орналастыруды қажет етпейді. Қалған 54- адамды орталық маманы зерттеуде.

2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына республикалық бюджеттен 110 адамға 27702,0 мың теңгеге қаралған қаржыға 252 адам әлеуметтік жұмысқа жолданды. Нәтижесінде игерілгені: 27702,0 мың теңге (100% ).

2012 жылғы 252 азаматтан:



  1. 78- адам тұрақтанды;

  2. 46- адам әлеуметтік жұмысты жыл соңына дейін жалғастырды;

  3. 31-адам объекивті себептермен жұмысқа орналастыруды қажет етпейді.

Қалған 97 адамды орталық мамандары тұрғылықты жері бойынша зертеу жұмыстарын жүргізіп, жұмыссыздарын тұрақты жұмысқа орналастыруға жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар жұмысқа орналасқан Бағдарлама қатысушыларының жұмыс берушілер тарапынан зейнетақы жинақтау қорына 10 % жарнасын аударуды қамтамасыз ету мақсатында:

Қазіргі таңға дейін 2012 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына тартылған 252 адамнан 211-не зейнетақы жарнасы аударылды. Қалған 41 адамның зейнетақы жарнасы толық аудару шаралары жүргізілуде.



Жастар практикасы бойынша

2012 жылға жастар практикасына республикалық бюджеттен 50 адамға бөлінген 9552,0 мың теңге қаржыға 55 мекемемен келісім шарт жасалып, 100 азаматқа жолдама берілді.

Нәтижесінде игерілгені: 9552,0 мың теңге (100% ).

2012 жылғы жастар практикасына жолданған 100 адамнан:



  1. 13- адам тұрақтанды;

  2. 13- адам жастар практикасына жолданды;

  3. 17-адам объекивті себептермен жұмысқа орналастыруды қажет етпейді.

Қалған 70 адамды орталық мамандары тұрғылықты жері бойынша зертеу жұмыстарын жүргізіп, тұрақты жұмысқа орналастыруға жұмыстар жүргізілуде.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша - 171 адам қатыстырылды

2011 жылы «PROF.-Консалтинг» ЖШС кәсіпкерлік негіздеріне 32 адам оқып, осыдан:



10-адам шағын несие алды;

21- адам 2013 жылы несие алатындар қатарында;

1-адам адамға объекивті себептермен несие беруді қажет етпейді.

2011 жылы республикалық бюджеттен несие беруге бөлінген 24000,0 мың тенгенің есебіен 10 адамға несие беріліп, бағдарламаға қатысушылар 22 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Несие алған 10 азаматтың айналысатын кәсіп түрлері:

1) Мал шаруашылығына - 4 адам,

2) Түйе шаруашылығына -1 адам,

3) Тасымалдау ісіне -1адам,

4) Жалюз жасауға -1адам,

5) Жылыжайға -1 адам,

6) Макарон өніміне -1 адам,

7) Көлік қызметіне -1 адам.

2012 жылы «PROF.-Консалтинг» ЖШС кәсіпкерлік негіздеріне 68 адам оқып, осыдан:

31-адам шағын несие алды;

17- адам 2013 жылы несие алатындар қатарында;

20-адам адамға объекивті себептермен несие беруді қажет етпейді. 2012 жылы республикалы0 бюджеттен 75 адамға шағын несие беруге қаралған 112500,0 мың теңге қаржыны игеру мақсатында 61 азаматқа несие берілді. Нәтижесінде бағдарламаға қатысушылар 122 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Несие алған 61 азаматтың айналысатын кәсіп түрлері:


  1. Мал шаруашылығына - 56 адам,

  2. Кондитерлік өнім – 1 адам,

  3. Техникалық жөндеу орталығы – 2 адам,

  4. Жихаз цехі – 2 адам,

Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша - 41 адам қатыстырылды

2012 жылға бағдарламаның жобаларын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 82321,0 мың теңге қаржының игерілген 53064,0 мың теңгесіне


М. Нәлібаев ауылдық округіндегі Б. Майлин (700 м), Сырғақ батыр (720м),
Т. Рысқұлов (730 м), С. Сағырбаев (700 м) көшелерінің жөндеу жұмыстарына бөлініп, 26 азамат жұмысқа тартылды.

Қалған 29257,0 мың теңге қаржы Ақүйік ауылдық округіндегі Абай (650 м) және А. Ертаев (1100 м) көшелерінің жолдарын жөндеу жұмыстарына бөлініп,


15 азамат жұмысқа тартылды. Барлығы 41 азамат жұмыспен қамтылды.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер саласы

2012 жылы жұмыспен қамту орталығына хабарласқан 1895 адамның, 1110 адамы жұмысқа орналасты. Экономикалық белсенді халық санына шаққанда аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайызды құрады немесе өткен жылмен салыстырғанда 0,6%- ға кеміді (2011ж.-5,8%).

2012 жылы ақылы қоғамдық жұмысқа 583 адам тартылып, 30966,0 мың теңгенің еңбекақысы төленді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 203 отбасына (1079 бала) 9765,5 мың. теңге, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақыға 3389 отбасына (11428 бала) 172477,3 мың теңге, 1047 отбасына 20284,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленді.

Аудан бойынша мүгедектігіне, асыраушысынан айырылуына және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың 01.01.2013 жылғы есебі

Төлем түрлері

Алушылар саны

Зейнеткерлер

5352

Мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алушылар

1957

Асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алушылар

740



Жасына байланысты еңбек өтілі есептелмеген жәрдемақы алушылар

311


Арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар

8418

Оның ішінде :





Ұлы Отан соғысына қатысушылар

10

Ұлы Отан соғысының мүгедектері

11

Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендер

132

Ұлы Отан соғысының мүгедеуктеріне теңестірілгендер

47

Қаза тапқан әскер отбасылары

9

Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің жесірлері

9

Тыл ардагерлері

383

1,2 топ мүгедектері

923

3 топ мүгедектері

797

16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар

301

Батыр аналар

2985

Қуғын-сүргін құрбандары

4

4 және одан да көп балалы отбасылар

2807

№1,2 тізім бойынша


31

Бала туылғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

120

Бала күтімі үшін жәрдемақы

913

Мүгедек-баланы күтушіге төленетін жәрдемақы

343

Базалық зейнетақы төлемі

5439

Білім саласы

Ауданда қазіргі таңда 42 мектеп, 21 мемлекеттік бала-бақша, 13 жеке бала-бақша, 15 шағын орталық, 4 мектептен тыс мекеме, 1 кешкі мектеп жұмыс жасауда. Мектепке дейінгі ұйымдарда 3818 бала қамтылған.

2012 жылдың басында бала бақшалар мен мектеп жанындағы шағын орталықтарда аудан бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда қамтылған балалар 65,5 пайызды құрап отыр.

2011-2012 оқу жылында мектепті бітірген 1183 баланың, 875-і ҰБТ-ге қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл көрсеткіші – 60,2. Өткен жылдың (77,7 балл) орташа көрсеткішінен 17,5 балға төмендеп отыр. Үміткер 52 бала «Алтын белгі»-ні дәлелдей алмаса, «Үздік аттестатқа» үміткер 35 баланың 1-уі ғана өз білімін делелдеді.



Республикалық бюджеттен

Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиемен қамтамасыз ету мақсатында аудандағы 12 жалпы білім беретін (№51,163,160,166,167,184,208,224,240,242,245,247) мектептер жанынан ашылған шағын орталықтарда қамтылған 360 бала 36370,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен қосымша 26020,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 40 баланы күтіп-ұстаушы асыраушыларына берілетін төлемдеріне 7683,6 мың теңге, үйде оқытылатын 15 мүгедек балаларды жабдықпен қамтамасыз етуге 10198,5 мың теңге бөлінді.

Жоғарғы санаттағы-94, 1-ші санаттағы-906, 2-ші санаттағы-910 мектеп мұғалімдерінің біліктілік санаттары бойынша қосымша төлемақыларына 54269,3 мың теңге қаржы төленді.

Аудандағы 4 мектептің (№3,125,86,209) химия пәндік кабинеттерін жабдықтауға 11715,0 мың теңге бөлініп игерілді.

Біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің еңбекақыларын көбейтуге 1527,3 мың теңге қаржы бөлінді.



Облыстық бюджеттен

Аудандағы білім беру ұйымдарындағы жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында білім бөліміне жұмысқа тартылған маманның төлемақысына 946,0 мың теңге бөлінді.

Жаңадан іске қосылатын №194 мектепке 9422,0 мың теңге, №208 мектепке 953,0 мың теңге штат бірліктеріне бөлінді.

Жергілікті бюджеттен

Шет тілін тереңдетіп оқытып жатқан (№169 мектеп) екі маманның төлемақыларына 6448,0 мың теңге, кент орталығындағы №110 мектеп жанынан ашылған консультациялық пунктке бір логопед маман ұстауға 299,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Аудан мектептеріне сатып алынған 1875 дана допқа 6448,0 мың теңге, екі мектепке (№54,239) спорттық кілем сатып алуға 457,0 мың теңге, №3 мектеп-интернатқа жұмсақ жабдықтар алуға 4980,0 мың теңге, №180 мектепке ұйымдастыру техникаларын сатып алуға 386,0 мың теңге бөлінді.

Аудан мектептеріне 52725 дана оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алуға 33652,0 мың теңге (мектеп оқушыларын оқулықпен қамтылуы 100,0 пайызды құрап отыр), оқулықтарды тасымалдауға 2813,0 мың теңге бөлінді.

Аудан мектептеріне (№3,160,223,240) азық-түлік сатып алуға 23315,5 мың теңге, мектептердің 1-сыныбындағы 1629 оқушыны бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 13226,2 мың теңге бөлініп игерілді.

Жалпыға бірдей міндетті оқу қорына 41 мектепке және №3 мектеп-интернатқа 108605,8 мың теңге бөлініп игерілді.

Балалардың демалуы үшін «Тау самалы» лагеріне барлығы 16439,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Мектеп олимпиадалары мен мектептен тыс іс-шараларды өткізуге 574,2 мың теңге, ҰБТ өткізуге 2781,4 мың теңге қаржы бөлініп игерілді.

Аудандағы білім бөліміне қарасты 41 мектепке жай жөндеу жұмыстарын жүргізуге 15548,0 мың теңге және № 223 мектеп жанындағы интернаттың жай жөндеу жұмыстарына 1345,0 мың теңге қаржы бөлініп игерілді.

Аудан мектептеріндегі жылу жүйелеріне қатты отын сатып алуға 51068,0 мың теңге, сұйық отын алуға 62605,9 мың теңге қаржы бөлінді.



Күрделі жөндеу жұмыстарына аудандағы 3 орта мектепке барлығы 114363,0 мың теңге қаржы бөлініп, 105733,6 мың теңгесі игерілді. (оның ішінде № 240 мектепке 39983,2 мың теңге, №86 мектепке 43815,4 мың теңге, №55 мектепке 21935,0 мың теңге). №167 орта мектептің теңгеріміндегі балабақша ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 62,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар аудандағы 5 мектепке (№53,169,89,196,229) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ әзірлеуге 6198,0 мың теңге қаржы бөлінді.



Мәдениет саласы

Жаңақорған ауданы бойынша 2 мәдениет үйі, 26 ауылдық клуб, 3 мәдени демалыс кешендері, 6 халықтық өнер ұжымдары, 36 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану музейі, барлығы 68 мәдениет ошағы аудан халқына мәдени қызмет көрсетеді.

2012 жылы жергілікті бюджеттен Келінтөбе, Қыраш, Өзгент, Қандөз, Қаратөбе, Әбдіғаппар, М.Нәлібаев, Кейден, Жайылма, Түгіскен ауылдық клуб үйлеріне музыкалық аппаратура алуға – 5 млн. теңге қаржы бөлініп музыкалық аппаратуралар алынды. Жергілікті бюджеттен аудандық мәдениет үйіне ұлттық киімдер алуға – 3800,0 мың теңге, «Ордакент» ардагерлер үйіне жиһаздар алуға – 200,0 мың теңге қаржы бөлінді. Қожамберді, Жаңарық, Сунақата, Қандөз, Әбдіғаппар ауылдық клубтарына өртке қарсы дабыл қаққыш қондырғылар орнату үшін жергілікті бюджеттен – 2347,0 мың теңге қаржы бөлінді. Жаңадан салынып пайдалануға берілетін Манап ауылдық клубының қызметін қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 2889,0 мың теңге қаржы бөлініп тиісті жұмыстары толығымен орындалды.

Мәдениет ошақтарын қысқы маусымға қажетті қатты отынмен қамтамасыз етуге мәдениет үйлері мен клубтарға- 6330,0 мың теңге, сұйық отын алуға -1785,0 мың теңге, кітапханалар жүйесіне-1218,0 мың теңге қаржылар бөлініп, мәдениет ошақтары қысқы маусымға қажетті қатты отынмен қамтамасыз етілді.

2012 жылы 1276 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылды. Мәдениет үйлері мен клубтар тарапынан көрермендер залын жалға беру, дыбыс күшейткіш аппаратурасымен қамтамасыз ету, ақылы негізде мекемелердің шараларын өткізіп беру, ұлттық киімдерді жалға беру, ақылы концерттер мен би кештерін өткізу т.б. ұйымдастырылған ақылы қызмет нәтижесінде 2012 жылы 3654,0 мың теңгенің ақылы қызметі орындалды.

Жергілікті бюджеттен аудандық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 13661,0 мың теңге, Алмалық ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге – 9295,0 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдениет үйінің жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттарын жасау үшін – 2000,0 мың теңге, аудандық кітапхана ғимаратына жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттар жасау үшін - 1496,0 мың теңге, М.Нәлібаев ауылдық клубына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге сметалық құжаттар жасату үшін – 631,0 мың теңге қаржы бөлінді.



Кітапханалар жүйесі бойынша аудан халқына 36 кітапхана кітапханалық қызмет көрсетеді. 2012 жылы кітапханалар жүйесінің жалпы бюджеті 71618,0 мың теңгені құрады. 9 ауылдық кітапханаларға компьютер алуға- 1350,0 мың теңге, осы кітапханаларға интернет жүйесін қосуға – 601,0 мың теңге, Модем алуға- 90,0 мың теңге қаржы қаралды. Негізгі көрсеткіштер бойынша 2011 жылы кітапханалардағы жалпы кітап қоры 411748-ге, оқырман саны 28068-ге, кітап берілімі 515072-ге жетсе, 2012 жылы кітап қоры 418668-ге, оқырман саны 28140-қа, кітап берілімі 515405-ке жетіп, нәтижесінде кітап қоры 6920-ға, оқырман саны 72-ге, кітап берілімі 333-ке артты. Кітапханалардың 1-і типтік ғимаратта, 4-і лайықтандырылған арнайы ғимараттарда, 5-і ауыл мектептерінде, 6-ы әкімдік ғимараттарында, 1-і аумақтық басқарма ғимаратында, 2-і жеке үйлерде, 16-ы ауылдық клуб ғимараттарында орналасқан.

Аудандық кітапхана күрделі жөндеуді қажет етеді, 1-і апаттық жағдайда, 10 кітапхана интернет желісіне қосылған, жалпы кітапханалар бойынша компьютерлер саны 41-ге жетті.

Жергілікті бюджеттен 1186,0 мың теңге қаржы қаралып, барлық аудандық, кенттік және ауылдық кітапханалар баспасөз құралдарымен толығымен қамтамасыз етілді. Аудандық орталық кітапхана РАБИС бағдарламасының 5 модулімен жабдықталған. Осы бағдарламаның бүгінгі таңда «Каталогизатор», «Ізденіс Тапсырыс», «Оқырмандарды тіркеу» модулдерімен ғана жұмыс жүргізілуде. Аудандық орталық кітапхананың кітап қоры кітапханалық библиографиялық жіктеу бойынша орналасқан, 2012 жылы электронды каталогқа 11124933 дана кітаптың 9311 аталымы және мақалалардың 1815 сипаттамасы енгізілді.

Мәдени мұра бағдарламасы бойынша аудан бойынша 30 тарихи-мәдени ескерткіштер бар, олардың 4-і Республикалық дәрежеде, жергілікті маңызы бары-17, қалған 9-ы алдын-ала есепке алынған. 30 ескерткіштің тізімі жасалынған, «Тіркеу карточкалары» мен қорғау міндеттемелері қайта рәсімделген

Ішкі саясат саласы бойынша

Өңірдегі қоғамдық саяси ахуал жайлы

«Өңірдегі қоғамдық саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы мониторинг жүргізу қызметі» бойынша 4 рет аудан тұрғындарының саяси көңіл- күйін зерттеу мақсатында сауалнама жүргізілсе, назар аударуды қажет ететін проблемалардың көш басындағы жұмыссыздық, денсаулықпен байланысты, алғашқы кезекте тұтынатын тауар бағасының қымбаттауы, автокөлік және жаяу жүргінші жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы тұр.

Сондай- ақ, Аққорған ауылдық округі ықтимал шиеленіс ошағына жатады. Себебі, «Түгіскен тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-нен жер үлестерін алу жөнінде бұрынғы басшыға қойған талаптарын жаңадан келген басшыға қойып, нәтижесін көре алмай отырғандықтан, ауыл тұрғындары арасында теріс шиеленісті пікір қалыптасып отыр.

Дегенмен, бүгінгі күнге Түгіскен елді мекеніндегі ахуал бірқалыпты. Жалпы есепті мерзім көлемінде аудандағы қоғамдық- саяси ахуал тұрақты деп бағалауға болады.



БАҚ арқылы насихат жұмыстарын жоспарлау және жүргізу

Елбасы Жолдауы мен жалпы мемлекет саясатын ақпараттық қамтамасыз ету арнайы бекітілген медиа – жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Осы орайда, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде тұрақты «Cтратегиялық құжат – жасампаздық тұғырнамасы», «Жолдаудағы он бағыт – ел дамуындағы оң бағыт», «Жасампаздыққа жігерлендірген Жолдау», «Тәуелсіз елді жаңғырту – ортақ мүдде», «Ел дамуының дәйекті бағдаршамы» айдарлары ашылып, онда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік топ өкілдерінің, мемлекеттік орган басшыларының, Президент Жолдауы төңірегіндегі ойлары, пікірлері мен оны жүзеге асыру бағытында тұрақты жұмыстар атқарылып отыр.



Ақпараттық – насихаттық топтардың құрамы мен қызметі

Бүгінде ауданда түрлі сала басшылары мен мамандарынан жасақталған 8 ақпараттық- наихаттық топ жұмыс жасауда. АНТ бекітілген кестеге сәйкес кентте, ауылдық округтерде, тиісті мекемелер мен кәсіпорындарда болып, Елбасының өткен жылғы Қазақстан халқына жолдаған «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбындағы Жолдауын насихаттау , түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.



Жастар саясаты

Елбасымыздың жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында, «Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасында жастар мәселесіне айрықша назар аударды. Өткен жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында қол жеткізген жетістіктеріміз баршылық, алайда алдағы уақытта атқарылар шаруа да жоқ емес.Алдағы уақытта аудан жастары бойында еңбекке деген дұрыс көзқарас қалыптастыру, жоғары іскерлік белсенділігін арттыру, кәсіптік шеберлікке қол жеткізуін қамтамасыз ету, жұмыс нарығында тиімді мінез - құлық этикасын қалыптастыруымыз шарт.

Бүгінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 23001-ді құрайды.( Кент орталығында 7060 , ауылдық округтер 15941).

2012 жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда аудандық бюджеттен 2 млн теңге қаржы қаралды. Қаралған қаржы бойынша «Жастардың бос уақытын ұтымды пайдалануды үйлестіру, еңбекке баулу, шығармашылық әлеуетін дамыту және тағы басқа бағыттар бойынша жобалары ұйымдастырылды. Жоба аясында түрлі форматтағы 38 шара өткізіліп, оған 6000 дай адам қатыстырылды.



Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе атқарылған шаралар туралы

Ауданында облыстық әділет департаментінің ресми мәліметіне сәйкес 70-тен астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген.

Азаматтық қоғам мен мемлекеттік билік арасындағы сындарлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету, үкіметтік емес ұйымдардың қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау, олардың жергілікті мемлекеттік органдардың қолдау негізінде қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешудегі рөлін арттыру мақсатында, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігін пайдалана отырып аудандық бюджеттен 1 800 мың теңге бөлініп жүзеге асырылды

Діни бірлестіктер жайлы.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 26 мешіт «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы » ҚР Заңының 24- бабына сәйкес Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы республикалық діни бірлестігінің филиалы болып қайта есептік тіркеуден өтіп, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жұмыс жасауда.

Ауданда әрекетсіз діни бірлестіктермен діни ғибадатханалар жоқ. Қазіргі таңда аудан бойынша Жаңарық, Келінтөбе, Ақусат және Байкенже елді мекендерінде жаңадан мешіт үйлерінің құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегіжылы бұл нысандардың құрылысы толық аяқталып, халық игілігіне беріледі деп күтілуде..

Мешіттеріміз өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу жолында.

Орталық мешітте «Skaipe» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Аптаның дүйсенбі күндері жамағатымыз «Skaipe» бағдарламасы арқылы облыстағы барлық мешіттермен байланысып сабақтар өткізіліп келеді.

Ауданда діни ахуалға байланысты тоқсан сайын әлеуметтік сауалнамалар жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан мониторинг нәтижелері көрсеткендей ауданда діни ахуал тұрақты.

Саяси партиялар туралы

Ауданда «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалының 30 бастауыш партия ұйымында 3178 партия мүшесі біріктірілген. Жыл басында аудандық партия филиалының жұмыс жоспары,кестелік графигі, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Қоғамдық кеңестің іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2011 - 2012 жылдары 4 Саяси Кеңесінің , 7 Саяси Кеңес Бюросының отырыстары өткізілді.

«Ақ жол» демократиялық партиясы, Жалпыұлттық Социалды-Демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы аудандық өкілдігі тарапынан белсенді жұмыстары атқарылмауда.

«Алға» қоғамдық бірлестігінің аудандағы үйлестірушісі қазіргі уақытта уақытша жұмысын тоқтатқан.



Денсаулық сақтау саласы

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі аясында телемедицина желесі енгізіліп, облыстық ауруханамен байланыс орнатылды.

2012 жылдың қортындысында ауданның 77,6 мың халқына аудандық орталық аурухана, аудандық емхана, туберкулезге қарсы күресу дипансері, 17 дәрігерлік амбулатория,8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет қызмет көрсетті.

Ауданның емдеу, алдын алу мекемелерінде 138 жоғары білімді дәрігер, 610 орта буынды медицина, 303 кіші буынды және 81 шаруашылық қыметкерлері қызмет етеді.

Дәрігерлермен қамтамасыз ету 10 мың халыққа шаққанда 16,4 (2011жылдың 9-айында 14,5 облыстық көрсеткіш-29,3). Дәрігерлердің 27 бірінші, 19 екінші санаттық дәрежеде. 138 дәрігердің 52-нің санаттық дәрежелері бар .Ол 18,3 пайызды құрайды.

Аудандық емханада 62 дәрігер 21 мамандық бойынша мамандандырылған көмек көрсетеді. 8 терапиялық аймақ бар. 8 терапевт, 1 жасөспірімдер дәрігері жұмыс жасады. 13 балалар дәрігері бар, балалар дәрігерімен қамтамасыз етілу 1,8, (2011 жылдың 9-айында -2,1, облыстық көрсеткіш -4,1). 13 балалар дәрігерінің санаты бары -5-38,7 пайыз. (2 - 2 санатта, 3-і-1-ші санатта). Аудандық емхана балалар бөлімі бойынша 9 аймақта 5 балалар дәрігері (55,5 пайыз) бар, қалған 4-уінде фельдшерлер жұмыс жасайды. Ауылдық жерлерде АА Қожакентте -1, АА Қандөзде -1, АА Бірлікте -1, ЖДЕ Түгіскен -1 балалар дәрігері жұмыс жасайды.

Акушер гинекологтар -7, орталықта -6, ауылдық елді мекендерде-1 10 000 халыққа шаққанда қамтылу 0,8. 2012ж-1,0 (2011 жылдың 9- айында -0,9, обл.көрсеткіш 1,2). 4 дәрігердің біліктілік санаттары бар (57,0).

Орта буынды медицина қызметкерлерімен қамтамасыз ету 10-мың халыққа шаққанда 72,3, облыстық көрсеткіш 97,8. Акушеркалар саны 67, қамтылу 9,3.

Орта буынды медицина қызметкерлерінің 114 жоғары, 117 бірінші, 196 екінші санаттық дәрежеде. Яғни 610 орта буынды медицина қызметкерлерінің 427-нің санаттық дәрежелері бар, ол 32,1 пайызды құрайды.



Барлық дәрігерлік қабылдауда 2012жылдың 12-айында -435497 тұрғынға шаққанда –2,9 (2011 ж -420173-4,0 ), (облыстық көрсеткіш-4,0)

Аудан бойынша аурушаңдық - 2012 ж 12-айында 169688-223,9 (2011ж -163371-215,3)

Өлімшілдік - 2012 ж 12-айында 425 -4,9 (2011ж 427-5,0 ), ауруханада қайтыс болғаны 2012 ж 12 айында -42-11,0 (2011ж –47-11,0 ) , үйде 2012 ж 12-айында -383-91,3 (2011– 380-89,0 ).

Бірінші рет мүгедектікке шыққан науқастар саны 2012ж 12-айында-103 (2011ж -91). Еңбекке жарамды жастағылар2012ж 12-айында – 90 (2011ж -83). Еңбек етіп жүргендер 2012ж 12-айында -21 (2011 ж-25).Мүгедектен түсірілгені- 13 (2011ж -14) бірінші орында қан айналымы системасы – 28,екінші орында қатерлі ісік-19, үшінші көз аурулары-19, жарақаттану-312 .

Аудан бойынша 4332 жасөспірім бар. Ішінде ұл балалар-2369,қыз балалар-1963 профилактикалық тексеруден өткені -4632-96 пайыз, аурушаңдықпен анықталғаны 945, сауықтырылғаны -621. «Д» есепте 611 жасөспірім тұрады.

Аудан бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушылары 21, 49 ауған соғысына қатысушылар, 91 Семей полигонында болғандар, 27 Чернобыль апатына қатысушылар диспансерлік есепте тұрады. Профилактикалық тексерумен (100 пайыз) қамтылады.

Ауданда 4 ФГ қондырғысы жұмыс жасайды. 2012 жылға флюорографиялық тексеруге 36620 адам жоспарланды. Қамтылғаны 34342-93,8 пайызды құрады. 2 жылдан аса түспегендер-3663, түскені-3178-86,8 пайыз, ФГ (+) 627 тексерілгені-391-94,2 туберкулез анықталғаны-67.

2012 жылдың қорытынды бойынша тегін және 100 пайыздық жеңілдетілген дәрі дәрмекпен қамтамасыз етілуі, аудан бойынша 25870 рецепт жазылды.

Аудан бойынша әйелдер саны -39054 (2011-39054), оның ішінде туу жасындағы әйелдер 2012ж-19565 (2011ж-19302) . Жасөспірім қыздар 2345 (2011ж-2449),

Жүктілікпен есепке тұрған әйелдердің саны 2081- (2011ж-2008), оның ішінде 12- аптаға дейін есепке алынуы 1640-78,8(2011ж-1605-78,1), босанғаннан кейінгі үйге барып көруі -100 пайыз терапевтермен көрілуі 12 аптаға дейінгілері 2086-80,6 (2011ж-2096) 102 пайыз. Уақытылы босануы 89,9 пайыз (2011ж-85,7,).

Ана өлімі 2011 жылы тіркелген жоқ. 2012 жылы 1 жағдай-48,7 промиль. ҚРДСМ 07 .05.2010 ж шыққан №325 өңірлендіру бұйрығы бойынша 2012 жылы 3 деңгейде босанған әйелдер.

Атап айытқанда: Орталық ауруханада-1905, II-деңгейде-77, III-деңгейде-137. Республикалық деңгейде -5 әйел босанған. Басқа өңірлерде-82 әйел босанған.



Хирургия бөлімінде барлық қабылдау-7617, оның ішінде профилактикалық тексеруден өткендер-4713, амбулаторлық операциялар барлығы-575, жоспарлы түрде-219, жедел түрде-356.

Онколог жалпы қабылдауында-3815, біріншірет қаралған науқастар-1483, қайта қаралғандар-968, үйде қаралғандар-48, күндізгі емдеу бөліміне жіберілген науқастар- 12, қайтыс болғандар саны-54, 1-орындаасқазан қатерлі ісігі, 2-орында өкпе қатерлі ісігі, 3- орында бауыр қатерлі ісігі, 4-орында сүт безі, тері қатерлі ісігі тұрады.

Аудан бойынша 18 -65 жасқа дейінгі тұрғындардың қан айналымы науқасын ерте анықтау үшін өтуге тиістісі- 9569 тұрғыннан, 9502-і профилактикалық тексерілуден өткізілді.



Қант диабетін ерте анықтау үшін тексеруден жоспардағы -10116, тексеруден өткені-9513, қамтылуы 94,04 пайыз. Сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін тексеруне жоспар- 1568, тексерілгені-1458.

Жатыр мойын қатерлі ісігін ерте анықтау үшін тексерілу жоспары-2027, тексеруден өткені-1876-92,55. Глаукома ерте анықтау жоспарлағаны-7096, тексеруден өткені-6695-94,35 Аудан бойынша күндізгі емдеу бөлімі 80 (2011ж- 80) төсектен тұрады. 2012 жылы 2395 (2011ж ж- 2872) науқас емделіп шыққан, төсек күндері 13936 (2011 ж- 17608). Жақсарумен-1864 науқас, жазылуымен -531 науқас емделді.

2012 жылға Облыстық бюджеттен, Жаңақорған аудандық емханаға қарасты емдеу алдын- алу мекемелеріне берілген негізгі жалақы жылдық қаражат көлемі 596,534мың теңге қаржы қаралған оның бүгінгі таңда 447,401 мың теңгесі игерілді


2012 жылға Облыстық бюджеттен, Жаңақорған аудандық емханаға қарасты емдеу алдын- алу мекемелеріне берілген дәрі –дәрмектерге бөлінген жылдық қаражат көлемі 26,880 мың теңге қаржы қаралған оның бүгінгі таңда 12 айында 20,160 мың теңгесі игерілді

2012 –Облыстық бюджеттен Жаңақорған аудандық емханаға қарасты емдеу мекемелерге 10,109 мың теңге отын көмірге бөлініп 9 айында игерілуі жоспарлануда.

2012 жылға Облыстық бюджеттен Жаңақорған аудандық емхана қарасты жедел- жәрдем бөліміне берілген негізгі жалақыға жылдық қаражат көлемі 53,161 мың теңге қаралып, 39,757 мың теңге игерілді.


  1. Мамограф машинасының жалпы құны 58850 мың теңге.

  2. Уаз 3962 маркалы автокөлік құны 2785,0 мың теңге

  3. Нива шевролет бағасы 2785,0 мың теңге

Дене шынықтыру және спорт саласы

Елбасының тапсырмасына сәйкес, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында халықтың 30 пайызы бұқаралық спортпен айналысуы бағытында ауданда жұмыс істеп жатқан 58 дене шынықтыру ұжымдарында 16988 адам дене шынықтыру және спортпен шұғылданып келсе, бұқаралық спортты дамытуға байланысты жыл көлемінде әртүрлі республикалық, облыстық, аудандық деңгейдегі 330 шаралар өткізіліп оған 80,0 мың тұрғын қатысты. Аудандағы 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 1092 оқушы, 12 спорт түрімен шұғылданады. Аудандағы дене шынықтыру және спорт саласында 263 штаттық қызметкер жұмыс жасап жатса, оның ішінде 224 қызметкердің дене шынықтыру білімі бар немесе 85,2 пайызды құрайды.(Өткен жылмен салыстырғанда 13 қызметкерге артты).

Ауданда есепті мерзімге 264 спорт ғимараты жұмыс жасауда, оның 1-і стадион, 17 ату тирі, 37 спорт зал,189 жазықтағы құрылғы алаңдары, 20 ыңғайластырылған залдар.2012 жылы тиісті бюджеттен және бюджеттен тыс қаражат есебінен 11 жасанды шөппен көмкерілген шағын спорт алаңдары пайдалануға берілді. Өткен жылмен салыстырғанда аудандағы спорт ғимараттарының саны 15 бірлікке артқан.

2012 жылы ауданнан Республикамыздың ұлттық құрама командасының санына 11 спортшы енді, облыстық құрама команда мүшелігіне 63 спортшы еніп өз үлестерін қосты.

Әр түрлі спорт түрлерінен 59 спортшы Әлем, Европа, Азия, Қазақстан Республикасы чемпионаттарында, Халықаралық, Республикалық байрақты жарыстардың жеңімпаз, жүлдегерлер қатарында көрінді, олардың 13- алтын, 15- күміс алса, 31- қола медаль алды.

2012 жылы жергілікті бюджеттен спорт жабдықтарын сатып алуға 12500,0 мың теңге және аудан орталығындағы стадионға жасанды жамылғы сатып алуға 23845,0 мың теңге қаржы бөлінді.



Ішкі істер бөлімі бойынша

Аудан көлемінде қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын- алу, болған қылмыстарды ашу, құқық тәртібін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген пролфилдактикалық іс- шаралар нәтижесінде біршама жұмыстар атқарылды.



Аудан көлемінде барлық сала бойынша жалпы қозғалған қылмыстар саны өткен жылмен салыстырғанда 364/416-ға яғни, 14,3 пайызға көбейген. Есепті мерзімде талдау жүргізгенде, аудан көлемінде бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 6/11-ге яғни 83,3 пайызға өскен, жасөспірімдермен жасалған қылмыстар 8/9-ға яғни, 12,5 пайызға өскен. Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 26/50-ге яғни, 92,3 пайызға өскенін көрсетіп отыр. Аудан көлемінде өсім алған қылмыстардың әсіресе мас күйінде орын алған қылмыстардың алдын- алу үшін кафе- барлардың, тойханалардың жұмыс уақытысын белгілеу қажет екендігін көрсетуде.

Елді мекенде ұрлық қылмысы әсіресе мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу үшін малдарды өз бетінше жайылымға айдап жібермей, пада, кезекпен бағу, ұдайы қадағалау жұмыстарын ұйымдастырып, еңбекақыларының төленуін қамтамасыз ету қажет.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет