«Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты



бет1/5
Дата17.07.2016
өлшемі0.8 Mb.
#206278
  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2011 жылғы 7 сәуiрдегi
№ 394 қаулысымен 
бекiтiлген    

«Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi тiзбесi, мекенжайлары осы «Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға, бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартына (бұдан әрi – стандарт) 1-қосымшада көрсетiлген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi (бұдан әрi – уәкiлеттi орган), сондай-ақ балама негiзде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi – орталық) көрсетедi. Орталықтардың мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген.


      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 13 сәуiрдегi Заңының 23-бабының 1-тармағы, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 1-тармағының 3) тармақшасы, 13-бабы 1-тармағының 1) тармақшасы, «Арнаулы әлеуметтiк қызметтердiң кепiлдiк берiлген көлемiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 наурыздағы № 330 қаулысының 1-тармағы, «Халықты әлеуметтiк қорғау саласында арнаулы әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2010 жылғы 6 желтоқсандағы № 394-ө бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлер тiзiлiмiнде № 6714 тiркелген) негiзiнде ұсынылады.
      4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi және қажеттi құжаттар туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң: http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкiлеттi органның, орталық стендiлерiнде, ресми ақпарат көздерiнде орналастырылады, сондай-ақ нөмiрлерi осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң телефоны арқылы алуға болады.
      5. Тұтынушы алатын көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткiзгiштегi дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке тұлғаларға: оңалтудың жеке бағдарламасына немесе медициналық ұйымның қорытындысына сәйкес бөгде адамның күтiмiне және әлеуметтiк қызмет көрсетуге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрi – тұтынушылар):
      1) жалғызiлiктi, жалғыз тұратын бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектер мен қарттарға;
      2) отбасында тұратын тiрек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға;
      3) отбасында тұратын психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға;
      4) отбасында тұратын психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап:
      уәкiлеттi органға – он төрт жұмыс күнi iшiнде;
      орталыққа – он төрт жұмыс күнi iшiнде (мемлекеттiк қызметтiң құжатын (нәтиже) қабылдау және беру күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);
      2) тұтынушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң ең көп рұқсат етiлген уақыты (талон алғанға дейiн) 30 минуттан аспайды;
      3) тұтынушы жүгiнген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi тұтынушыға қызмет көрсетудiң ең көп рұқсат етiлген уақыты уәкiлеттi органда 15 минуттан, орталықта 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
      9. Жұмыс кестесi:
      1) уәкiлеттi органның:
      демалыс (сенбi, жексенбi) және мереке күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен, күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
      2) орталықтың:
      күн сайын үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, орталықтың филиалдары мен өкiлдiктерiнде:
      мереке және демалыс күндерiн қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiн түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейiн. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусiз, «электронды» кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызмет:
      1) тұтынушының тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органның үй-жайларында көрсетiледi, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгiлерi iлiнген ақпараттық стендiлер бар, мүмкiндiгi шектеулi өтiнiш берушiлерге қызмет көрсету үшiн жағдай көзделген;
      2) залында анықтама бюросы, кресло, толтырылған бланк үлгiлерi iлiнген ақпарат стендiлерi бар орталықтың үй-жайында көрсетiледi, мүмкiндiктерi шектеулi өтiнiш берушiлерге қызмет көрсетуге жағдай көзделген.
      Уәкiлеттi органның және орталықтың үй-жайлары санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауiпсiздiгiне, өртке қарсы қойылатын талаптарға сай келедi, күзету және сигнал берумен жарақттандырылған, үй-жайға кiру режимi – еркiн.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн тұтынушы мынадай құжаттарды тапсырады:


      1) тұтынушының жазбаша өтiнiшi, ал кәмелет жасқа толмаған және әрекетке қабiлетсiз адамдарға – заңды өкiлiнiң (баланың ата-анасының бiреуiнiң, қамқоршысының, қорғаншының) жазбаша өтiнiшi немесе белгiленген нысандағы медициналық қолдаухаты;
      2) баланың туу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi немесе жеке куәлiгi;
      3) тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты (мекенжай анықтамасын не селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасын);
      4) мүгедектiгi туралы анықтаманың көшiрмесi (қарттар үшiн талап етiлмейдi);
      5) белгiленген нысан бойынша медициналық карта;
      6) мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасынан үзiндi көшiрмесiн (қарттар үшiн талап етiлмейдi);
      7) зейнеткер жастағы адамдар үшiн – зейнеткер куәлiгi;
      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдар үшiн Ұлы Отан соғысының мүгедегi, қатысушысы және соларға теңестiрiлген адамдардың мәртебесiн растайтын куәлiк.
      Салыстырып тексеру үшiн құжаттардың түпнұсқалары мен көшiрмелерi ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары қайтарылуға жатады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.12.01 N 1427 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
      12. Уәкiлеттi органда өтiнiш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
      Орталықта өтiнiш пен медициналық картаның нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi толтырылған өтiнiштiң, медициналық картаның нысандары мен басқа да құжаттар электрондық поштасының мекенжайы, заңды мекенжайы, телефоны осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкiлеттi органның жауапты адамына тапсырылады. Жауапты адамның кабинетiнiң нөмiрi туралы мәлiметтер уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi ақпараты орналастырылған стендiлерiнде орналасқан.
      Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы көрсетiлгенде құжаттар «терезелердiң» мақсаттары мен орындайтын функциялары туралы ақпарат орналастырылған «терезелер» арқылы қабылданады, сондай-ақ орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты және лауазымы көрсетiледi.
      14. Барлық қажеттi құжаттарды тапсырғаннан кейiн тұтынушыға:
      1) уәкiлеттi органда – өтiнiш берушiнiң тiркелген және мемлекеттiк қызметтi алу күнi, құжаттарды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi;
      2) орталықта:
      өтiнiштiң нөмiрi және қабылданған күнi;
      сұратылған мемлекеттiк қызметтiң түрi;
      қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары;
      құжаттарды беру күнi, уақыты және орны;
      құжаттарды ресiмдеуге өтiнiштi қабылдаған орталық инспекторының тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.
      15. Үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды ресiмдеу туралы хабарламаны не бас тарту туралы жазбаша дәлелдi жауапты жеткiзу:
      1) уәкiлеттi органға жүгiнген кезде – тұтынушы тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға өзi келген кезде не пошта байланысы арқылы;
      2) орталыққа жүгiнген кезде – тұтынушы тұрғылықты жерi бойынша Орталыққа өзi келген кезде қолхат негiзiнде онда көрсетiлген мерзiмде күн сайын «терезелер» арқылы жүзеге асырылады.
      16. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден мынадай негiздер бойынша бас тартылады:
      1) үйде әлеуметтiк қызмет көрсету үшiн қабылдауға тұтынушыда медициналық қарсы көрсетiлiмдердiң болуы;
      2) осы мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн талап етiлетiн құжаттардың бiрiнiң болмауы;
      3) көрiнеу жалған құжаттама беру.
      Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтата тұру үшiн негiздемелер жоқ.
      Мемлекеттiк қызмет орталық арқылы жүзеге асырылған кезде уәкiлеттi орган жоғарыда көрсетiлген себептер бойынша бас тарту себебiн жазбаша жауаппен дәлелдейдi және құжаттар пакетiн алғаннан кейiн он үшiншi жұмыс күнi құжаттарды қайтарады және кейiн өтiнiш берушiге беру үшiн бас тарту себебiн көрсете отырып, орталыққа хабарлама жiбередi.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкiлеттi орган мен орталық қызметi адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың сақталуына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпараттың берiлуiн, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.



4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерi осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.


      19. Уәкiлеттi органның, орталықтың жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердiң сапасы мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң тиiстi бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

5. Шағымдану тәртiбi

      20. Уәкiлеттi лауазымды адамдардың әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымданудың тәртiбiн түсiндiретiн және шағымды дайындауға жәрдем көрсететiн мемлекеттiк органның атауы, оның заңды мекенжайы, электрондық поштасының мекенжайы, телефон нөмiрi осы стандартқа 1, 4-қосымшаларда көрсетiлген.


      Орталық қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметiнiң телефондары арқылы түсiндiрiледi.
      21. Көрсетiлген қызметтiң нәтижесiмен келiспеген жағдайларда шағым осы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң ұйымдастырылуына жауапты мемлекеттiк орган басшысының атына берiледi, олардың атауы, жұмыс кестесi және электрондық мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетiлген.
      22. Қызмет дөрекi көрсетiлген жағдайларда шағым, кабинет нөмiрi уәкiлеттi органның, облыс, Астана мен Алматы қалалары әкiмi аппаратының, орталықтың ақпараттық стендiсiнде көрсетiлген уәкiлеттi органның, облыс, Астана мен Алматы қалалары әкiмi аппаратының және орталық басшысының атына берiледi. Уәкiлеттi органның жұмыс кестесi, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс, Астана мен Алматы қалаларының әкiмi аппаратының, орталықтың телефоны мен орналасқан мекенжайы осы стандартқа 1, 2, 5-қосымшаларда көрсетiлген.
      23. Көрсетiлген қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегi, аты, әкесiнiң аты, пошталық мекенжайы көрсетiледi. Шағымға тұтынушының қолы қойылған болуға тиiс. Шағым берiлгенде қызметiне шағым жасалатын субъектiнiң атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегi мен аты-жөнi, өтiнiш беру және талап ету себептерi көрсетiледi.
      25. Жазбаша шағым берген өтiнiш берушiге берiлген шағымға жауап алуға болатын күнi және уақыты, шағымды қарау барысы туралы бiлуге болатын лауазымды адамның байланыс деректерi көрсетiлген талон берiледi.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесi, № 8 үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, интернет-ресурсы: http:/www.enbek.gov.kz.

«Жалғызiлiктi, жалғыз тұратын қарттарға,


бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне   
мұқтаж мүгедектерге және мүгедек балаларға
үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттарды
ресiмдеу» мемлекеттiк қызмет стандартына 
1-қосымша                  

Уәкiлеттi органдардың тiзбесi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.



Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электронды поштаның мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданыныңжұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы,Нұрмағамбетов көшесi, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерiн
қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн,түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесi, 47arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы,Әл-Фараби көшесi, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiкбағдарламаларбөлiмi

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесi, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiкбағдарламалар бөлiмi

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесi, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн,түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

6

Егiндiкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшiлдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Еңбекшiлдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесi, 64oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесi, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есiл ауданыныңжұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Есiл ауданы, Есiл қаласы, Қонаев көшесi, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online. кz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесi, 3 soc_zahita_21@kokshetau.online.kz socasp@mail.ru

8-7163 5-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар
бөлiмi

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесi, 32. rusz_irk@kokshetau. оnlinekz

8-7164 8-17-02

12

Зерендi ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiкбағдарламалар бөлiмi

Зерендi ауданы, Зерендi ауылы, Бейбiтшiлiк көшесi,64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесi, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83

Демалыс және мереке күндерiн қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн,түскi үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесi, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесi, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шортанды ауданы, Шортанды кентi, Абылайхан көшесi, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiкбағдарламалар бөлiмi

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесi, 24 soczachita@ kokshetau. оnline.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесi, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78

Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмдерi

Р/с №

Уәкiлеттi органның атауы

Уәкiлеттi органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдiң (пәтердiң) №, электронды поштаның мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмiрi

Жұмыс кестесi

1

2

3

4

5

1

Әйтеке биауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiкбағдарламаларбөлiмi

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесi, 10 aitekebi_ozisp@mail.ru

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерiнқоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi
үзiлiс сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

2

Алға ауданының жұмыспен қамтужәне әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Алға ауданы, Алға қаласы, Сейфуллин көшесi, 17 alga_zanytos@mail.ru

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiкбағдарламалар бөлiмi

Байғанин ауданы, Байғанин кентi, Қонаев көшесi, 37 aset2306@mail.ru

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ырғыз ауданы, Ырғыз кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 52 irgizsobez@mail.ru

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiкбағдарламалар бөлiмi

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Патсайы көшесi, 11 а kargala_zzsp@mail.ru

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының
жұмыспен қамту және әлеуметтiк
бағдарламалар
бөiмi

Қобда ауданы, Қобда кентi, Әбiлхайыр хан көшесi, 47 hobda6161@mail.ru hobda_sobes@mail.ru

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту әне әлеуметтiкбағдарламалар бөлiмi

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесi, 38 kazaevanatalja@mail.ru

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесi, 2 zhamald@mail.ru

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темiр ауданыныңжұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Темiр ауданы, Шұбарқұдық кентi, Байғанин көшесi 13 temir-sobes@mail.ru

8-71346 2-30-93 2-22-95

Демалыс және мереке күндерiн
қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейiн, түскi
үзiлiс
сағат 13-00 бастап 14-00 дейiн

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесi, 69 s_nauyrizbaev@mail.ru

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Жеңiс даңғылы, 4 hromtay_s@mail.ru

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Үргенiшбаев көшесi,13 shalkarsobes77@yandex.ru

8-71335 2-30-11 2-15-77

13

Ақтөбе қ. жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi

030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесi, 289 А

87132 51-22-49, 51-64-18


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет