3 Экономикалық бөлім
Каналазизациялық жүйенің экономикалық тиімділігін анықтау үшін оның жылдық эксплуатациялық шығынды есептеу керек. Ол адамдардың еңбекақылары, амортизациялық төлемдер, өндірістік шығындар, электроэнергетикалық жарықтандыру, отын мен газ, реагенттер мен транспорт шығындары. Осылардың негізінде 1 суды әкету мен тазалау үшін кететін қаржы табылады. Келесі өрнек арқылы С су әкету экономикалық тиімділігі анықталады:
(25)
мұндағы Э – желінің амортизацияланған төлемдерді қосқандағы жылдық эксплуатациялық шығындары, тенге;
Q – бір жылда әкетулген судың көлемі,
Амортизациялық төлемдер желінің өзіндік құны мен қызмет ету мерзіміне байланысты тәуелді бағдарлы бағасы құрылыс бағасының 3.5 пайызы. Суды әкету жергілікті жағдайлрға байланысты «Алматы Су» тарифтеріне сүйене Алматы қаласы үшін 1 48 тенге құрайды. Оның бағасы қалалар үшін төмендеп, кіші елді мекендер үшін өседі.
Тазарту станциялары үшін амортизация көрсеткіштері келесідей: тор ғимараттары – 8.8 пайыз; құм ұстағыштар – 6.7 пайыз; электрқондырғыларды жөндеу мен жабдықтау – 6.2 пайыз; реттегіш резервуарлар – 5,5 пайыз; коммуникация – 2.8 пайыз; бірінші және екінші реттік тік тұндырғыштар – 4 пайыз; түйіспелі тік резервуарлар – 4.1, сондай ақ көлденең – 10.9 пайыз құрайды.
Амортизациялық аударымдардың жиынтық нормасы бастапқы құннан пайызбен:
(26)
мұндағы К – негізгі құралдардың бастапқы құны;
– негізгі құралдардың барлық қызмет ету мерзімі ішінде күрделі жөндеуге арналған шығындар сомасы;
О – олардың қызмет ету мерзімінің соңында негізгі құралдардың қалдық құны;
Т – негізгі құралдардың қызмет ету жылдарының саны (өтелу мерзімі).
Бір жыл ішінде амортизациялық аударымдар негізгі қорлар құнының 6-7 пайызын құрайды, оның ішінде құрылыстар мен жабдықтарды күрделі жөндеуге аударымдар – 2-3 пайыз. 1 суды әкету және тазалау құны жылдық пайдалану шығыстарының сол жылдағы әкетілген судың мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.
Канализацияны пайдалану бойынша жылдық шығындар бағасы келесі шығындардан тұрады:
(27)
21100000 теңге
мұндағы а – электр энергиясы мен отынға арналған шығындар;
б – ағынды суды тазарту үшін пайдаланылатын химиялық реагенттерге;
в – күрделі жөндеулерге арналған төлемдерді қоса алғандағы
амортизациялық төлемдер;
г – өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы;
д – су төлемдері;
е – өзге де тікелей шығындар;
ж – канализацияны пайдаланумен байланысты цехтық және жалпы шығындар;
з – басқа шығындар.
Атмосфералық суларды бөлудің өзіндік құны жылдық пайдалану шығыстарының жалпы құны су жинау алаңына бөлу арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |