Жаңбыр суын жинап тазалау үшін Алматы қаласы Алмалы ауданы алынды



бет18/26
Дата03.01.2022
өлшемі406.15 Kb.
#451792
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Aytbaev Damir

1.5 Жаңбыр суын тазалау әдісі
Жаңбыр суын тазарту үшін механикалық әдіс қолданылады. Механикалық тазалауды ерікті түрде жергілікті жердегі сарқынды суларды және де жергілікті тазалаудан өткен өндірістік кәсіпорындардың сарқынды суларын тазартуда пайдаланған дұрыс.

Механикалық тазарту сарқынды судан ажыраған, тұндырылған ,ерімеген ластар үшін пайдаланылады. Бұл жерде су тордан, құмұстағыштан, бірінші тұндырғыштан өткен соң биологиялық тазалауға жіберіледі. Тұндыруды тездету үшін табиғи аэрациямен мөлдіреткіштер, биокогуляторлар, жұқа қабатты тұндырғыштар қолданса болады.

Жаңбыр суын тазалау әдістерін таңдау тазалаудың қажетті дәрежесінен, жаңбыр суының ластану дәрежесіне және де басқа себептерге байланысты.

Механикалық тазалау ғимараттарында бұл — қабылдағыш камералар, торлар, судың айналама қозғалысы бар құмұстағыштар, тік тұндырғыштар, бірінші өте ауыр және ірі қоспалардан, содан кейін ерімеген қалдықтардың негізгі түріне қарай ерекшеленеді.



1.5.1 Керегелер
Сарқынды судан ірі ерімейтін қоқыстарды ұстап қалу үшін керегелер қолданылады. Олар дөңгелек, тікбұрышты және әр түрлі түрде болып келетін темір стержіндерден жасайды. Стержіндер темір рамаға жапсырылған және параллельді, қиғаш немесе тік орнатылған.

Керегенің есебінде ең алдымен саңылаудың жалпы санын есептейді. Ол келесі формуламен анықталады:


, (16)
мұндағы qмакс – сарқынды судың максималды шығыны м3/сек;

b – кереге саңылауларының ені, 0,016м тең;

h1 – кереге алдындағы судың тереңдігі м;

Vр – кереге саңылауларындағы орташа жылдамдық, 1 м/с тең деп қабылдаймыз;

k3 – коэффициент, 1,05-ге тең.

Керегенің жалпы енін мына формула арқылы анықтаймыз:


. (17)
мұндағы s – кереге стержінінің қалыңдығы.

Орындалған есептеулерге сәйкес камерасы бар РМУ – 2 (9) маркалы тік керегені таңдаймыз. Камерасының өлшемдері В х Н=1000 х 1000мм, саңылау саны n=39.

Керегедегі саңылаудың жылдамдығы:

, (18)
Керегедегі арынның жоғалуы:

. (19)
мұндағы V – кереге алдындағы камерадағы судың қозғалыс жылдамдығы, (0,8…1,2 )м/сек тең қабылдаймыз;

g - еркін құлаудың жеделдетуі;

р – тордың ластану салдарынан арын жоғалуының артуын ескеретін коэффициент, р=3;

 - керегенің жергілікті қарсыластық коэффициенті өзектің формасына байланысты және мына формуламен анықталады:


. (20)
мұндағы  - коэффициент, тікбұрышты өзектер үшін 2,42 және дөңгелек өзектер үшін 1,72 тең;

 - керегенің горизонтқа қарай қиғаш бұрышы, 60 град деп қабылдаймыз.

Келтірілген тұрғындар саны Nпр=215885 адам (есептелген есептерден бойынша).

Ұсталған лас заттардың көлемі:


. (21)
Тығыздығы =750 кг/м3 болғандағы лас заттардың массасы мынаны құрайды:
(22)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет