"Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, күтiп-ұстауға және оқыту жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық ережесiн бекiту туралы


Табиғи және жасанды жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі0.68 Mb.
#131394
1   2   3   4

8. Табиғи және жасанды жарықтандыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      51. Мектептер мен интернаттардың оқу үй-жайларында табиғи жарықтандыру қарастырылады. Табиғи жарықтандырусыз: снарядтар қоймасын, қойма мен қамба үй-жайларын (жеңiл тұтанатын сұйықтықтарды сақтауға арналған үй-жайлардан басқасы), кiтаптарды сақтауға арналған қоймаларды, бойлерлiк, сорғы су құбырларын және кәрiздi, желдеткiш және ауа баптау камераларын жобалауға жол берiледi.


      52. Оқу үй-жайларында екi жақтан жарықтандыру ұсынылады. Екi жақтан жарықтандыру кезiнде оқу үй-жайының ұзындығы 6 м артық болса, төбеден биiктiгi кемiнде 2,2 м оң жақтан жарықтандыру орнатылады. Бұл ретте негiзгi жарық ағынын оқушылардың алдыңғы және артқы жақтарына бағыттауға жол берiлмейдi.
      53. Оқу-өндiрiстiк шеберханаларында, спорт залдарында екi жақтан табиғи бүйiрлiк және құрамдас (жоғарғы және бүйiрлiк) жарықтандыруға жол берiледi.
      54. Оқу үй-жайларының терезелерiн бағдарлау көкжиектiң оңтүстiк, оңтүстiк-шығыс және шығыс жақтарына қарастырылады. Сурет, сызу кабинеттерiнiң, сондай-ақ асүй бөлмесiнiң терезелерi солтүстiкке, есептеуiш техника кабинетiнiң терезесi солтүстiкке, солтүстiк-шығысқа бағытталады.
      55. Оқу үй-жайларының жарық түсетiн ойықтары мынадай реттелетiн күннен қорғайтын құрылғылармен жабдықталады: жалюздер, ашық түстi перделер.
      56. Оқу және тұрғын үй-жайларды әрлеу үшiн сапасы мен қолдану аумағы сертификатпен расталған әрлеу материалдары қолданылады. Оқу үй-жайларының қабырғалары үшiн ашық түстi бояулар қолданылады.
      57. Күндiзгi жарықты мол пайдалану және оқу үй-жайларын бiркелкi жарықтандыру үшiн ағаштарды ғимараттан 15 метрден алыс, ал бұталарды 5 метрден алыс отырғызу қажет; терезе әйнектерiн бояуға жол берiлмейдi.
      58. Оқу үй-жайларында люминесценттiк жарықтандыру немесе қыздыру шамдары пайдаланылады. Бiр үй-жайда люминесценттiк шамдар мен қыздыру шамдарын қолдануға жол берiлмейдi.
      59. Люминесценттiк шамдары бар шырағдандар жарық түсетiн қабырғаға параллель, сыртқы қабырғадан 1,2 м және iшкi қабырғадан 1,5 м қашықтықта орналасады. Сынып тақтасы оған параллель орнатылған, тақтаның жоғарғы жиегiнен 0,3 м жоғары және тақтаның алдында сыныпқа қарай 0,6 м екi шырағданмен жарықтандырылады.
      60. Сыныптарда, кабинеттер мен зертханалардағы жұмыс үстелдерiндегi жарықтандыру - 300 люкс, сынып тақтасы мен сызу кабинеттерiнде - 500 люкс, компьютер сыныптарында 300-500 люкс, мәжiлiс және спорт залдарында (еденде) - 200 люкс, рекреацияларда (еденде) - 150 люкс құрайды.
      61. Терезе әйнектерiн, шырағдандардың жарықтандыратын арматурасын тазалау және жуу, сондай-ақ күйген шамдар мен қираған әйнектердi ауыстыру жылына кем дегенде екi рет жүзеге асырылады. Бұл жұмыстарды iстеуге оқушыларды тартуға жол берiлмейдi. Ақауы бар, күйiп кеткен люминесценттiк шамдар жиналады және мектеп ғимаратынан құрамында сынабы бар люминесценттiк шамдарды сақтаумен және жоюмен айналысатын ұйымға шығарылады. Оларды жалпы бiлiм беру ұйымдарының үй-жайларында мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысының негiзiнде уақытша сақтауға рұқсат етiледi. Сақтау сынбайтын ыдыста, жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың оқшауланған үй-жайларында жүзеге асырылады. Үй-жай кiлтпен жабылады. Iстен шыққан люминесценттiк шамдарды сақтауға жауапты адам бекiтiледi. Iстен шыққан және күйген люминесценттiк шамдарды қоқыс жинағыш контейнерлерге лақтыруға жол берiлмейдi.

9. Сумен жабдықтауға және кәрiзге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      62. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың ғимараттары шаруашылық-ауыз су және ыстық сумен жабдықтау және кәрiз жүйелерiмен жабдықталады.


      63. Елдi мекенде су құбыры мен кәрiз болмаған жағдайда сумен жабдықтау және ағынды суларды жою нақты жағдайда мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      Орталықтанған (орталықтанбаған) сумен жабдықтау болмаған жағдайда әкелiнетiн ауыз суды тасымалдау арнайы автокөлiкпен ұйымдастырылады.
      64. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардағы оқушыларды ауыз сумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйесi суының сапасына қойылатын гигиеналық талаптарға жауап беретiн ауыз сумен қамтамасыз ету көзделедi.
      Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдарда ауыз су режимiн мынадай түрде ұйымдастыруға жол берiледi:
      стационарлық ауыз су бұрқақтары;
      сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған су.
      Бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдарда оқушылар болатын уақыт iшiнде олардың ауыз суға еркiн қол жетiмдiлiгi қамтамасыз етiледi.  Стационарлық ауыз су бұрқақтарының конструктивтiк шешiмдерi биiктiгi кемiнде 10 см тiк су ағынының айналасында шектеу шығыршығының болуын қарастырады.
      Шөлмектегi суды пайдалана отырып ауыз су режимiн ұйымдастырған кезде су iшу үшiн таза ыдыс (шыны, фаянс, бiр реттiк стақандар), сондай-ақ таза және пайдаланылған шыны немесе фаянс ыдыс үшiн жеке таңбаланған подностар немесе бiр реттiк пайдаланылған ыдыстарды жинау үшiн контейнерлер қарастырылады.
      Елдi мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған кезде ауыз су режимiн ұйымдастыру сыйымдылықтарға өлшеп-құйылған суды пайдалана отырып, ауыз суды құюды бақылауды ұйымдастырған жағдайда жүзеге асырылады.
      Бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдарға жеткiзiлетiн шөлмектегi суға оның шығу тегiн, сапасы мен қауiпсiздiгiн растайтын құжаттар iлесiп жүредi.
      65. Кәрiзденбеген аудандардағы жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдар iшкi кәрiзбен және жергiлiктi тазалау құрылысының құрылғысымен жабдықталады. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдарды су өтпейтiн орлармен жабдықтауға жол берiледi (ағын суларды шығаруды ұйымдастыра отырып).
      Шұңқырға қол жуғыштың және жинаудан кейiнгi суды төгуге жол берiлмейдi.

10. Оқу-тәрбие процесi жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      66. Жалпы бiлiм беретiн ұйымдардағы оқу жүктемесiнiң нормалары осы санитариялық ережеге 4-қосымшаға сәйкес қабылданады. Сабақ кестесiн құру кезiнде осы санитариялық ережеге сәйкес пәндердiң қиындығына қарай орналастыру кестесiн пайдалану ұсынылады.


      67. Мектептердегi сабақтың ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиiс. Бiрiншi сыныптарда оқу жүктемесiн бiрте-бiрте арттыра отырып оқу сабақтарының «сатылы» режимi қолданылады. Қыркүйек айында ұзақтығы 35 минут үш сабақ екiншi тоқсаннан бастап әрқайсысы 35 минут төрт сабақ жоспарланады; екiншi жарты жылдықтан бастап сабақтар 45 минут болады. Еңбек сабағын қоспағанда қосарланған сабақтарды жүргiзуге жол берiлмейдi. Жыл iшiнде бiрiншi сынып оқушылары үшiн қосымша апталық демалыс белгiленедi.
      68. Балаларды бiрiншi сыныпқа қабылдау баланың оқуға дайындығы туралы дәрiгерлiк-педагогикалық комиссияның қорытындысы негiзiнде жүзеге асырылады.
      69. Мектептердегi оқу сабақтары таңғы сағат 8-ден ерте басталмайды. Екi немесе одан көп ауысыммен жұмыс iстейтiн жалпы бiлiм беретiн ұйымдарда бесiншi және бiтiретiн сынып, сондай-ақ тереңдетiлiп оқытылатын сынып оқушыларының оқу процесiн екiншi ауысымда ұйымдастыруға жол берiледi.
      70. Оқу аптасының ұзақтығына қарамастан оқушылардың күндiзгi оқу жүктемесi бастауыш мектепте бес сабақтан артық емес және негiзгi мектепте алты сабақты құрайды. Апта бойы оқушылардың жұмысқа қабiлеттiлiгiнiң қолайлы деңгейiн сақтау үшiн оқушыларға апта ортасында (сәрсенбi күнi) жеңiлдетiлген оқу күнi қамтамасыз етiледi.
      71. Шағын комплектiлi мектептерде сыныптарды қалыптастыру нақты мектептiң жағдайларымен анықталады және оқушылар мен мұғалiмдердiң санына байланысты болады. Бiрiншi және үшiншi, екiншi және үшiншi, екiншi және төртiншi сынып оқушыларын бiрiктiру оңтайлы болып табылады.
      72. Екiншi сыныптан бастап оқытуға компьютер технологияларын пайдалануға жол берiледi.
      73. Мектептегi сабақтар кестесi мiндеттi және факультативтi сабақтар үшiн бөлек жасалады. Факультативтi сабақтарды мiндеттi сабақтар аз күндерi жоспарлаған жөн. Факультативтi сабақтың басталуы мен соңғы мiндеттi сабақтың арасында ұзақтығы 45 минут үзiлiс болады.
      74. Бастауыш мектепте қосарланған сабақтар өткiзуге жол берiлмейдi. 5-9-сынып оқушылары үшiн зертханалық, бақылау жұмыстарын, еңбек, мақсаты белгiленген дене шынықтыру сабақтарын (шаңғы, жүзу) өткiзу үшiн қосарланған сабақтарға жол берiледi.
      75. 5-9 сынып оқушылар үшiн дене шынықтыру сабағынан кейiн немесе ұзақтығы кемiнде 30 минут динамикалық үзiлiстен кейiн өткiзген жағдайда негiзгi және бейiндi пәндер бойынша қосарланған сабақтарға жол берiледi. 10-11 сыныптарда негiзгi және бейiндi пәндер бойынша қосарланған сабақтар өткiзуге жол берiледi.
      76. Сабақ кестесiн жасаған кезде күнi бойы және апта бойы жаратылыстану-математика және гуманитарлық цикл пәндерiн кезектестiру қажет.
      77. Жалпы бiлiм беретiн ұйымдардың барлық түрлерiнiң оқушылары үшiн сабақтар арасындағы үзiлiс кемiнде 10 минут, үлкен үзiлiс (2 немесе 3 сабақтан кейiнгi) кемiнде 30 минут болады: бiр үлкен үзiлiстiң орнына екiншi немесе үшiншi сабақтан соң екi рет әрқайсысы 20 минут үзiлiс жасауға жол берiледi. Үзiлiстердi таза ауаны барынша көп пайдаланатын кезде қозғалатын ойындарды өткiзген дұрыс.
      78. Мектеп алдындағы сыныптардағы балаларға арналған күн режимi осы санитариялық ережеге 6-қосымшаға сәйкес сақталады.
      79. Мектеп алдындағы сыныптардағы ең көп рұқсат етiлген сабақтар саны – ұзақтығы 25-30 минуттан артық емес 4 сабақ. Сабақтың ортасында дене шынықтыру минуты өткiзiледi, сабақтардың арасындағы үзiлiс кемiнде 10 минут қарастырылады.

11. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      80. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдар бiлiктi медициналық кадрлармен толықтырылады, олар сондай-ақ мектеп алдындағы сыныптардың балаларына медициналық-санитариялық қамтамасыз етудi жүзеге асырады.


      Медицина қызметкерi болмаған жағдайда оқушыларды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету аумақтық денсаулық сақтау амбулаториялық-емханалық ұйымымен қарастырылады.
      81. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдарда оқушылар мен тәрбиеленушiлерге тереңдетiлген профилактикалық медициналық және зертханалық тексерулер жүргiзiледi.
      82. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың әрбiр қызметкерi (педагогтық және қызмет көрсететiн персонал), соның iшiнде асхана қызметкерлерiн қосқанда алдын ала және кезеңдiк медициналық тексеруден өтедi.
      83. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдарға, асхананы қоса алғанда барлық медициналық тексерулер мен зерттеулердiң нәтижелерi, гигиеналық оқытудан өткендiгi және жұмысқа жiберiлгендiгi туралы жазылған жеке медициналық кiтапшасы жоқ адамды жұмысқа қабылдауға жол берiлмейдi.
      84. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың оқушылары, педагогтық және қызмет көрсететiн персонал қарсы айғақтар болмаған жағдайда профилактикалық егулер алады.
      85. Медициналық пункттегi жабдықтар мен құрал-саймандардың үлгiлiк тiзiмi осы санитариялық ережеге 7-қосымшаға сәйкес, есепке алу-есеп беру медициналық құжаттаманы 8-қосымшаға сәйкес қабылдау ұсынылады, олар тиiстi аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша анықталады.
      86. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардағы медицина қызметкерлерi:
      оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң сырқаттанушылығына статистикалық есеп жүргiзедi;
      оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң денсаулығын сақтау және күшейту, олардың арасында сырқаттанушылық пен жарақаттануды азайту бойынша iс-шараларды жоспарлайды;
      созылмалы аурулары бар балаларды ауруханаға жатқызуды ұйымдастырады;
      тереңдетiлген медициналық тексеру нәтижелерi бойынша динамикалық бақылау топтарын, дене дамуының деңгейiн, дене шынықтырумен айналысу үшiн денсаулық жағдайы бойынша медициналық топтарды анықтайды;
      оқушылар мен тәрбиеленушiлердiң денсаулық жағдайлары мәселелерiн педагогикалық кеңес отырысына талқыға салады;
      жыл сайын тиiстi аумақтағы мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарына тереңдетiлген медициналық тексерулер нәтижелерi, денсаулық жағдайы бойынша медициналық топтардың денсаулығы бойынша, кейiннен сауықтыру арқылы диспансерлiк есепте тұрғандар бойынша, сондай-ақ сырқаттанушылық жағдайлары бойынша есептердi тапсырады.

12. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың үй-жайларын күтiп-ұстауға және олардың учаскелерiне қойылатын  санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      87. Жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдарда жуу құралдарын пайдалана отырып үй-жайларға күнделiктi ылғалды жинау жүргiзiледi:


      1) сыныптарды, шеберханалар мен оқу кабинеттерiн жинау сабақтар аяқталған соң жүргiзiледi;
      2) дәлiздер мен рекреациялар әрбiр үзiлiстен кейiн;
      3) ойын бөлмелерi - күннiң аяғында;
      4) тамақтану залы - әрбiр ас қабылдаудан кейiн;
      5) киiм iлетiн орын және вестибюль - әр ауысымның сабағы аяқталғаннан кейiн;
      6) ғимараттағы санитариялық тораптар - әр үзiлiстен кейiн.
      88. Мектеп алдындағы сыныптарда күнделiктi жиһаз, радиаторлар, терезелердiң алды сүртiледi, едендерi күнiне екi рет жуылады. Ойыншықтар күнделiктi 2% сабын-содалы ерiтiндiнi қолдана отырып жуылады, ағынды судың астында шайылады, содан соң ауада кептiрiледi. Жұмсақ ойыншықтар күн сайын жұмыс аяғының соңында 30 минут бойы бактерицидтi шамдармен дезинфекцияланады.
      89. Спорт залда әр сабақтан кейiн ылғалды жинау жүргiзiледi және желдетiледi. Оқушылар спорт залына тек спорт костюмi мен аяқ киiмiнде жiберiледi.
      90. Көпшiлiк қолданатын орындар (дәретханалар, буфеттер, асханалар және медициналық кабинет) күнделiктi дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып тазартылады. Раковиналар, унитаздар Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген тазалау-дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып тазартылады.
      Оқушылар арасында жұқпалы және паразиттiк аурулар тiркелген жағдайда эпидемияға қарсы және профилактикалық iс-шаралар жүргiзiледi.
      91. Ыдыстарды жуу механикалық жолмен немесе қолмен жүзеге асырылады. Ыдыстарды қолмен жуғанда үш ұялы ванналар қолданылады. Тамақ қалдықтарынан тазаланған асханалық ыдыстар жуу заттары қосылған 500С температурадағы суда щеткамен жуылады (бiр ванна). Осыдан кейiн ыдыстар дезинфекциялық ерiтiндiге батырылады (екiншi ванна) және 650С температурадағы ағынды ыстық сумен шайылады (үшiншi ванна). Арнайы шкафтарда немесе тор көздердiң үстiнде кептiрiледi.
      Ыдыс жуатын машинаны қолданғанда ыдыстарды өңдеудi оған қоса берiлген нұсқаулықта көрсетiлген тәртiп бойынша жүргiзiледi.
      92. Тамақтанатын залдар үстелдермен (4-6-10 орынға арналған) және орындықтармен немесе табуреткалармен жабдықталады. Тамақ өнiмдерiн өңдеуге арналған өндiрiстiк үстелдердiң жуу және дезинфекциялық құралдарға төзiмдi жабыны болады және тамақ өнiмдерiмен жанасатын материалдарға арналған қауiпсiздiк талаптарына жауап бередi. Тамақтанатын үстелдер әрбiр қабылданған тамақтан кейiн сүртiледi.
      93. Фарфор, эмаль немесе тоттанбайтын болаттан жасалған асханалық ыдыстарды пайдалануға жол берiледi. Бүлiнген, жиектерi сынған, жарықшағы, сынықтары бар, эмалi бұзылған асүй және асхана ыдыстарын; алюминийден жасалған ыдыстарды; пластмасса мен престелген фанерден жасалған өңдейтiн тақтайларды; жарықтары мен механикалық бүлiнген жерлерi бар өңдейтiн тақтай мен ұсақ ағаш мүкәммалды пайдалануға жол берiлмейдi.
      Полимер материалдардан жасалған ыдыстарды сапасына сертификаттарды болғанда пайдалануға жол берiледi.
      94. Шүберектi жұмыс соңында жуу құралдарын қоса отырып 450С төмен емес температурадағы суға батырады, дезинфекциялайды немесе қайнатады, шаяды, кептiредi, және таза шүберекке арналған ыдыста сақтайды.
      95. Жинау мүкәммалы (легендер, шелектер, щеткалар, шүберектер):
      1) жеке үй-жайға бекiтiледi (жатын бөлме, асүй, асхана, изолятор, санитариялық торап) және таңбаланады;
      2) осы үшiн арнайы бөлiнген орындарда сақталады;
      3) дәретханаларды жууға арналған мүкәммалдың сигналды (қызыл) таңбасы болады және басқа мүкәммалдан бөлек сақталады;
      4) пайдаланылғаннан кейiн Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген жуу және дезинфекциялау заттарын қолдана отырып ыстық сумен жуылады.
      96. Жәндiктер мен кемiргiштермен жұмыс бойынша iс-шаралар жүргiзудi дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргiзуге қойылатын гигиеналық талаптарға сәйкес мамандандырылған ұйымдар жүзеге асырады.
      Жәндiктердiң ұшып кiруiнiң алдын алу үшiн асхана үй-жайларының терезелерi мен есiктерiнiң торлануын жүргiзу керек.
      97. Учаске аумағы тазалықта ұсталады. Қоқыс тығыз жабылатын қақпағы бар металл қоқыс жинағыштарға жиналады. Қоқыс жинағыштарды тазалау олардың 2/3 көлемi толғанда жүргiзiледi.

13. Интернаттық ұйымдардың оқушыларының күн режимiне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      98. Күн режимi оқу және оқудан тыс сабақтарды, ауада көп уақыт бола отырып күндiзгi демалысты, тамақтануды, ұйқыны және әртүрлi жұмыстарды кезектестiрудi, еңбек пен демалысты ауыстыруды қарастырады.


      99. Тәрбиешiлердiң қоғамдық пайдалы еңбегiне өзiне қызмет көрсету, учаскенi абаттандыру, оқу жабдықтарын, мүкәммалын дайындау және жөндеу, ғимаратты жөндеуге қатысу бойынша жұмыстар, оқу-тәжiрибелiк учаскедегi жұмыс, жатын бөлмедегi, асхана мен асүйдегi кезекшiлiк, киiмдердi, киiм-кешектi, аяқ киiмдердi тiгу және жөндеу кiредi.
      Әртүрлi еңбек түрлерiнiң жалпы ұзақтығы аптасына екi сағаттан аспайды. Көрсетiлген уақытқа күн режимiмен көзделген өзiне қызмет көрсету сағаттары кiрмейдi. Оқушылар қоғамдық пайдалы жұмыспен сабақтан тыс уақытта аптасына екi рет айналысады: 1-4 сынып оқушылары күнiне – кемiнде 30 минут, 5-8 сыныптағылар – кемiнде 45 минут, 9-11 сыныптағылар – кемiнде 1-1,5 сағаттан аспайды.
      100. Оқушылар мынадай жұмыс түрлерiне жiберiледi:
      1) 1-2 сыныптар - төсек жинауға, гүлдерге су құюға; асханада кезекшi болуға, қарапайым дастархан жаюға;
      2) 3-4 сыныптар - осы санитариялық ереженiң 100-тармағының 1-тармақшасында көрсетiлгенге қосымша - киiмдi ұсақ жөндеуге және жеке заттарын (iш киiмдер, шұлықтар, бет орамалдар) жууға;
      3) 5-6 сыныптар - осы санитариялық ереженiң 100-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетiлгенге қосымша – жатын бөлменi ылғалды жинауға, асханада кезекшi болуға, дастарханды толығымен дайындауға және ыдыстарды жинауға;
      4) 7-11 сыныптар - барлық өзiне қызмет көрсету түрлерiне, қоғамдық пайдалы жұмыстарға, асүйде кезекшiлiк болуға;
      5) тәрбиеленушiлердi ыстық тамақтарды дайындауға, таратуға және ыдыстарды жууға тартуға тыйым салынады.
      101. Ұйқының ұзақтығы:
      1) 7 жасқа дейiнгi балалар үшiн - 11,5-12 сағат (оның 1-1,5 сағаты күндiзгi ұйқы);
      2) 8-9 жастағы балалар үшiн - 10,5-11 сағат;
      3) 10 жастағы балалар үшiн - 10-10,5 сағат;
      4) 11-12 жастағы балалар үшiн - 9,5-10 сағат;
      5) 13-15 жастағы балалар үшiн - 9-9,5 сағат.

14. Интернаттық ұйымдардағы гигиеналық тәрбиеге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар

      102. Интернаттық ұйымдарда себезгi бөлмелер (монша) қарастырылады, балаларды жуындыру жетi күнде бiр рет кесте бойынша төсек әбзелдерiн, iш киiмдердi және орамалдарды ауыстыру арқылы жүргiзiледi. Оқушылар жеке гигиена құралдарымен (тiс щеткасы, сабын, тарақ, орамал, жөке, аяқ киiм) қамтамасыз етiледi.


      Төсек әбзелдерi мен iш-киiмдердi жуу кiр жуатын бөлмеде жүргiзiледi.
      103. Оқушылар мен тәрбиеленушiлердi гигиеналық тәрбиелеу және оқыту бойынша жұмысты медицина персоналы, салауатты өмiр салтын қалыптастыру орталықтары, медициналық ұйымдар, мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары мен ұйымдары қызметкерлерiнiң қатысуымен мұғалiмдер мен тәрбиешiлер жүргiзедi.

«Жалпы бiлiм беретiн және  


интернаттық ұйымдардың   
құрылымына, күтiп-ұстауға және
оқыту жағдайларына қойылатын 
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық ережесiне
1-қосымша        

Жалпы бiлiм беретiн ұйымдардың оқушылар үшiн тағамдар мен сусындарды дайындауға пайдаланылатын тамақ өнiмдерiнiң ұсынылатын орташа тәулiктiк жиынтығы

1-кесте




Өнiмдердiң атауы

Оқушылардың жасына байланысты азық-түлiк мөлшерi

г, мл, брутто

г, мл, нетто

6-10 жас

11-18 жас

6-10 жас

11-18 жас

1

2

3

4

5

1

Қара бидай наны (қара бидай-бидай)

80

120

80

120

2

Бидай наны

150

200

150

200

3

Бидай ұны

15

20

15

20

4

Жармалар, бұршақ өнiмдерi

45

50

45

50

5

Макарон өнiмдерi

15

20

15

20

6

Картоп

250*

250*

188

188

7

Жаңа пiскен көкөнiстер, аскөк

350

400

280**

320**

8

Жаңа пiскен жемiстер (тұқымдар)

200

200

185**

185**

9

Құрғақ жемiстер (тұқымдар), о.i. итмұрын

15

20

15

20

10

Жемiс және көкөнiс шырындары, витаминделген сусындар, о.i. инстантты

200

200

200

200

11

1 санатты сiңiр ет (сүйектi ет)

77 (95)

86 (105)

70

78

12

1 санатты тазартылған балапандар (1 санатты тауықтар)

40 (51)

60 (76)

35

53

13

Балықтың жон етi

60

80

58

77

14

Шұжық өнiмдерi

15

20

14,7

19,6

15

Сүт (майдың массалық үлесi 2,5%, 3,2 %)

300

300

300

300

16

Қышқыл сүт өнiмдерi (майдың массалық үлесi 2,5%, 3,2 %)

150

180

150

180

17

Сүзбе (майдың массалық үлесi 9 % аспайды)

50

60

50

60

18

Iрiмшiк

10

12

9,8

11,8

19

Қаймақ (майдың массалық үлесi 15% аспайды)

10

10

10

10

20

Сары май

30

35

30

35

21

Өсiмдiк майы

15

18

15

18

22

Жұмыртқа

1 шт.

1 шт.

40

40

23

Қант***

40

45

40

45

24

Кондитерлiк өнiмдер

10

15

10

15

25

Шай

0,4

0,4

0,4

0,4

26

Какао

1,2

1,2

1,2

1,2

27

Нан пiсiретiн ашытқылар

1

2

1

2

28

Тұз

5

7

5

7

Ескертпе:
      * Брутто салмағы қалдықтар нормасы үшiн 25 % келтiрiледi.
      ** Нетто салмағы көкөнiстер мен жемiстердiң бастапқы түрлерiне және жыл мезгiлiне байланысты өзгеруi мүмкiн орташа шама болып табылады. Ас мәзiрiн дайындағанда нетто бағанында келтiрген мәлiметтерге сәйкес табиғи тамақтану нормаларын орындауды қамтамасыз еткен орынды.
      *** Оның iшiнде тағамдар мен сусындар дайындауға арналған, құрамында қант бар (қоюланған сүт, кисель және басқалары) өнеркәсiп шығарған өнiмдердi қолданған жағдайда қант беру оның дайын өнiмде болуына байланысты азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет