Жаңашыл ұстаз – жаңаша өмір талабы (Үшінші деңгейлі (негізгі) курсын оқығанан кейінгі туған ой) «Теміртау қаласының №29 жббом»



жүктеу 29.05 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі29.05 Kb.
Жаңашыл ұстаз – жаңаша өмір талабы

(Үшінші деңгейлі (негізгі) курсын оқығанан кейінгі туған ой)

«Теміртау қаласының

№29 ЖББОМ» КММ

информатика пәнінің

мұғалімі Хамза Анжела.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев. «Біздің

міндетіміз- бәсекелестікке лайық ұрпақ

тәрбиелеу»- деген ойын басшылыққа ала

отырып жаңа заман форматындағы

құзіретті тұлғаны тәрбиелеу ұстаз міндеті

деп есептеймін.





Қазіргі кезде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмытылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайына пайдалана білуге үйрету қажеттілігін туғызады. Осыған орай мен қыркүйек айында басталған ҚР жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру курсына қатысып, білім берудегі Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің бірігіп жасаған Бағдарламасын меңгердім. Бүгінгі күні Қазақстанның білім беру жүйесінде Кембридж университетінің сындарлы оқыту теориясының енгізіліп, жүзеге асырылып жатқанына қуаныштымын. Бұл оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырып, жұптық-топтық әрекетте өзіндік ой-қорытындысын жасауға, жүйелі білім алуға жетелейді. Бағдарламаның жеті модуліне негізделген идеяны қабылдап, түйсіну мен үшін және басқа әріптестерім үшін оңай болған жоқ. Бұл жобаның мәнділігі мен маңыздылығын бойымызға сіңіртіп, ұстанымымызды жігерлеген тренер ұстаздарымыздың еңбегі зор. Атап айта кетсем, Қарағанды қаласындағы Білім жетілдіру институтының «Тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру» кафедрасының аға оқытушысы Тлеубай Сауле Тлеубайқызына алғысымыз шексіз.

Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылық пен қабілеттілігін қажет етеді. Заман талабы- шығармашыл, озық ойлы, жаңашыл ұстаз. Қойылып отырған міндет дамыта отырып оқыту, оқушы қабілетіне қарай мүмкін және міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасау. Ұстаз алдындағы басты мақсаты сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Ұстаз- жас ұрпақтың рухани суреткері. Зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және азаматтық құндылықтарды ұрпақ бойына дарытатын тұлға. Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні мынада: жас ұрпақты жақсылыққа жетелей отырып, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа бөлеу дегенді білдіреді. Қазіргі таңдағы білім беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фактор.

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деп, қазақ халқының тұңғыш педагогы Ыбырай Алтынсарин айтқандай, расында да оқушының жақсы оқуына мұғалімнің кәсіби шеберлігі және жылы жүректі мейірімі қажет. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген қазақ дана сөздерінде терең астар жатыр.



Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологиялар кеңінен қолданылып келеді, оның негізгі идеялары еркін білім беру, оқушының тұлғалық күшін, шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін дамыту болып отыр. Қазіргі кезде қолданып жүрген жаңа педагогикалық технология әлемдік деңгейдегі ұғым. Бұл әдісті дамытудағы жұмыстардың нәтижелері, оның білім берудегі жаңалық бола алатындығын көрсетеді, өйткені ең алдымен ол әркезде өзіндік қайталанбайтын ойлардың шығуымен тығыз байланыста болып келеді. Әркімнің өз ойын айтуға мүмкіндігі бар болады да, олардың шығармашылық қабілеттері мен дарындары ашылады.

Еліміздегі білім саласындағы реформалардың кезекті бір идеясын өз бойымыздан тағы бір мәрте өткеріп отырмыз. Қазақстанның түкпір-түкпірінде жаңаша әдістер бойынша білімін толықтырып жатқан ұстаздардың алдында ендігі кезекте өз мектептеріне, қала берді аудандарына осы жаңалықты жүйелі түрде енгізу мақсаты тұр. Осынау қиындығы мол қилы жолда барша әріптестеріме сәттілік тілеймін! Еліміздің еңсесі биік, тұғыры тұрақты, ұрпағы ұлағатты болғай, ағайын!


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет