Психологияны оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері:
• Психологияны оқыту әдістемесінің теориялық негізгі мазмұнын ашу.
• Психологияны оқыту мәселелеріне қызығушылық туғызу.
• Студенттердің психологияның практикалық оқытушысы ретінде үздіксіз өзіндік жетілдіруіне бағыттау.
• Студенттерді қолданбалы психологиялық пәнді меңгеруге қызығушылығын арттыру.
• Студенттердің жеке кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға стимул жасау.
Негізгі ұғымдар: Психологияны оқыту, білім беру бағдарламалары, оқыту, әдістер; білім алушылар, үйрету, психологиялық мәдениет, оқу жоспары, психологияны оқыту бағдарламасы,оқыту принциптері, ғылымилық, жүйелілік, эмоционалдық пен рационалдықтың бірлігі, психологияны оқытудағы жеке тұлғаға бағытталуға және пәндік-бағыттаушылық тұрғысындағы бірлігі, теориялық және эмпирикалық білімнің бірлігі, қолжетімділік, көрнекілік, білім берудегі белсенділік, психологияны оқытудың тәжірибемен байланысы, психологияны оқыту дамытушы сипат.
Достарыңызбен бөлісу: |