Жалпақтал кітапханасы. Бар тіршілігін халыққа қызмет етуге арнап



жүктеу 52.51 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі52.51 Kb.
Жалпақтал кітапханасы.

Бар тіршілігін халыққа қызмет етуге арнап, мыңдаған оқырманның құрметі мен ыстық ықыласына бөленген бұл мәдениет ошағының шаңырақ көтергеніне ғасырға жуық уақыт болды. Халыққа осынша уақыт қызмет көрсетіп, әр адамның жанына рухани азық сепкен кітапхана еңбегі мақтанышқа да, қай алуан марапаттауға да лайық. Сондай шаңырақтың қабырғасында еңбек ету әр кітапханашыға үлкен абырой. Осыған орай Жалпақтал кітапханасының алғашқы қадам сәтіне ой жүгіртсек.

1925 жылдары Сламихин станицасында алғаш оқу үйі болып ашылған бұл кітапхана (қазіргі Жалпақтал кітапханасы) өзінің алғашқы оқырмандарын сол жылдары қабылдаған екен. 1928 жылдың 3-ші қыркүйегінде Сламихин ауданы (бұрынғы Фурманов, қазіргі Жалпақтал) болып құрылғаннан кейін ондағы оқу үйі кітапханаға айналды. Кітап қоры көбейіп, арада бірнеше жыл өткенде кітапхананың кітап қоры 3000 данаға жетті. Олардың игілігін көріп отырған тұрақты оқырмандары 150-ден асып, Сламихин аудандық (қазіргі Жалпақтал) кітапханасы болып жалғасын тапты. Бұл келтіргендеріміз көпшілікке жай сандар көрінгенімен арғы жағында мәдени жағынан өсіп-өркендеудің көңіл толар көрсеткіштері жатырған болатын.

1930 жылдардың аяғында елімізде аудандық жерлердегі көпшілік кітапханалар санының көбейуіне орай аудан өңірінде оқу үйлері біртіндеп ашыла бастады.

1936 жылы 9-шы ақпанында Сламихин ауданы мен кентіне Д.А.Фурмановтың есімі берілді. Соған орай Сламихин аудандық кітапханасы Фурманов аудандық кітапханасы болып аталды. Бұл жылы аудан бойынша 4 кітапхана болды. Бұл жылдары кітапханалар жүйесі шағын және әдебиеттері аз болды.

1938 жыл. Бұл жылы кітапханалар мен оқу үйлері бір қалыпты жұмыс атқарды.

1939 жыл. Елімізде социалистік өзгерістер мәдениеттің және партия идеяларының Қазақстанның ең шалғай жатқан аудандарына жету үшін негіз жасалған болатын. Ол кездері аудан өңіріндегі ауылдарда оқу үйлері, қызыл отау, кітапханалар көптеп ашыла бастады. Елімізде 2 миллион 600 мыңнан астам кітап қоры бар 3387 кітапхана жұмыс істесе, солардың қатарында Фурманов аудандық (қазіргі Жалпақтал кітапханасы) кітапханасы да бар еді.

1940 – 1945 жылдар еліміздің, халықтың басына түскен ауыр, қайғылы да қасіретті жылдар болғаны белгілі. Бұл кезеңдер аудан халқы үшін де ең ауыр жылдар болды. Бұл жылдары соғыстың барысын, соғысқа аттанғандардың ержүректі ерліктері мен батырлықтарын, майдан мен тылдағы ерлік көрсеткендер туралы хабарларды жариялап отырған мерзімді басылымдарды оқырмандар кітапхана, оқу үйлері арқылы алып, оқып-біліп отырды.

1948 жыл. Бұл жылдан 1958-ші жылға дейінгі аралықта аудандық кітапхана меңгерушісі Ғаббасова Камила болды.

Фурманов ауданының өңірінде орналасқан қызыл отаулардың бірінде Айсағалиева Ғайнижамал меңгеруші болды. Ол кездегі қызыл отаулар - көркем-өнер үйірмелерін, ғылыми-атеистік, ғылыми-техникалық және ауыл шаруашылық жұмысын ұйымдастырушылар болды. Олардың қарамағында мерзімді басылымдар, анықтамалықтар, плакаттар, патефон, музыкалық аспаптар т.б. болды. Сол кездері қызыл отаудан аудан мен жайлыс бөлімшелеріне 8 мәрте мәдени бригада жіберіліп, оған 817 колхозшылар қатысты. Қызыл отаулар үшін қаржы қаралып қажетті мүліктерін сатып алып отырды. Қызыл отаудың жұмысына ауылдардың партия-совет активі белсене ат салысты.

1949 жыл. Осы жылдың 1-ші қыркүйегінде Фурманов ауданы (қазіргі Жалпақтал), Балықты ауылдық советінде құрылған қызыл отаудың алғаш ұйымдастырушыларының бірі Жамалиев Жұмағұл болды.

Жарым құрсақ, жадау көңіл жұртқа бұл құрылған қызыл отаулардың қызметі кәдімгідей демеу болды. Сол кездегі қызыл отау «Жас», «Жас Қайрат», «Карл Маркс», «Бостандық», «Правда» колхоздарының өңірін қамтыды. Қамтылған жердің көлемі 150 шақырым болды. Қызыл отаудың 1 киіз үйі және 1 қысқы үйі болды. Ауданнан 12 шақырымдай жерлерде орналасты. Кітапхана жабдықтары - 56 дана кітап, 1 радиопремник болды. Облыстық, аудандық газет басылымдарын алдырып тұрды. Оқырмандармен жүргізілетін іс-шараларының өз алдына жоспары болды.

Сол жылдарғы кітапханалар есебінде Фурманов аудандық кітапханада 245 оқырман қамтылып, кітап қоры 25 дана жаңа әдебиетпен толықтырылды. Кітап таралымы 60 болды.

1950 жыл. Бұл жылы Фурманов ауданы бойынша 8 оқу үйі, 1 қызыл отау, 2 ауылдық кітапхана, 1 аудандық кітапхана болды. Аудандық кітапхана Киров көшесіндегі (қазіргі Д.Нұрпейісова атындағы) №41 үйде орналасты. Кітапхана жанында мал-жайылыс бөлімшесіне бөлінген 1 көшпелі кітапхана болды. Олар колхозшылар мен мал жайлымдарын аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Онда әдеби кітаптардың оқылуымен қатар шашка, шахмат, домино ойындарын ұйымдастырып, газет-журналдарды уақытымен оқып отыруына ықпал жасады. Көшпелі кітапханада сол жылдың қаңтар, ақпан айларының өзінде лекция, баяндамалар оқылып, стенд-газет, жауынгер-листоктар шығарылып, 345 адам түрлі саладағы әдебиеттерді алып оқыды. Кітапхананың оқырманы 450-ге жетті. Оның ішінде 52-сі балалар болды. Кітапхана меңгерушісі Габбасова Камила, кітапханашы Гумарова Шарипа болды.

Бұл жылы Фурманов аудандық мәдени ағарту бөлімінде мәдени-ағарту қызметкерлері арасында «Кітапханадан кітап алу ережесі» атты тақырыпта семинар өткізілді.

1950 жылдың 1 қаңтарындағы аудандық мәдениет бөліміне берген есебінде Фурманов аудандық кітапхананың кітап қоры 4886, оның 400-і брошюра, оқырманы 120, кітап таралымы 7216, жаңадан келіп түскен әдебиеттер саны 606 болғаны көрсетілген.

таратылымы 29522, оның қазақ тіліндегісі 13015 болды. 463 жаңа әдебиетпен толықты, оның 177-сі қазақ тілінде болды. ОКЖ бойынша кітапқоры 221612, оның қазақ тіліндегісі 114784, оқырман саны 11846 болды. Кітаптаралымы 186645 болса қазақ тіліндегісі 114402 болды. 5351 жаңа кітаппен толықты, оның 3190-ы қазақ тілінде болды. ОКЖ бойынша 41 қызметкер қызмет етті.

Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы жылдары ел экономикасы қоғамдық тұрмысымызға, мәдени өмірімізге көптеген өзгерістер әкелді. Халық тұрмыс ауыртпалығын тартып нарық қыспағында қалса да халықтың кітапханаға, кітапқа деген ынта-ықыласы азайған жоқ, қайта бұрынғыдан да артып, кітапханаға жақындай түсті. Бұл жылы да кітапхана жүйесінде жаңадан ашылған немесе жабылған кітапханалар болған жоқ. Әрбір селолық кітапханалар бұл жылғы жағдайдың қиындығын бастан кешірді. Қаражат жанармай тапшылығынан малшы-шопандарға, басқа да еңбек ұжымдарына барып стационардан тыс қызмет көрсету деңгейі төмен болды.

ОКЖ бойынша кітап қоры 4389 дана жаңа әдебиетпен толықты. 224922 кітапқорының 11744-і қазақ тілінде болды.



1996 жыл. Бұл жылы еліміз егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түскен дәуірде халықтың кітапханаға деген ынта-ықыласы арта түсті.Оқырмандар саны бұрынғыға қарағанда екі есе артты. Жалпы оқырмандардың, әсіресе жастар мен жасөспірімдердің өз ұлтының тарихына деген сұранысы артты. Бұл кезеңде кітапхана қоры жаңа әдебиеттермен толықтырылған жоқ. Соның салдарынан жаңа шыққан тарихи және т.б. салалардағы әдебиеттер тапшы болды. Мектеп оқушылары мен училище курсанттарының сұраныстарын қанағаттандыру барысында мерзімді баспасөз материалдарына жүгінді. Кітап қорындағы бүкіләлемдік тарихы, энциклопедиялар мен сөздіктерге сұраным көбейді. Кітапханашылар оқырмандармен жұмыс барысында халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық, иман-дылық пен адамгершілік, құқылы іргелі мемлекет болғанымыз туралы насихат жұмыстарын жүргізіп отырды. ОКЖ жүйесінде 40 қызметкер жұмыс жасады, оның 5-і жоғары, 10 арнаулы орта білімді, қалғаны орта білімді, 1-і сырттай жоғары білімге оқыды.Бұл жылы ОКЖ бойынша 1522 жаңа әдебиетпен толықты. Оның 944-і қазақ тілінде болды. Кітап қоры 226218 болды, оның 118225-і қазақ тіліндегісі. Оның ішінде 33526-ы аудандық кітапхананың кітап қоры болса, оның 6850-і қазақ тілінде болды. 1996 жылдан бастап 1998 жылға дейінгі аралықта кітапхана меңгерушісі Өлмесекова Фатима болды.

Өлмесекова Фатима Мұсақызы 1984 жылы кітапхана мамандығы бойынша Фурманов аудандық орталықтандырылған кітапханасында қызмет атқарып, Фурманов ОКЖ-ң меңгерушісі, 1996 жылдан Жалпақтал кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.



Бұл күнде Жалпақтал орталық кітапханасы өз оқырмандарына заманға сай қызмет көрсетіп келеді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет