Жакупова Камила «Әлемдік экономика»



бет2/3
Дата01.03.2024
өлшемі16.53 Kb.
#493506
1   2   3
Нәзір Төреқұлов

Әдебиеттерге шолу
Тайыр Мансұров
НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ.
Алматы: "Қазақстан" баспа үйі", 2005 ж. – 384 б.
Нәзір Төреқұлов - өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарқырап шыққан жас қазақ қайраткерлерінің шоғырындағы ең ірі тұлғалардың бірі. Нәзір Төреқұлов - 1928-36 жылдары Төтенше және өкілетті өкіл (сол кездегі ең жоғары дипломатиялық атақ) деген лауазыммен Кеңес Одағының қазіргі Сауд Арабиясындағы елшісі болды.
Тайыр Мансұров
НӘЗІР ТӨРЕҚҰЛОВ - КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ САУД АРАБИЯСЫНДАҒЫ ЕЛШІСІ
Алматы: "Зерде" баспасы, 2011
Кітапта келтірілген деректерден кейіпкердің кеңес-сауд байланысына кең көлемді көзқарасы, әсіресе, оның екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға деген ұмтылыс әрекеті айқын аңғарылады.
Кітаптағы мәліметтер мен құжаттар Ресей Федерациясының сыртқы саясат және басқа да орталық мұрағаттарынан алынған. Сондай-ақ, мұнда Нәзір Төреқұловтың саяси хаттары мен жазбалары да берілген. Зерттеу еңбек дипломаттарға, халықаралық қатынас мамандарына, студенттерге және көпшілік оқырманға арналған.


Н. Төрекұлов мұрасының зерттелуі
Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап кам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды. Алайда, 1937 жылдын қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.
Осылайша, қазақ ұлтының іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов т.б. көрнекті мемлекет және коғам кайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз.
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов тәуелсіздік идеясы үшін күрескені үшін қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның өмір жолына қарап отырсак, қоғамдық және саяси қызметінің барлык белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына қалам алып ғылыммен, әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты. Соның арқасында қазақ әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тіл ғылымы мен баспасөзі үшін, бір сөзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер жазып тастап кетті.
Ә.Бөкейхановпен, М.Дулатовпен бірге атқарысқан қоғамдық қызмет кейіннен үлкен достыққа ұласып, Н. Төреқұлов өмірінің сара жолын айқындап берді. Әлихандармен достық қарым-қатынас кейіннен саяси көзқарас бірлігіне айналып, өмірінің соңына дейін тиеттес болды. Жиырмасыншы жылдары Қазақстанда алашордашылар саяси қуғынға ұшырағанда олар Ташкентке барып Нәзірлерді паналады. Алашордашыл ақын-жазушылар Түркістанда моральдык колдау көріп қана қойған жоқ: шығармаларын газет-журнал беттерінде жариялап, кітаптарын шығарды; кейбіреулері осында окуға қызметке кірді. Кейін Н.Төреқұлов Мәскеуге ауысқанда да алашордашылар Нәзірдің төңірегінен табылып, қанатының астын паналады.
Қоқанда «Халық газетін» ұйымдастырды, газет бетінде оның мақалалары жиі жарияланып, онда партия саясатын халық арасында терең түсіндіріп отырды. 1919 жылы Нәзір Ферғана облревкомынын құрамына сайлана отырып, халық арасында үгіт- насихат ісін кең көлемде жүргізді . Төреқұлов Ферғана облыстық халык ағарту бөлімінің тұңғыш меңгерушісі қызметін атқара жүріп, оларды оқытушылармен қамтамасыз ету ісінде орасан зор ұйымдастырушылық жұмысын атқарды.
1922 жылдың жазында Нәзір Мәскеуге шақырылады, сондағы «Күншығыстың кіндік баспасы» деген отандық баспаның төрағасы қызметіне бекітіледі. Бұл алпысқа жуық газет-журнал мен кітаптар шығатын үлкен баспа орны болатын. Ә.Бөкейханов, М.Жұмабаев сияқты казақтың аса көрнекті зиялы азаматтары Нәзір маңына топтасып, сол баспада әдеби қызметтер атқарады. Нәзір сол баспаның жанынан «Темірқазық» атты әдеби- көркем, қоғамдық саяси журнал шығаруды ұйымдастырады. Нәзір осы кезде сол баспа арқылы жалпы түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы аса қажетті рухани қазыналарды жарыққа шыгаруға белсене қызмет етеді.
1930 жылы-ак, сауда шарты жасалмаған кездің өзінде, Н. Төрекұлов Сауд режіміне кеңестік мұнай өнімдерін сату жөнінде келіссөз жүргізді. Әңгіме 50 мың «жәшік» бензин керосин сату туралы. Бұл өнім елдің бір жылғы қажетін өтейтін еді. Келіссөз сәтті аяқталды. Бірақ бұл үшін Нәзірдің голландиялык «Шелл» және америкалық «Стандарт ойл оф Калифорния» компанияларының өршеленген қарсылығын еңсеруіне тура келді. Сауданы, мұнай өнімдерінен басқа, КСРО-дан ағаш, ұн, күкірт, қант және мата сатып алуға тілек білдірді.
Сонау өткен ғасырдың 30-шы жылдарында Нәзір Төреқұловтай отандасымның, қазақ азаматының әлемдік деңгейде терезесін тең ұстап, сол алпауыттардың өз тілінде, өз дәрежесінде Кеңес Одағы сияқты алып мемлекеттің елшісі ретінде абыроймен қызмет атқаруы, сүйте жүріп түркі тектес халықтардың да мұң-мұқтажын шешіп, осы жолда қам жасап өтуін де ерлікке пара-пар еңбек десек, артық емес . Нәзір Төреқұлов - тарихи тұлға. Оның асыл бейнесін, ел алдындағы ересен еңбегін әрдайым есте сақтаған жөн.
Қай кезде болсын белгілі бір қоғамның даму жолын алға жылжытуда жекелеген тұлғалардын феномені ерекше орын алатындығы баршаға белгілі. Өз елінің тәуелсіздігі мен ұлтының жарқын болашағы үшін күрескен ірі тұлғалар бүкіл адамзат өркениетіне маңызды үлес қосып келеді. Осы орайда Қазақстанным казіргі заманғы мемлекеттілігінің бастауында тұрған нағыз елжанды, ардақты азаматтарының бірі Нәзір Төрекуловтың да ұлтымыздың әлемдік кеңістікте өзіндік орнын иемденуге қосқан үлести атап өтуге тиіспіз.
Нәзір Төрекұлов Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет алып келетінін жан жүрегімен сезінген. Бұл туралы ойларын ол Ташкентте, Мәскеуде шынып тұрған басылымдарда жариялаған мақалалары мен биік мінберлерде жасаған баяндамаларында бүкпесіз айтқан. Патшалык Ресей мен большевиктер билеген Ресей Түркістанды шикізат өндіретін ет ретінде санап, оның мәдени өркендеуіне мүдделі болмағанын, кайта халыкты өсіп-өркендеуін тежеп, кедергі келтіріп отырғанын тұңғыш рет айтып, ашық әшкерелеген.
Әрқилы себептермен, еліміз егемендігін алғанша Нәзір ойдағыдай насихатталмады. Қоғам қайраткері Ыбырай қажы Ысмаилұлы 1995-2005 жылдары Н.Төреқұлов атындағы халықаралық қор ұйымдастырып, нәзіртану жұмыстарын үлкен көрегенділікпен жүргізді.
Нәзір Төреқұлов- тарихшы ғалым.Нәзір мақалалары мен түрлі жиындарда жасаған баяндамаларында тарихи дәйектерге жиі жүгініп, оларды кажетті жерінде ұтымды колданып, ой- тұжырымдарына дәлел етіп пайдалануы оның тарихты жетік білгендігінің нәтижесі. Нәзір «Түркістан Автономиялы Республикасы» (1923), «Қоқан автономиясы» (1925), «Түркістанның қазіргі саяси ахуалы» (1922), «Список народностей СССР» (1936) (баспа жүзін көрген соңғы еңбектерінің бірі - авт.) атты іргелі еңбектерінде және «Отзыв на книгу В.Бартольда», «История Туркестана», «Бухар революциясы хақында», «Басмашылық», «Қазақ пен келімсектер мәселесі» және тағы басқа мақалаларында тарихи мәселелерді көтеріп, жаңадан қалыптасуы тиіс тарих мазмұнына катысты теориялық және әдіснамалық ойларын ортаға салады. Мысалы, ол мұсылман ренессансы туралы ойларды (А. Мец «Мусульманский Ренессанс») жарты ғасыр бұрын айткан болатын.
Нәзір - филолог ғалым деген тұжырымдамаға оның осы саладағы «Жаңа әліпби неге керек?» (1924), «К вопросу о латинизации тюркского алфавита» (1926), 1 Түркологиялық съезде жасаған баяндамасы (1926) «Словарь Хорезмшахи» (1926) және газет-журналдарда жарияланган ғылыми, сыни мақалаларына көптеген талдау жасау барысында келіп отырмыз. Бұл еңбектерінде Нәзір тіл мен әдебиеттің теориясын жетік білетін маман ретінде танылды. Сонымен бірге филологияның даму бағыттарын дөп басып айқындап, оның нәзік калтарыстарына бойлап, ғылыми ой-пікірлер айтады. Айталық, қазақ тілі мен жазуындағы сингармонизм заңдылығы туралы оның салмақты ойлары латын әліпбиін қалыптастыруда қолдауға ие болды.
Нәзір дінтанушы деген тұжырымға да дәлел мен дәйек жеткілікті. Оның «К вопросу об антирелигиозной пропаганде на Востоке» (1925), «Ислам және коммунизм», «Өжет» (1922), «Йажуж- Мажуж һәм шығыс» (1919), «Имандылық» (1927) және т.б. макалалары мен баяндамаларында ислам дінінің қағидаларын жетік білетін маман ретінде танылды. Онын дінтанушылығын атеистік көзкараспен шатыстыруға болмайды. Ол дін мәселесінде зайырлықты ұстанды.
Нәзірдің келесі бір қыры- педагогика ғылымына байланысты. Ол Түркістан Халкомкеңесінде Ағарту Халкомы болып, білім беру ісіне тікелей басшылық жасауымен бірге Түркатком төрағасы, ТКП ОК хатшысы кызметтерінде де білім саласын реформалауға ықпал жасады. Сонымен бірге оның мұгалімдердің І бүкілодақтық съезінде «Ұлт мәселесі және мектеп» такырыбында жасаған баяндамасы білім саласын ұйымдастырушы-практик қана емес, осы саланы дамытудың бағыт-бағдарын айкындаған ғалым ойшыл ретінде де танытты.
РК(б)П ОК жанында шіркеуді мемлекеттен бөлу Декретін іске асыру жөнінде арнайы комиссия 1925 ж. 9 желтоқсанына дейін жұмыс жасаған. Осы комиссияның 1925 ж. 6 қаңтарындағы мәжілісінде «Мұсылмандардын дінге карсы ғылыми журналын шығару туралы» мәселе каралып, журналды «Наука религия» деп атау; журналдың ұсынылған бағдарламасын бекіту; журналдың редакциялық алқасын Петерс, Салех, Атнагулов, Төрекулов, Саид Галиев, Г.Мансуров кұрамында бекіту; жұмыстың жаңадан қолға алынғаны ескеріліп, журналдың бағытын дұрыс жолға қою мақсатында алғашқы санның материалдарын орыс тіліне аударып, Орталық Комитеттің үгіт-насихат бөліміне ұсыну; журналдың түпкілікті безендірілуін ОК баспасөз бөлімімен келісу деген мазмұнда шешім кабылданды. Осындай шешім қабылданғанымен аталған журнал жарық көрмеді. Сірә, Орталық Комитет ондай басылымды шығаруға аса ынталы болмаған сиякты.
Нәзірдің ұлт-азаттық қозғалысының тарихымен шұғылданғандығы жөнінде И.Н.Бороздин былай дейді: «Қысқа мерзімде менің және Төреқұловтын редакциясымен жекелеген халықтардың пугачевщинаға қатысуы туралы «КСРО Шығыс халықтарының халықтық және революциялык қозғалысын зерттеу мәселелері» атты мақалалар мен материалдар жинағы КСРО халықтары Орталық баспасынан жарык көрді. Онда жаңа деректердін айналымға сүйеніп, ұсынылуына жекелеген қорытындылар жасалды». Демек, Нәзір халықтық қозғалыска Шығыс халықтарының қатысуы мәселесінде жазылған мақалаларға бағыт беріп, жарияланатын деректерді таңдауға да араласқан. » деп айқындайды.
Ташкент төңірегіндегі Аккорған елді мекенінде жәдидтік мектеп, 1913 ж. Ташкентте орыс-татар мектебін ашкан. 1919 жылдан бастап осы қаладағы «Янги шарк» газетінің редакциялык алқасына мүше болады. 1919 ж. екінші жартысында Ташкенттегі бірінші түрік-татар мектебін ашып, онын директоры кызметін атқарады. 1922 жылдан ТКП Орталык Комитетінің органы «Инкилоб» журналына редактордың орынбасары болып тағайындалады.
КСРО Ғылым Академиясы Шығыстанушылар Ассоциацияының президиум мүшесі, Жаңа түрік-татар әліпбиі жөніндегі Бүкілодактық орталық президиум мүшесі ретінде Комитеттің тіл Ғылымының мәселелерін талқылаған жиындарда баяндамалар жасады. Елшілік кызметтен босағаннан соңғы кезде ғылымға ден қойып, Одақтық Ғылым Академиясы КСРО халыктарының жазуы мен тілі институтында кызмет істеді. Оның жарык көрген «Список народностей СССР» атты ең соңғы мақаласы Нәзірдің үлкен ғылыми ізденіс жолына түскендігін байқатады. Ең өкініштісі, саяси және дипломатиялык қызметте өзінің карым-кабілетімен жаркырай танылған Нәзір Төреқұловтың ғылым жолындағы шығармашылық ізденістері орта жолдан үзілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет