2.2 Құбыр тарту жұмыстары
Құбыр тораптары деп сұйық, газ тәрізді және сусымалы заттарды тасымалдауға арналған құбыр жүйелері. Олар бір-бірімен қатты түйіскен құбырлардың тік бөліктері, тетіктер мен реттеуші арматуралардан тұрады. Одан басқа төсеніш, нығыздағыштар мен коррозия мен қатудан сақтайтын материалдардан тұрады.
Берілген мағлұматтар:
Орташа жатқызу тереңдігі: 10 м;
Құбыр торабының тартылу толық ұзындығы: 14550м;
Құбырлар диаметрі: 300, 550, 600, 800 мм;
Берілген диаметрлер үшін қазылатын траншеяның биіктігі сәйкес болады.
Жаңбыр канализациясының монтаждық жұмыстары 1 ауысымда орындалып жұмыс ұзақтығы ауысым бойынша келесідей анықталады:
(24)
мұндағы 0,828 – уақыт бойынша ауысымдағы машинисттің сағат сайын 10 минут дем алуы мен технологиялық процесстердің ұйымдастыруына кететін 15 минутқа байланысты коэффициент.
Жаңбыр желісін жобалау құрамына кіретін жұмыстарға траншея үшін геодезиялық орындарды белгілеу, траншеяны қазаншұңқыр, канализация мен жаңбыр қабылдағыш құдықтарды экскаватормен өңдеу, құбыр тораптары мен құдықтарды монтаждау, құбыр желісін беріктікке сынау мен траншеяны грунтпен толтыру жатады.
Технологиялық жұмыстар кешенді механикаланған жүккөтерімділігі Q=16 тонна КС-4561 автокран арқылы жүргізу жоспарланады. Барлық жұмыстар ҚР ҚН-мен мемлекет реглменттері арқылы жұргізілуі тиіс.
Беттік ағынды қабылдау үшін жаңбыр құдықтары қажет. Олар дөңгелек не тік бұрышты болып келеді.
Қабылданған жаңбыр қабылдағыш шойыннан жасалған ТМ-типті шарнирі СТ-KZ. Өлшемдері – 800×130×700 мм, салмағы – 140 кг, жүктемесі – 40 тонна. Магистральді қала көшелері мен жүк көліктер жүретін жолдарыға арналған.
Дөңгелек бақылау құдықтары диаметрі 600 мм-ге дейінгі құбырларда орнатылып ішкі жұмыс диаметрі 1 м болады. Құдық темірбетоннан, тікелей жұмыс полигонында не зауытта құрастырылады. Құбыр диаметрі 700 мм-нен асатын құбырларда тік бұрышты құдықтар қабылданды. Ішкі өлшемдеріне келсек ұзындығы 0,4 м және құбыр не коллектор ішкі диаметрінен 0,5 м-ге артық болады. Осындай өлшемді құдықты кіші диаметрлі құбыр желілеріне орналастыруға да болады бірақ ұзындығы мен ені 1 м-ге тең болу керек. Құдықтың кіріс бөлігі 700 мм, жұмыс диаметрі 1000-2000 мм арасында және биіктігі 1,8 м-ден кем емес болу керек.
Құдықтың ішкі диаметрі d=0.8 м және тереңдігі h=0.4 м болғанда қазылатын қазаншұңқыр өлшемдері тең.
Бақылау құдықтары желінің тік учаскелерінде орналастырылып бір-бірінен ара-қашықтығы диаметрге тәуелді болып кесте арқылы белгіленеді.
Траншеяға құбырды жатқызбас бұрын оны мұқият қарап жарықтар жоқ болуына балтамен жеңіл соғып тексереді. Одан кейін автокран арқылы құбырларды еңістікке қарама-қарсы бағытта жатқызады.
Жерде атқарылатын жұмыстарды орындау тек қана өндірістік яғни жұмыс Топырақты эксковатормен өңдеу кезінде яғни жұмысшыларға шөміштің немесе мұнара кранының стреласы астында тұруға және астынғы жағында жұмыс жүргізуге тыйым да салынады. тардың бекітілген жобасы бойынша ғана орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |