«Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің 2013 жылға атқарылған жұмыстары жөнінде мәлімет



Дата03.07.2016
өлшемі128.48 Kb.
#175545
«Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің 2013 жылға атқарылған жұмыстары жөнінде мәлімет



Шараның атауы

Өткізілген орны, күні, айы, жылы

Қатынасқан, қатынаспаған ауылдық округтер

Қатысқындар саны

Мақсаты

БАҚ- та жариялануы

Жұмсалған қаржы

Анықтама

1

«Ел мерейін көтерген еңсесі ерен аналар» аудан әкімінң қыз-келіншектермен кездесуі

«Таң» мейрамханасы 15.03.2013 жыл

Түгел қатынасты

120

Елге еңбегі сіңген ардагер апаларымыздың еңбек жолын жас ұрпаққа насихаттау

Жаңақорған тынысы газетінің №24 жарияланды. «Қазақстан- Қызылорда» телеарнасымен ақпараттандырылды.

650 000 теңге

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында, аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жалынды жастар» ЖҚБ- нің ұйымдастыруымен «Таң» мейрамханасында «Ел мерейін көтерген еңбегі ерен аналар» тақырыбында салтанатты жүздесу болып өтті. Мерекелік басқосуда алғаш сөз кезегін аудан әкімі С.Тәуіпбаев барша қыз-келіншектерді көктемнің шуақты мерекесі жақсылықтың жаршысы Наурыз мерекесімен құттықтады. Шара барысында ауданның әнші, бишілері келген қонақтарға өз өнерлерін паш етті.

2

«Нұрлы көктем» аймақтық фестиваль

Аудандық мәдениет үйі 26.03.2013 жыл

Қатынаспаған-Шалхия, Кейден, Көктөбе, Қосүйеңкі, Қыраш, Қыркеңсе, Талап

600

150

110

100

80

140

90

Аудан жастарының шығармашылық әлеуетін арттыру, жастарды өнерге баулу

Жаңақорған тынысы газетінің №30 жарияланды. «Қазақстан- Қызылорда» телеарнасымен ақпараттандырылды.

500 000 теңге

Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастамасымен «Жалынды жастар» ЖҚБ- нің ұйымдастыруымен аймақтық «ННұрлы көктем» байқауы болып өтті.

Байқау шарты бойынша алғашқы кезеңде 26 кент, ауылдық округтің талапкерлері Қожакент, Ақүйік, Төменарық ауылдарында өткен аймақтық іріктеуде сараланып, мұнан кейін жүлделі, бірінші һәм екінші орын алғандары аудан орталығына жолдама алды.Жеңімпаздар үш бағытта яғни қолөнер, ән, шығармашылық арнау бойынша анықталды.



3

«Өзге діни ағымдардан сақтана біл» жастармен кездесу

«Ордакент» ардагерлер үйі

15.04.2013 жыл

Төменарық а/о

Қожакент а/о

Бесарық а/о

Бесарық а/о қарасты Кеңес ауылы

Түгел қатынасты

350

180

250

150

170

Аудан жастарының керітартпа діни ағымдардан сақ болуы, жат ағымдарға еріп кетпеуі жайлы

Жаңақорған тынысы газетінің № 31 жарияланды.

50 000 теңге

Сәуір айының 16-17 күндері аудандық ішкі саясат, «Жалынды жастар» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен аудан жастарының жат ағымдар жетегінде еріп кетпеу мақсатында «Өзге діни ағымдардан сақтана білейік» атты алдын-алу жүздесулер өтті. Насихат тобы құрамында облыстық дін істер департаментінің бас маманы – С.Смағұлов, аудандық прокурор көмекшісі – А.Бейсов, ауданның бас имамы – С.Омаров, ішкі саясат бөлімінің дінтанушысы – Ш.Айдаров болды.

4

«Жалынды жастар- тазалыққа бастар» тазалық акциясы

Кент орталығы

-----------------------------

250

Аудан жастарын өз і қоныстанып жатқан ауданын таза ұстауға, көркейтуге шақыру

Жаңақорған тынысы газетінің № 29 жарияланды.

Ақысыз негізде

Сәуір-мамыр тазалық айлығына байланысты аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жалынды жастар» ЖҚБнің қолдауымен «Жалынды жастар- тазалыққа бастар» тазалық акциясы болып өтті.Игі шара Мұсаханов көшесінен бастау алды. Ондағы көпір астындағы көлшікке жиылған қоқыстарды тазартып, жүк көлігіне артты. Мұндағы мақсат: жергілікті тұрғындардың көңілін тазалыққа бұрып, мұндай шаралардың бұқаралық сипат алуына бастамашы болу

5

«Қазақстан -татулық пен бірліктің мекені» дебат ойыны

№ 163 орта мектеп акт залы 11.05.2013 жыл

Түгел қатынасты

120

Жастардың қоғамдағы болып жатқан проблемаларға өздерінің көзқарасы, жастарды өз пікірлерін айта білуге тәрбиелеу

Жаңақорған тынысы газетінің № 37 жарияланды

20 000 теңге

Жуырда кентіміздегі №163 орта мектепте аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылығымен, «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен «Қазақстантатулық пен бірліктің мекені» атты дебат ойыны болып өтті. Дебатқа кент орталығындағы мектептерден 8 команда қатысты. Озат ойлы пікірсайысшылар «2020 жастар саясаты», «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық», «Жаңа қазақстандық патриотизмді дамыту», «Егерде мен Президент болсам» деген секілді қоғамдағы актуальді мәселелер жөнінде өзара «Үкімет» һәм «Оппозиция» болып ой таластырды.

6

«Салауатты ұрпақ–Саламатты Қазақстан» аудандық спартакиада

Орталық Стадион 16.05.2013 жыл

Қатынаспаған- Бесарық, Келінтөбе

370

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту

Жаңақорған тынысы газетінің № 39 жарияланды. «Қазақстан- Қызылорда» телеарнасымен ақпараттандырылды.

300 000 теңге

16 мамыр күні Жаңақорған ауданының орталық стадионында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылығымен, «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі және аудандық спорт және денешынықтыру бөлімінің үйлестіруімен «Салауатты ұрпақ – Саламатты Қазақстан» атты аудандық жастар спартакиадасы болып өтті.

Спартакиаданың басты мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты нығайту мен сақтаудың тиісті дағдыларын қалыптастыру, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

7

«Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің айғағы» атты жас ақындар мүшайрасы

«Арман» қоныстық мәдениет үйі 04.06.2013 жыл

Қатынаспаған- Жаңақорған кенті, Ақүйік, Бесарық, Келінтөбе, Көктөбе, Қаратөбе, Қандөз, Қожакент, Қосүйеңкі, Қыраш, Қыркеңсе

150

Мемлекеттік рәміздерді жастар арасында насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, жастарды отансүйгіштікке баулу

Жаңақорған тынысы газетінің № 40 жарияланды.

70 000 теңге

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен маусым айының 4-ші жұлдызында «Арман» қоныстық мәдениет үйінде 4 маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай жас ақындардың мүшайрасы болып өтті. Шараға барлық кент, ауылдық округтерден 14-30 жас аралығындағы 30 жас жазба ақындар қатысты.

8

«Балалық шаққа саясат» атты мәдени шара

«Талдысу» балалар лагері

18.06.2013 жыл

------

480

«Талдысу» балалар лагеріндегі жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына, жастарды өнерге баулу.

------------------

-------------

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің үйлестіруімен маусым айының 18-ші жұлдызында Жаңақорған ауданындағы «Талдысу» лагерінде «Балалық шаққа саяхат» атты мәдени көпшілік шара өтті.

9

«Менің Отаным - Қазақстан» атты аудан әкімі кубогі үшін аудандық кіші футбол турнирі

Орталық жасанды алаң 14.06.2013 жыл

Төменарық а/о

Ақүйік а/о

Аққорған а/о


Қатынаспаған- Жаңарық, Кейден, Келінтөбе, Көктөбе, Қосүйеңкі, Қыраш



150
150
100

150

Жастарды спортқа баулу, жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, көше командаларын жасақтау

Жаңақорған тынысы газетінің № 47 жарияланды.

200 000 теңге

Аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 4 маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай «Менің Отаным - Қазақстан» атты кент, ауылдық округ командалары арасында аудан әкімінің кубогі үшін кіші футболдан турнир өткізілді. Турнир алдымен 3 аймақта болып өтті:




10

«Жастар- болашақтың жарқын боларына сенеді» атты жас суретшілер байқауы

Орталық саябақ 26.06.2013 жыл

Қатынаспаған- Жаңақорған кенті, Шалхия, Аққорған, Ақүйік, Бесарық, Келінтөбе, Көктөбе, Қаратөбе, Қандөз, Қыркеңсе, Манап, Өзгент, Төменарық, Сүттіқұдық

200

Нашақорлыққа қарсы күніне орай жастардық жаман әдеттерге деген ойларын дамыту, шығармашыл жастарды қолдау

Жаңақорған тынысы газетінің № 50 жарияланды

100 000 теңге

Жақында ішкі саясат бөлімі, «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың маусым айының 26-сы күні сағат 17:00-де орталық саябақта, Халықаралақ нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күніне орай «Жастар – болашақтың жарқын боларына сенеді» атты жас суретшілер сайысы болып өтті.


11

«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты Ауған соғысына, Чернобыль апатына қатысушы қоғамдық ұйым жетекшілерімен жастар кездесуі


«Талдысу», «Тау самалы» балалар тынығу лагері

12-13 шілде, 2013 жыл

----------------

300

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;

«Жаңақорған тынысы» газетінің № жарияланды.

180 000 теңге

Аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жалынды жастар» ЖҚБ-нің үйлестіруімен «Талдысу», «Тау самалы» лагерінде «ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран» атты Ауған, Чернобыль апатына қатысушы қоғамдық ұйым жетекшілерімен тынығушы жастар арасында кездесу болып өтті.Кездесу соңы жастарға арналған мерекелік концертке ұласты.


12

Жұмыссыз жастармен кездесу

Орталықтандырылған кітапхана

18 шілде

2013 жыл


Қатынаспаған а/о

50

Жұмыссыз жастарды «Жасыл ел» жасағына, облыстық «Құрылыс жасағына» жұмысқа шақыру


«Жаңақорған тынысы» газетінің № жарияланды.

ақысыз негізде

Аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жас Отан» корпоративтік қоры, облыстық «Жасыл ел» еңбек жасағының көшбасшыларының ұйымдастыруымен аудандағы жұмыссыз жастармен кездесу болып өтті. Кездесуге барлық бөлім басшылары, «Жас Отан» жастар қанатының аудандық Хатшысы, «Жалынды жастар жастар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ауылдық округтің жастар ұйымының жетекшілері, жұмыссыз жастар, ҮЕҰ өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты. Кездесу барысында сұрақ – жауап алынып, пікір алмасу жүргізілді.


13

Тарихи орындарға саяхат

Сығанақ, «Ақтас» мешіті, «Қарасопы», «Хорасан - Ата», «Төлек - Ата», «Қылышты ата», «Бақсаыс», «Қылауыыз Ата» кесене мазараттары

Барлық ауылдық округ қатынасты

50

Мәдени мұра бағдарламасын іске асыру мақсатында, аудан жастарын өз ауданымызда орналасқан кесене, мазараттарға апара отырып, өз тарихымызды түсіндіру және насихаттау

«Жаңақорған тынысы» газетінің № 69 жарияланды.

280 мың теңге

Аудандық ішкі саясат бөлімі, «Жалынды жастар» ЖҚБ-нің үйлестіруімен аудан жастары

Сығанақ, «Ақтас» мешіті, «Қарасопы», «Хорасан - Ата», «Төлек - Ата», «Қылышты ата», «Бақсайыс», «Қылауыз Ата» кесене мазараттарын аралап қайтты. Мұндағы мақсат: жастарға аудан көлемінде орналасқан тарихи-мәдени орындарды насихаттау. Жастар «Қарасопы», «Хорасан-ата», «Қылышты-ата», «Бақсайыс», «Қылауыз-ата» секілді тарихи мазараттар орнына зиярат етіп, қаншама құнды тарихымыздың бар екендігінің куәгерлері болды.


14


«Спорт – ұлт денсаулығының кепілі» атты қазақ күресінен аудан әкімінің арнайы жүлдесі үшін турнир


10-13 қыркүйек аралығы

Жаңақорған кенті, аудандық спорт мектебі.

Турнир 3 аймақта өтізілді:

Аққорған

Ақүйік

Төменарық

Ақтық сайыс Жаңақорған кенті

Қандөз, Көктөбе, Келінтөбе, Өзгент, Манап, Талап, Сунақата, Жайылм


25

20

18

14

Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спортты дамыту

«Жаңақорған тынысы» газетінің № жарияланды

400 000 теңге

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауының басым бағытарының бірі – жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты қолдау, спортық шеберлікерін арттыру мақсатында аудандық ішкі саясат бөлімі тапсырысымен, «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі және аудандық спорт бөлімінің үйлестіруімен «Спорт – ұлт денсаулығының кепілі» атты аудан әкімінің арнайы жүлдесі үшін қазақша күрестен 17 -29 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер арасында турнир болып өтті.


15

Биллярд ойынынан аудандық турнир

17 қыркүйек

«Ануар» биллярд клубы

Түгел қатынасты

30

Турнир мақсаты: жастар арасында билярд ойынына деген қызығушылығын арттыру.

«Жаңақорған тынысы» газетінің № жарияланды

100 000 теңге

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ануар» биллярд клубында аудан жастары арасында билярд ойынынан аудандық турнир болып өтті.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет