1.4.5 Жаңбыр суының ағу жылдамдығы
Құбыр мен жер бедері арқылы жаңбыр суының ағу есептік ұзақтығы tr, мин. Оны табу үшін осы формула қажет:
(8)
мұндағы tcon – ҚР ҚН бойынша жаңбыр суының көше науалары арқылы ағу ұзақтығы немесе квартал шеңберіндегі жаңбырқабылдағышының көше коллекторына дейінгі ұзақтық, мин. Жаңбыр ағынының беттік шоғыралану уақытын есеп арқылы не елді мекендегі жабық кварталішілік желілер жоқ болғанда 5-10 мин, бар болғанда 3-5 мин қабылданады.
Кварталішілік кәріз жүйесінің есебінде беттік шоғыралану уақытын 2-3 мин тең қылып қабылдайды.
(9)
мұндағы – көше науалар есептік ұзындығы, м;
– учаскедегі есептік ағу жылдамдығы, м/с. Есептелуі қосымшада көрсетілген.
tp – сол сияқты құбырдан есептік қимаға дейінгі ағу ұзақтығы, келесі теңдеу арқылы қорытылады:
(10)
мұндағы – коллектордың есептік ұзындығы, м;
– учаскедегі есептік ағу жылдамдығы, м/с.
Нөсер суларының есептік шығыны келесі формуламен табылады:
(11)
мұндағы К – коэффицинті барлық учаскелер үшін ҚР ҚН-дағы 8 кестесі бойынша 0.85-ге тең, себебі F = 2062 га тең;
β – құбырдың бос сиымдылығын ескеретін коэффициент. n = 0.57-ге тең болғанда β = 0.75.
Әр учаскі үшін барлық есептеулер қосымшада көрсетілген.
Жаңбыр суларына гидравликалық есептеу үшін есептік шығын , л/с қажет, оны келесідей табады:
(12)
мұндағы β – арынды режім пайда болғандағы бос сыйымдылықты толтыруды ескеретін коэффициент, ҚР ҚН-дан алынады.
Гидравликалық есеп талғау әдісі арқылы жүргізіледі. Алдымен әр учаске үшін ν жылдамдық, одан кейін шығыны қабылданады. Құбырлар диаметрі толықтай толу дәрежесі мен өткізу қабілеті есептік шығыннан 10 пайыздан артық емес болатындай қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |