Жалпақ жапырақтардың ерекшеліктері (қылқан жапырақтылардан айырмашылығы)



бет4/5
Дата05.10.2023
өлшемі29.34 Kb.
#479883
1   2   3   4   5
7.1 лекция

Тундралар
Еуразия және Солтүстік Америкада солтүстіктен ағашты өсімдік шекарасына дейінгі аймақты қамтиды.Тундралар бірыңғай циркумполярлы зона түзеді және Сібірдің көптеген аймағын және Канаданы алып жатыр.
Тундралар қысқы және салқын вегетациялы кезеңде топырақтың төменгі температурасында дамиды. Ауаның жоғары ылғалдылығы, жауын-шашынның булануы болады. Тірі ағзалар үшін температура тербелісі байқалады. Барлық айларда вегетациялы кезеңдерде минималды температура болады. Тундра жағдайларында маңызды экологиялық фактор төменгі температурадан және күштә желдерден қорғайтын қарлы қабат болып табылады. Өсімдіктің биіктігі көбіне, қарлы қабаттардың қуаттылығымен анықталады.
Өсімдігі. Тундра өсімдігі криофиттер және салқын вегетациялы кезеңдерге, топырақтың төменгі температурасына төзімді. Тундра өсімдіктерін қыналы, ағаштан және т.б. деп бөледі. Бұл барлық типтік өсімдіктер бірнеше топырақ доминирленуімен сипататталады, олар қына, бұташықтар көпжылдық шөпті өсімдіктер, т.б.
Тундраның өсімдік қабатының сипаттық ерекшелігі - кешенділігі, микро және мезожербедер формаларының түріне негізделген.
Полярлы шекарадан жағдайлардың өзгеруіне байланысты жоғары қарай бойлықтың бағытталуы бойынша тундраны субарктикалық, арктикалық, жоғары арктикалық деп бөледі. Соңғылары жиі полярлы шөлдерге жатады. Субарктикалық тундралар қауымдастығында әртүрлі полярлы ақ қайыңдар басым бола бастайды.
Арктикалық тундраларда: топырақтық және ағашты-шөпті болып екі қабатқа бөлінеді. Субантарктикалық аралдардың оңтүстік жарты шарында оңтүстік шекарадан салқын жазды, ай сайын температураның тербелуі, жоғары ылғалдылықты мұхиттық климат ағашты жыныстарда таралады. Маңызды экологиялық факторлардауыл, күшті желдер болып табылады.
Жануарлар әлемі. Тундрада жануарлардың қоныстануына экологиялық жағдайларын толық негіздермен экстремалды деп айтуға болады. Жануарлар әлемінде тік қабаттылық өте әлсіз дамыған. Жазғы айларда топырақ тереңдігіне байланысты, топрыпақты тіршілік ететін жануарлардың ылғалдылық жағдайы өте жоғары болады. Тундраның жануарлар әлемі 42-суретте берілген.
Тундрадағы жануарлардың тіршілігі нігізінен топрыақтың төсемді және жер үстілік қабаттарына негізделген, жазғы айлардың үшінші, төртінші мезгілдеріне шектелген. Жыл сайынғы ағымдағы жасыл өсімдік массасын ұсақ жәндіктер, яғни леммингтер, сұр тышқандар пайдаланады. Еуразияның батыс секторында Норвегиялық лемминг және өзіндік тұяқты лемминг өмір сүреді. Олардың қысқа таман үшінші және төртінші саусақтарының тырнақтары өткір шанышқылы "тұяқтылар" сияқты өседі. Олармен тұяқты алақоржын қысқы қар астындағы және төсеулі жүрістерін оңай қаза алады.Алақоржындар қыста жапырақтармен қоректенеді, ал жазда өздерінің рациондарын жидектермен, саңырауқұлақтармен, қыналармен алмастырады. Еуразия мен Солтүстік Америка тундрасында солтүстік бұғысы кең таралған, ал Америкада оны карибу деп атайды. Оның мүйізінің ұзындығы -1,4 м. Солтүстік бұғылары жазда әртүрлі шөпті өсімдіктермен қоректенеді. Таулы тундраларда, Беринг бұғазының екі жағында қошқарлар тіршілік етеді. Қошқарлар шөпті өсімдіктермен қоректенеді.
Ақ және тундра құрлары жазғы уақыттағы күлгін-қоңыр түсін қысқы мезгілде ақ түске ауыстырады. Олар жапырақтармен, жидектермен қоректенеді. Ақ құрлар тундра жазығында тіршілік етсе, ал қысқа таман орманды тундраларға орын ауыстырады. Тундра құрлар таулы тундраларда мекен етеді.
Тундра табиғат белдеуі. Тундра солтүстік Мұзды мүхиттың жағалауымен жатқан материктің ұлан-байтақ жерін қысы ұзақ әрі суық (8 айға дейін) жылдық мқлшері Сібірде 200-2500 мм, Еуропалық тундрада 400 мм болады. Жазы өте қысқа, салқын (2-3 ай) ең жылы айының орташа температурасы +100 - +120С. Үсік жас айларының барлығында да бола береді. Қар жамылғысы әртүрлі келеді де, солтүстіктен соққан желдер (10-40 м/сек) қарды ұшырып, топырақтың тоң қалдығы 150-200 см-ге дейін жетіп, көп жылдық мәңгі тоңға айналады. Тундрада күн батпайтын және түн болмайтын жазғы ұзақ күндер болады.
Тіршілік жағдайның осындай қатаңдығының нәтижесінде тундра биоценозының өзіндік ерекшеліктері қалыптасқан:
1.Тундра флорасы аса бай емес..Тундра флорасы аса бай емес.300-400 түрі ғана кездеседі;
2.Өсімдіктердің вегетациясы интенсивті және тез жүреді.Өсімдіктердің жапырақ бүршіктері күзде қалыптасады да, көктемде 2-3 күннің ішінде жапырақ ашады.Вегетациялық дәуірі 2-2,5 айға созылады.
3.Бір жылдық өсімдіктер кездеспейді, барлық дерлік көп жылдық өсімдіктер Басым көпшілігі бұталар мен шөптесін өсімдіктер, ал ағаш тектес өсімдіктер мүлдем болмайды.
4.Өсімдіктердің бой аласа, жатаған болып өседі.Бұл судың аз булануына әрі топырақта жылудың көбірек сақталуына әсер етеді.
5.Гүлдері насекомдар арқылы тез әрі дұрыс тозаңданатын ірі және ашық түсті болып келеді;
6.Пязшықты және түйнекті өсімдіктердің түрлері кездеспейді;
7.Тірі туатын (вивипария) формалары өте көп, тұқым тыныштық дәуірін өтпей-ақ бірден аналық өсімдіктің өзінде өніп, негізгі вегетативті органдар (тамыр,сабақ, жапырақ) пайда болып, одан түсіп, өз бетінше тіршілігін жүргізеді;
8.Өсімдіктер бірлестігі аз ярусты болып келеді.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасатын Еуропа мен Азияның аралығында тундра табиғат белдеуі негізгі төрт белдеу тармағына бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет