Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптары үшін «Биология» пәнінен типтік оқу бағдарламасы



бет47/76
Дата09.06.2016
өлшемі4.66 Mb.
#123802
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76

Негізгі орта білім беру деңгейінің 6-9-сыныптары үшін
«Биология» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылы 23 тамызда № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкес әзірленді.


      2. Негізгі орта білім деңгейіндегі биология курсы «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам және оның денсаулығы», «Жалпы биология негіздері» бөлімдерін оқытуға бағытталған. Бұл бөлімдердің мазмұны мен құрылымы биологиялық білімнің базалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, шығармашылық және жаратылыстанымдық іскерлікті, ғылыми көзқарасты, ізгілік пен экологиялық мәдениетті дамытуды сонымен қатар өзін-өзі билеуге, еңбексүйгіштік пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Пәнді оқытудағы тақырыптардың жүйелілігі негізгі биологиялық түсініктер мен құбылыстарды биожүйенің организмдік деңгейінен бастап одан жоғары деңгейлерге дейін қарастыру мен эволюциялық және экологиялық ойлау қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табиғаттағы өзара байланыстылықты тірі жүйелердің тіршілік әрекеттерінің негізі ретінде қабылдауға және осы процестердегі адамның рөлін түсінуге бағыт береді.
      3. Оқытудың мақсаты:
      1) органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің ерекшеліктері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру;
      2) органикалық дүниенің көптүрлілігін орта жағдайларына бейімделушіліктің нәтижесі деп түсіну;
      3) эволюциялық теорияның негіздері туралы ұғым қалыптастыру;
      4) экологиялық ойлауды қалыптастыру, тірі организмдердің өзара және тіршілік ортасымен қарым-қатынасын түсіну;
      5) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің және адамның табиғаттағы рөлін түсіну;
      6) өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдер патшалықтарының өзіндік ерекшеліктері және жалпы алғанда тіршіліктің аса жоғары мәні туралы білімнің құндылығын түсіну;
      7) нәтижелі практикалық іс-әрекет жүргізу мүмкіндігіне қолжеткізу;
      8) тірі организмдердің жасушалық құрылысы, туралы, сонымен қатар организм және биоценоз тіршілік құрылымының ерекше формалары ретінде және биологиялық алуантүрлілік Жер табиғатындағы тұрақты дамудың бейнесі екендігі туралы негізге алынатын түсінік қалыптастыру;
      9) оқушыларда тірі организмдердің жасушаға дейінгі құрылысы,тіршіліктің құрылым деңгейлері және биологиялық әртүрлілігі. Жер табиғатындағы түрақты дамудың бейнесі екендігі туралы, негізге алынатын түсінік қалыптастыру;
      10) тірі табиғаттағы көптүрлілік эволюцияның нәтижесі екендігін оқушылардың түсінуі;
      11) оқушыларда эволюцияның негіздері:өсімдіктер мен жануарлардың Бөлімдері, Кластары, Тұқымдастары, түрлері туралы пікір қалыптастыру;
      12) «Өсімдіктердің жіктелуі», «Жануарлардың жіктелуі» ұғымдарын қалыптастыру;
      13) түрлі таксондық бірліктердің: түр, туыс, тағы басқа шығу тегін білу;
      14) мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының кейбір тұқымдастарының адам өміріндегі рөлін ашып көрсету;
      15) мәдени өсімдіктердің және үй жануарларының кейбір тұқымдастары, түрлері мен іріктемелері, қол тұқымдары бойынша теориялық материалды оқыту барысында практикалық іс-әрекеттерге оқушылардың қатысуы.
      4. Бағдарламада анатомиялық және морфологиялық материалдың біршама қысқартылуы есебінен экологиялық мәселелерге көбірек көңіл бөлінген.Өсімдіктер және жануарлар организмдерінің алуан түрлі ерекшеліктерімен, қасиеттерімен танысудың, өсімдіктер және жануарлар мен қоршаған ортаның өзара қарым қатынасын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын оқып білудің бірінші сабағынан бастап экологиялық ұғымдар енгізіледі.
      5. Оқытудың міндеттері:
      1) оқушыларда органикалық дүниені оқып білуге танымдық қызығушылықты дамыту;
      2) тірі табиғат туралы бастауыш мектептегі табиғаттану және басқа да жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;
      3) оқушыларда география,химия, физика,математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыруға қажетті жағдай туғызу;
      4) оқушыларда дүниенің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптстыру,
      5) оқушыларда тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын оқып білуге танымдық қызығушылық қалыптастыру;
      6) тірі табиғат туралы жаратылыстану сабақтарында алған білімдерін одан әрі дамыту;
      7) оқушыларда география,химия, физика,математика және басқа да жаратылыстану бағытындағы пәндерді оқып меңгеруге негіз болатын түсініктер мен тіректік білімдерді қалыптастыру;
      8) оқушыларда органикалық дүние бірлігінің біртұтас табиғи бейнесі туралы көзқарас қалыптастыру.
      6. Биология курсының бағдарламасы блоктық принципке негізделген.Әр тақырыптың алғашқы жалпы бөлімінде қарастырылатын жүйелік топтың жалпы сипаттамасы беріледі; екінші бөлімінде оқылатын таксонның сан алуан түрлерінің тіршілік ерекшеліктері, таралуы мен экологиясы сипатталады.Тірі табиғаттың құрылым деңгейлерінің ретіне сай өсімдіктер әлемі бағдарламада мына ретпен орналастырып оқылады:
      өсімдіктер Дүниесі (Төменгі сатыдағы өсімдіктер, Жоғары сатыдағы өсімдіктер дүние тармақтары), Вирустар Дүниесі. Прокариоттар Дүниесі; Саңырауқұлақтар және симбиоздық организмдер Дүниесі. Оқушылардың білімдерін тереңдету және ой-өрісін кеңейту үшін бағдарламаның «Тірі табиғаттың көптүрлілігі», «Жерде тіршіліктің дамуы» бөлімдері бойынша топсеруендер ұсынылған.
      7. Биологияны оқыту мектептің түрлі пәндерінің және медицинаның интеграциясына негізделген. Олар: өсімдіктер мен жануарлардың анатомиясы, морфологиясы және физиологиясы, микробиология және вирусология. Биологияны оқыту барысында пәнаралық байланыс:
      1) «Қазақ тілімен», «Әдебиетпен» - сөздік қорларын биологиялық терминдерді байыту;оқулықтың мәтінін мәнерлеп оқып,айтып жеткізу үшін әдебиет пәнінен алған білімін пайдалану;
      2) «Математикамен» биологиялық эксперименттердің, тәжірибелердің, бақылаулар мен зертханалық жұмыстардың нәтижелерін қорытындылауда практикалық есептеу дағдвларын қолдану;
      3) «Физикалық географиямен» географиялық аймақтылықты ескере отырып Жер бетінде өсімдіктердің және жануарлардың таралу ерекшеліктерін оқыту барысында географиялық білімге сүйену;
      4) «Музыкамен» биологияның кейбір тақырыптарын оқытуда музыкалық үзінділер пайдалану;
      5) «Бейнелеу өнерімен» кепшөпті дайындау мен эстетикалық безендіруде;сурет түрінде бейнелеуде;
      сарамандық және зертханалық жұмыстарды безендіруде пайдалану арқылы жүзеге асырылады.
      8. Биология пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
      1) 6 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат;
      2) 7 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат;
      3) 8 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат;
      4) 9 сынып – аптасына 2 сағат барлығы 68 сағат.

2. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

      9. 6 –сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдер мен тараулардан тұрады.


      10.«Кіріспе» (1 сағат). Өсімдіктер дүниесін зерттеудің басталуы. Өсімдіктер туралы ғылым — ботаника. Жер бетіндегі өсімдіктердің көптүрлілігі туралы жалпы мәліметтер. Биологиялық білімдердің негізгі пайдаланылуы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстанда таралған өсімдіктер.
      11. «Өсімдіктермен жалпы танысу» (3 сағат). Мәдени және жабайы өсетін өсімдіктер; бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер; дәрілік және әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар,бұташықтар, шөптер. Өсімдіктерге тән белгілер. Өсімдіктердің негізгі мүшелері. Өсімдіктер тірі организм және биожүйе екендігі. Тұқымды және споралы өсімдіктер. Гүлді өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік жағдайлары. Өсімдіктердің тіршілік әрекетіне әсер ететін негізгі экологиялық факторлар. Өсімдік организмдерінің жердегі тіршілік орталары: сулы орта, құрлық-ауа, топырақ. Түрлі тіршілік орталарында өсіп таралу жағдайларына байланысты өсімдіктердің көптүрлілігі.
      Өсімдіктердің күзгі тіршілігі. Табиғи жағдайлардағы өзгерістер. Өсімдіктердегі өзгерістер: өсудің тоқталуы, өркендердің қайтадан түзіле бастауы, жемістің түзілуі, тұқымның шашылуы. Жапырақтардың түрлі түске боялуы, жапырақтардың түсуі, майда бұтақтардың түсуі. Бұл құбылыстардың өсімдік тіршілігіндегі маңызы. Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Бөлме жағдайында, бау-бақша, саябақта және мектеп маңындағы учаскеде өсетін өсімдіктерге жүргізілетін күзгі күтім жұмыстары. Зертханалық жұмыс: «Споралы және тұқымды (ашық тұқымды және жабық тұқымды) өсімдіктермен танысу: көкек мүгі, қырықжапырақ, кәдімгі қарағай, қызанақ». Топсеруен: «Айналамыздағы өсімдіктер әлемі», «Өсімдіктер тіршілігіндегі күзгі құбылыстар».
      12. «Өсімдік жасушасының құрылысы» (5 сағат). Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері. Препараттар даярлау. Материалдар және құрал жабдықтар. Қауіпсіздік техникасы. Жасуша-өсімдік организмінің негізгі құрылым бірлігі. Өсімдік жасушасының құрылысы: қабықша, цитоплазма, ядро, пластидтер, жасуша шырынына толы вакуоль, қосындылары. Пішіні мен мөлшері бойынша жасушалардың алуан түрлілігі. Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Жасушаның өсуі және бөлінуі. Жасушаның тыныс алуы және қоректенуі. Цитоплазманың қозғалысы. Жасушалардың тіршілік әрекеттерінің сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі. Жасуша құрамындағы органикалық заттар: көмірсулар, нәруыздар, майлар және бейорганикалық заттар: су және тұздардың ерітінділері. Қоректік заттардың қорға жинақталуы. Ұлпалар туралы түсінік. Өсімдік ұлпаларының түрлері: түзуші, жабын, негізгі (ассимиляциялық және қорға жинақтайтын), өткізгіш, механикалық ұлпалар. Өсімдік мүшелерінің жасушалық құрылысы. Өсімдік — көпжасушалы организм. Зертханалық жұмыстар: «Ұлғайтқыш құралдармен және зертханалық құрал-саймандармен танысу», «Пияз өңінің, жапырақ эпидермисінің микропрепаратын даярлау», «Осы микропрепараттарды ұлғайтқыш құралдар арқылы, қарап өсімiдік жасушасының құрылысын зерттеп білу».
      13. «Гүлді өсімдіктердің мүшелері, жемістер және тұқымдар» (14 сағат):
      1) «Тұқым» (2 сағат). Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы. Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Тұқым ішіндегі өсімдік ұрығы. Тұқымдардың алуантүрлілігі. Тұқымдардың өнуі. Тұқымдарды топыраққа сіңіру тереңдігі. Тұқымдардың шаруашылық маңызы. Тұқымдардың таралуы. Зертханалық жұмыс: Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу;
      2) «Тамыр» (3 сағат). Өсімдіктің вегетативтік мүшесі ретінде тамырдың сыртқы және ішкі құрылысы. Тамыр бөлімдері (аймақтары): бөліну, өсу, сору, өткізу. Тамырдың ұшы — тамыр оймақшасы. Тамырдың өсуі. Тамыр түктері, олардың тамыр және бүкіл өсімдіктің тіршілік әрекеттеріндегі рөлі. Тамырдың бұтақтануы. Тамырдың түрлері (негізгі, жанама, қосалқы). Тамыр жүйесінің типтері: кіндік және шашақ тамырлар. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың маңызы: өсімдіктің қоректенуі, топыраққа бекінуі, көбеюі, қоректік заттарды қорға жинақтауы. Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың түр өзгерістері. Зертханалық жұмыстар: Түрлі өскіндерден тамырдың сыртқы құрылысын зерттеп білу (ас бұршақтың, асқабақтың, үрме бұршақтың және бидайдың). Тамырдың өсу (созылу) аймағын тауып анықтау. Тамырдың түрөзгерістері;
      3) «Өркен» (5 сағат). Өсімдік өркендерінің құрылысы мен маңызы. Бүршік- өсімдіктің ұрықтық (бастапқы) өркені. Вегетативтік және генеративтік бүршіктер. Бүршіктен өркеннің дамуы. Жылдық өркен. Өсімдіктің бұтақтануы. Бұтақтануды көбейтудің тәсілдері. Жапырақ өркеннің бүйірлік жанама мүшесі. Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы. Жапырақтың жұмсақ бөлігі және жабындық ұлпа. Лептесіктер. Жапырақтың алуантүрлілігі, олардың өсімдік тіршілігіндегі рөлі. Жапырақ өсімдіктің фотосинтез жүретін арнайы мүшесі, су булану және газ алмасу. Жапырақтың түр өзгерістері. Сабақ — өркеннің негізгі бөлігі және қоректік заттарды өткізу мүшесі. Сабақтың буындары мен буын аралықтары. Сабақтың ішкі құрылысы. Сабақтың бойлап және жуандап өсуі. Камбийдің рөлі. Жылдық сақиналар. Өркеннің көптүрлілігі: вегетативтік және генеративтік, жерүстілік және жерастылық, қысқарған және ұзарған өркендер. Өркеннің түрөзгерістері. Қыс кезіндегі өсімдік өркендері. Жапырағын тастаған ағаштармен, бұталармен және ағаштар мен шөптердегі қайта жаңаратын бүршіктерімен танысу. Зертханалық жұмыстар: Вегетативтік және гүл бүршіктерінің құрылысы. Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақтағы лептесіктерді табу. Жапырақтың ішкі құрылысы. Жапырақтың түр өзгерістері. Ағаштың көлденең кесіндісіндегі жылдық сақиналарды табу. Тамырсабақтың түйнектің және пиязшықтың құрылысын қарау. Топсеруен: Өсімдіктің қысқы тіршілігі. Жапырағын тастаған ағаштар мен бұталар;
      4) «Гүл, жеміс» (4 сағат). Гүл, оның құрылысы мен маңызы. Гүл серігі. Тостағанша. Күлте. Гүлдің аталық және аналық бөліктері. Даражарнақты және қосжарнақты өсімдікгүлдерінің ерекшеліктері. Гүлшоғырлары, олардың биологиялық маңызы. Өсімдіктердің гүлдеуі және тозаңдануы. Тозаңданудың түрлері (өздігінен тозаңдандыру, жел, бунақденелілер, су, құстар арқылы айқас тозаңдану және қолдан тозаңдандыру). Жемістердің түзілуі; өсімдіктердің тұқым арқылы көбеюі және таралуы. Жемістің түрлері: құрғақ және шырынды, қабығы ашылатын және ашылмайтын, біртұқымды және көптұқымды жемістер. Тірі организм ретінде өсімдік мүшелерінің өзара байланысы. Өсімдіктер және қоршаған орта. Зертханалық жұмыстар: Гүлдің құрылысы мен танысу. Бунақденелілермен және желмен тозаңданатын өсімдіктердің гүлдерін салыстыру. Топсеруен. Терезе алдындағы өсімдіктер әлемі.
      14. «Өсімдіктердің негізгі тіршілік әрекеттері» (6 сағат). Топырақтан суды және минералды заттарды сіңіру.Өсімдіктің топырақтан қоректенуін қамтамасыз ететін жағдайлар. Органикалық және минералдық тыңайтқыштар (азотты, калийлы, фосфорлы және микроэлементтер). Өсімдіктердің ауалы ортада қоректенуі. Фотосинтез. Күннің жарығы мен хлорофиллдің фотосинтез процесіндегі рөлі. Күн энергиясын органикалық заттардың химиялық байланыстарында қорға жинақтайтын автотрофтылар ретінде жасыл өсімдіктердің рөлі. Өсімдіктердің тыныс алуы. Олардың оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газы мен суды бөліп шығаруы. Өсімдіктің тыныс алу процесінің қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі. Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі: органикалық заттарды түзу, энергияны жинақтау, көмірқышқыл газы мөлшерінің тұрақтылығын сақтау және атмосферада оттекті молайту, жерде топырақ түзілу әрекетіне қатысу. Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары. Өсімдіктердің көбеюі. Жынысты және жыныссыз көбею. Өсімдіктердің ұрықтануы мен зиготаның түзілуі туралы түсінік. Жынысты және жыныссыз көбеюдің биологиялық маңызы. Вегетативтік көбею, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық рөлі. Вегетативтік көбеюді өсімдік шаруашылығында пайдалану. Қалемшелер, сұлатпа, телу (қалемше,көзшелер) арқылы және ұлпалармен көбейту. Өсімдікттердің өсуі және дамуы. Өсімдіктердің өсуі мен дамуының қоршаған орта жағдайларына тәуелділігі. Өркен мен тамырдың өсуге бағытталуы. Өсімдік дамуының кезеңдері (ұрықтық, жастық, жетілу және қартаю). Өсімдік тіршілігінің ұзақтығы. Зертханалық жұмыс: Бөлме өсімдіктерін қалемшелеу.
      15.«Өсімдіктер дүниесінің негізгі бөлімдері» (21 сағат):
      1) Өсімдіктерді жүйелеп жіктеу туралы түсінік. Өсімдіктер дүниесі. Оның дүние тармақтарына бөлінуі. Бөлімдер, класстар, тұқымдастар, туыстар, түрлер. Түр — өсімдіктерді жүйелеп жіктеудің негізгі бірлігі (1 сағат);
      2) «Балдырлар дүние тармағы» (2сағат). Балдырлардың бөлімдері. Біржасушалы және көпжасушалы балдырлардың жалпы сипаттамасы. Тұщы су және теңіз балдырларының көптүрлілігі. Балдырлардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы;
      3) «Мүктәрізді өсімдіктер бөлімі» (2 сағат). Мүктердің әртүрлілігі. Жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жасыл мүктердің жалпы сипаттамасы. Мүктердің көбеюі және дамуы. Шымтезек мүгі. Мүктердің табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Мүктәріздес өсімдіктерді қорғау;
      4) «Қырықжапырақтәрізді өсімдіктер бөлімі» (3 сағат). Қырықжапырақтардың,қырықбуындардың және плаундардың жоғары сатыдағы споралы өсімдіктер ретінде жалпы сипаттамасы. Қырықжапырақтәрізді өсімдіктердің көбеюі және дамуы. Қырықжапырақтәрізділердің өткен замандарда өркендеп өсіп кең таралуы. Қазіргі қырықжапырақтәрізді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Өсімдіктерді және олардың таралу аймақтарын қорғау;
      5) «Ашық тұқымды өсімдіктер бөлімі» (4 сағат). Тұқымды өсімдіктер ретінде олардың жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Мектеп маңындағы қылқан жапырақты өсімдіктер. Қылқан жапырақты өсімдіктердің өкілі ретінде қарағайдың тұқым арқылы көбеюі. Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Ормандарды қорғау;
      6) «Жабық тұқымды (гүлді) өсімдіктер бөлімі» (9 сағат). Жабық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және даражарнақтылар кластарына бөлінуі. Қосжарнақтылар класының тұқымдастары (шаршыгүлділер, раушангүлділер, күрделігүлділер, бұршақ және алқа тұқымдастары). Даражарнақтылар класының тұқымдастары (лалагүлділер, пияз тұқымдасы, астық тұқымдастары).Зертханалық жұмыстар: «Бір жасушалы және көпжасушалы балдырлардың микроскоптық және сыртқы құрылысы, «Мүктердің сыртқы құрылысы», «Қырықжапырақ тәрізділердің сыртқы құрылысы», «Ашықтұқымдылардың сыртқы құрылсы», «Қылқанжыпырақты өсімдіктердің бүрлері мен тұқымдарының құрылысын зерттеп білу», «Шаршыгүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Раушангүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Алқа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Бұршақ тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Күрделігүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Лалагүлділер тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Пияз тұқымдасы өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы», «Астық тұқымдасы. өсімдіктерінің гүлдері мен жемістерінің құрылысы». Топсеруен. «Қалалық саябақтағы және мектеп маңындағы өсімдіктер дүниесінің өкілдерімен кездесу, танысу». «Өсімдіктер дүниесі өкілдерінің көктемдегі оянулары».
      16. «Жердегі өсімдіктер әлемі көптүрлілігінің тарихи дамуы» (3 сағат). Өсімдіктер әлемнің дамуы. Өсімдіктердің күрделену процесі ретінде эволюция туралы түсінік. Өсімдік топтарының көптүрлілігі эволюцияның нәтижесі екендігі. Мәдени өсімдіктердің шығу тегі және көптүрлілігі. Негізгі халық шаруашылық дақылдары бидай мен картоптың пайда болу тарихы. Практикалық жұмыстар: «Бөлме өсімдіктерін күтіп баптаудың көктемдегі жұмыстары», «Мектептің тәжірибе учаскесі үшін тұқымдар таңдап алу және көшеттер өсіру».
      17. «Вирустар дүниесі» (2 сағат). Тіршіліктің қарапайым құрылымдық формасы ретінде вирустардың құрылыс ерекшеліктері. Вирустық жұқпалы аурулармен зақымдану және аурулардың таралуы. ирустық жұқпалы аурулардың алдын-алу және олармен күресу шаралары.
      18. «Бактериялар дүниесі» (3 сағат). Бактериялар тірі организмдердің ежелгі тобы екендігі. Бактериялардың жалпы сипаттамасы. Бактериялық жасушаның өсімдік жасушасынан айырмашылығы. Прокариоттар және эукариоттар туралы түсінік. Пішіндері, қоректенуі мен тыныс алу ерекшеліктері бойынша бактериялардың әртүрлілігі. Бактериялардың таралуы. Бактериялардың табиғаттағы және адам өміріндегі (экологиялық,ауру тудырғыш, биотехнологиялық) маңызы. Зертханалық жұмыстар: «Пішен таяқшасы бактериясын микроскоп астында қарап, сыртқы құрылысымен танысу», «Бұршақ өсімдіктерінің тамырындағы түйнек бактерияларын микроскоп астында қарап құрылыс ерекшеліктерімен танысу».
      19. «Саңырауқұлақтар дүниесі». Қыналар — ерекше, симбиоздық организмдер тобы (4 сағат). Тірі табиғаттың ерекше дүниесі ретінде саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Олардың қоректенуі, тыныс алуы, спора арқылы көбеюі.Зең саңырауқұлақтар: мукор, пеницилл. Біржасушалы ашытқы саңырауқұлағы. Көп жасушалы саңырауқұлақтар. Қалпақты саңырауқұлақтар. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі: сапрофиттер, паразиттер, симбионттар. Микориза туралы түсінік. Өсімдіктерді паразиттік саңырауқұлақтардан қорғау тәсілдері. Саңырауқұлақтардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қыналар, олардың құрылысы, қоректенуі және көбею ерекшеліктері. Қыналардың көптүрлілігі. Қыналардың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы. Қыналардың индикаторлық рөлі. Зертханалық жұмыстар: «Микроскоптық мукор саңырауқұлағының сыртқы құрылысын зерттеп білу», «Түтікшелі және қатпарлы қалпақты саңырауқұлақтардың жемісті денесінің құрылысы», «Қабық(қаспақ) тәрізді қынаның жемісті денесінің сыртқы құрылысын зерттеп білу», «Қыналардың екі-үш өкілдерінің құрылыс ерекшелігімен танысу». Ескерту. (Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда көрсетулермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады.).
      20. «Табиғи бірлестіктер» (6 сағат). Биологиялық жүйе ретінде өсімдіктердің табиғи бірлестіктері (биоценоз — фитоценоз) туралы түсінік. Өсімдіктердің табиғаттағы тіршілігі. Табиғи бірлестіктердің сипаттамасы: мекен ортасы, түрлік құрамы, бірлестіктегі түрлердің саны,белдеулігі, өсімдіктер арасындағы өзара байланыстар.
      Өсімдіктердің табиғи бірлестіктерде бірге тіршілік етуге бейімділіктері. Түрлі белдеулік сатыдағы өсімдіктердің негізгі қасиеттері. Өсімдіктердің, жануарлардың, саңырауқұлақтардың, бактериялардың және олардың тіршілік орталарының жиынтығы ретінде биогеоценоз туралы түсінік.Экожүйелер туралы түсінік. Өсімдіктер бірлестігінің орны және рөлі. Адамның табиғаттағы рөлі. Табиғат байлықтарын үнемді пайдалану, өсімдіктерді қорғау, өсімдік ресурстары мен табиғатты қорғау, өсімдік ресурстары, табиғатты қорғау, экология туралы түсініктер. Қызыл кітап. Туған өлкенің байлықтарын оқып білуде, табиғатты қорғауда, халыққа экологиялық білім таратуда мектеп оқушыларының рөлі.
      Сарамандық жұмыстар:
      «Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде және мектеп айналасында өсімдіктер бірлестігін құрастырып, оны жабдықтау бойынша жүргізілетін көктемгі жұмыстар», «Бөлме өсімдіктерін көктемгі күтіп-баптау жұмыстары», «Мектептің оқу-тәжірибе учаскесінде орындалатын жұмыстар», «Жылдың күзгі мезгіліндегі өсімдіктердің тіршілігі».
      Топсеруен:
      «Бірлестіктегі өсімдіктер тіршілігі», «Орман (саябақ) табиғи бірлестік екендігі», «Табиғи бірлестіктегі көктемгі тіршілік». «Жылдың көктемгі маусымындағы өсімдіктердің тіршілігі». Жаз айларына берілетін тапсырма: оқып танысқан тұқымдастардағы өсімдіктердің кеппешөптерін дайындау (шаршыгүлділер, раушангүлділер, алқа және бұршақ тұқымдастары, лалагүлділер, пияз және астық тұқымдастары); осы аталған тұқымдастардың оқып танысқан өкілдерінің тұқымдарынан жинақтама құрастыру, өсімдіктер тіршілігіне фенологиялық бақылау жүргізіп, байқалған өзгерістерді бақылау күнделігіне енгізу, арамшөптердің кеппешөптерін дайындау, көкөністердің, жемістердің, бақша өсімдіктерінің және астық дақылдарының тұқымдарын жинау, жаз айларында өсімдіктердің гүлдеуіне және жеміс түзілуіне, жапырақтардың өзгерістеріне бақылау жүргізу, бөлме және әсемдік өсімдіктерге, және үйдің ауласындағы басқа да өсімдіктерге бақылау жүргізіп, күтім жұмыстарымен айналысу (байқалған барлық өзгерістерді күнделікке енгізу.

3. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны

      21. 7 – сыныпқа арналған биология пәнінің базалық білім мазмұны келесі бөлімдер мен тараулардан тұрады.


      22. «Кіріспе» (1 сағат). Зоология - жануарлар дүниесі туралы ғылым. Жануарлардың көптүрлілігі, олардың Жер бетінде таралуы. Жабайы және үй жануарлары.Табиғатта жануарлардың өзара байланысы. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны мен рөлі. Жануарлар тіршілігінің адамға тәуелділігі. Жануарларға жағымсыз әсер ету және қамқорлық жасау. Жануарларды қорғау.
      23. «Жануарларды жіктеу» (2 сағат). Жануарлардың негізгі жүйелік топтары: Дүние, Дүние тармағы, Тип, Класс, Отряд, Тұқымдас, Туыс, түр, популяция. Жануарларды жіктеудің маңызы. Зоология ғылымының қысқаша даму тарихы. Зоологияның Қазақстан Республикасында ғылым ретінде дамуы.
      24. «Біржасушалы жәндіктер (жануарлар) дүние тармағы немесе Қарапайымдар типі» (4 сағат).
      1) «Бір жасушалы организмдер ретінде қарапайымдардың жалпы сипаттамасы». Қарапайымдардың табиғаттағы алуантүрлілігі. Олардың су қоймаларында, топырақта және адам мен өсімдік организмінде кездесетін саналуан өкілдері;
      2) «Тамыраяқтылар» (1 сағат). Кәдімгі амеба. Сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдері). Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалысы, қоректенуі,тыныс алуы, ыдырау өнімдерін шығаруы, осмостық реттелуі, көбеюі,циста түзуі;
      3) «Талшықтылар» (1 сағат). Жасыл евглена — жануарлар мен өсімдіктерге тән белгілердің қатарынан екеуін де алып жүрген қарапайым жәндік. Колониялы талшықтылар;
      4) «Инфузориялар» (2 сағат). Кірпікшелі кебікше — күрделі құрылысты қарапайым жәндік. Жынысты көбеюі. Жер бауырлап қозғалатын және отырықшы инфузориялар. Ірі қара малдармен селбесіп тіршілік ететін ифузориялар. Ауру қоздырғыш қарапайымдар: дизенериялық амҰба, безгек паразиті. Дизентриялық амебаны жұқтырудың алдын алу. Безгек ауруы таралған аймақтар. Безгекпен күресу. Қарапайымдылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Зертханалық жұмыс: Ашық су қоймасынан не аквариумнан алынған су тамшысын микроскоп астында қарап, қарапайымдардың өкілдерін табу.
      25. «Көпжасушалы жануарлар дүние тармағы» (4 сағат):
      1) «Ішекқуыстылар тип»і (3 сағат). Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы.Тұщы су гидрасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Денесінің қосқабаттылығы. Эктодерма. Энтодерма. Жасушаларының әртүрлілігі. Гидраның қоректенуі, тыныс алуы, тітіркенгіштігі, көбеюі, регенерациясы. Табиғаттағы маңызы;
      2) «Теңіз ішекқуыстылары» (1 сағат). Олардың көптүрлілігі және маңызы. Маржан полиптері және медузалар. Ішекқуыстылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
      26. «Жалпақ, Жұмы және Буылтық құрттар типтері» (9 сағат):
      1) Құрттардың жалпы сипаттамасы. Құрттардың алуантүрлілігі. Құрттардың типтері. Табиғатта емін-еркін тіршілік ететін және паразиттік құрттардың негізгі топтары. Мекен ету орталары;
      2) «Жалпақ құрттар типі» (3 сағат). Ақ сұлама — табиғатта емін-еркін тіршілік ететін жалпақ құрттардың өкілі. Сыртқы құрылысы. Екі жақты симметриялығы. Дене жамылғысы. Бұлшық еттері. Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі.Сиыр цепені — жалпақ таспа құрттардың өкілі. Оның құрылыс ерекшелігі мен паразиттік тіршілікке бейімділігі. Даму циклы мен иелерін алмастыруы. Сорғыш құрттар.Даму циклы және иелерін алмастыруы;
      3) «Жұмыр құрттар типі» (3 сағат). Жұмыр құрттардың жалпы сипаттамасы. Нематодтар, Ішексорғы (аскарида), үшкір құрт (острица) тағы басқа да нематодтар. Олардың құрлысы, мен тіршілік әрекеттері,адам және жануарлар үшін маңызы. Адамның және ауыл шаруашылығы жануарларының паразиттік құрттарын жұқтырудан сақтану. «Паразитизм» түсінігі және оның биологиялық мәні. Паразит пен иесінің өзара қарым-қатынасы. Паразиттік құрттардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы;
      4) «Буылтық құрттар типі» (3 сағат). Буылтық құрттардың көптүрлігі. Шұбалшаң. Мекен ету ортасы. Сыртқы және ішкі құрылысы. Ұлпалар және мүшелер туралы түсінік. Қозғалуы. Асқорытуы, қан айналымы, зәр шығаруы, тыныс алуы. Көбеюі және дамуы. Шұбалшаңның биогеоценоздардағы,табиғаттағы және жануарлар дүниесінің даму тарихындағы орны мен маңызы. Зертханалық жұмыс: «Шұбалшаңның қозғалу ерекшелігін, тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау», «Сыртқы құрылысымен танысу», «Даяр дымқыл препараттағы құрттың ішкі құрылысына назар аударып зерттеу».
      27.«Ұлулар типі (3 сағат):
      1) Ұлулардың жалпы сипаттамасы. Олардың көптүрлігі. Түрлі класс өкілдерінің мекен ортасына байланысты құрылысы мен мінез-құлық ерекшеліктері. Бақалшақтарының енжар қорғаныштық рөлі;
      2) «Бауыраяқты ұлулар класы» (1 сағат). Үлкен тоспаұлуы (немесе жүзім ұлуы) және жалаңаш шырыш, олардың мекен орталары. Құрылысы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі және дамуы. Биоценоздардағы рөлі және практикалық маңызы;
      3) «Қосжақтаулы ұлулар класы» (1 сағат). Айқұлақ және мидиялар. Олардың мекен орталары. Құрылыс ерекшеліктері. Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы;
      4) «Басаяқты ұлулар класы» (1 сағат). Сегізаяқтар, кальмар, каракатица. Олардың құрылыс ерекшеліктері. Қозғалуы, Қоректенуі. Мінез-құлығы. Биоценоздағы рөлі және практикалық маңызы. Зертханалық жұмыс: «Ұлулардың сыртқы құрылысын зерттеп білу және салыстыру», «Тоспаұлудың (немесе жүзім ұлуының) қозғалу ерекшелігін, сыртқы тітіркендіргіштерге жауап қайтару реакциясын бақылау», «Бақалшағының пішінін, оның сыртқы және ішкі қабаттарының құрылысын қарап зерттеу», «Әртүрлі тұщы су және теңіз ұлуларының бақалшақтарын салыстырып зерттеу».
      28. «Буынаяқтылар типі» (14 сағат):
      1) Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы. Буынтаяқтылардың буылтық құрттармен ұқсастығы және айырмашылығы.
      2) «Шаянтәрізділер класы» ( 4 сағат). Класс өкілдерінің жалпы сипаттамасы. Өзен шаяны. Мекен ортасы және тіршілігі. Құрылыс ерекшелігі. Қоректенуі. Тыныс алуы. Көбеюі. Басқа шаянтәрізділер. Шаянтәрізділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы;
      3) «Өрмекшітәрізділер класы» (4 сағат). Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Өрмекшінің сыртқы құрылысы. Мекен ортасы, тіршілік ету ерекшеліктері және мінез -құлығы. Өрмектіңқұрылысы мен рөлі. Өрмекшілердің биогеоценоздардағы рөлі. Кенелер. Мекен ортасы паразиттік тіршілік етуі. Сыртқы құрылысындағы және мінез-құлығындағы ерекшеліктері. Кенелердің ауру қоздырғыштарын тасымалдауы. Кенелер жұқтыратын энцефалит ауруы. Кенелерден қорғану шаралары. Кенелердің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі;
      4) «Бунақденелілер класы» (6 сағат). Класс өкілдерінің жалпы сипаттамасы. Бунақденелілердің көптүрлілігі. Олардың сыртқы құрылысының ерекшеліктері (мысалы зауза қоңызының немесе бөлме шыбынының, тағы басқа). Қозғалуы. Қоректенуі. Тыныс алуы. Бунақденелілердің көбеюі және дамуы. Даму типтері. Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің негізгі отрядтары: тікқанаттылар, теңқанаттылар және қандалалар. Толық түрленіп дамитын бунақденелілердің негізгі отрядтары: көбелектер, инеліктер, қатқылқанаттылар (қоңыздар), қосқанаттылар, жарғаққанаттылар. Осы отрядтардың бірқатар өкілдері орман және ауылшаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері. Бунақденелілер - адам ауруларын тасымалдаушылар. Ауру тасымалдаушылармен күресу. Аралар мен құмырсқалар - қоғамдасып тіршілік ететін бунақденелілер. Олардың тіршілігі мен отбасын құру ерекшеліктері. Мінез-құлықтары. Түйсігі (инстинкт). Аралардың және басқа жарғаққанаттылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Бунақденелілердің шөпқоректі, жыртқыш, паразиттік өкілдері. Олардың биоценоздық және практикалық маңызы. Зиянкес бунақденелілермен күресудің биологиялық әдісі. Бунақденелілерді қорғау. Зертханалық жұмыстар: «Бөлме шыбынының сыртқы құрылысы». «Жеміс шыбыны дрозофиланың дернәсілін және ересек дарағын қарап, оның құрылыс ерекшеліктеріне назар аудару». «Бау және бақша зиянкестерінің жинақтамасын зерттеп қарау». «Зиянкес бунақденелілерді ажырата білу».
      29. «Желілілер типі» (28 сағат):
      1) Желілілер типіне қысқаша сипаттама;
      2) «Бассүйексіздер тип тармағы» (1 сағат). Қандауырша — бассүйексіздер тип тармағының өкілі. Мекен ортасы және құрылыс ерекшеліктері. Қандауыршаның табиғаттағы рөлі және практикалық маңызы;
      3) «Балықтар класс үсті» ( 5 сағат). Балықтарға жалпы сипаттама. Шеміршекті балықтар класы. Сүйекті балықтар класы. Сүйекті балықтардың құрылысындағы ерекшеліктер. Сыртқы құрылысы. Дене бөліктері мен жамылғысы. Балықтардың қозғалуында жүзбеқанаттардың рөлі. Сезім мүшелерінің орналасуы және маңызы. Сүйекті балықтың ішкі құрылысы: тірек — қимыл, жүйке, асқорыту, тыныс алу, қан айналым және зәр шығару жүйелері. Торсылдағы және оның маңызы. Балықтардың көбеюі және дамуы. Мінез-құлық ерекшеліктері. Өрістеуі (миграция) өсімталдығы және ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Балықтарда түйсіктің (инстинкт) байқалуы. Популяция туралы түсінік. Шеміршекті балықтар класы: акулалар, скаттар. Шеміршекті балықтардың көптүрлілігі. Бекірелер. Бекірелердің маңызы және оларды қайта көбейтіп қалпына келтіру шаралары.Қостынысты балықтар. Саусаққанатты балықтар, олардың құрылықтың омыртқалы жанауарлардың шығу тегіндегі маңызы. Балықтардың түрлі тіршілік орта жағдайларына бейімділіктері. Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар) және тағы басқалар. Балықтар байлығын үнемді пайдалану, оларды қорғау және көбейту. Балықөсіру зауыттары және олардың маңызы. Тоған шаруашылығы. Сазан және оның қолға үйретілген формасы — тұқы балық (карп). Тоған шаруашылығында өсірілетін балықтардың басқа да түрлері. Балықтарды жерсіндіру. Жерсіндірудің биологиялық және шаруашылықтық негіздемесі. Аквариумдық балықшаруашылығы. Зертханалық жұмыс: «Сулы ортадағы тірі балықтарды бақылау», «Олардың сыртқы құрылысына назар аударып зерттеу», «Қабыршақтарындағы дөңгелектеу келген сызықтарға қарап балықтың жасын анықтау», «Балықтың қаңқасын қарап зерттеу», «Балықтың ішкі құрылысына қарап мүшелерін анықтап табу, олардың орналасуына назар аудару»;
      4) «Қосмекенділер класы» (3 сағат). Қосмекенділерге жалпы сипаттама. Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы. Оның қосмекенді тіршілігі. Қоректенуі. Қосмекенділер тіршілігінің жылдық циклы. Қыстақтары. Бақалардың көбейуі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері. Дернәсілдерінің балықтарға ұқсастығы. Қосмекенділердің көптүрлілігі. Құйрықты (тритон, саламандра) және құйрықсыз (құрбақа, көл бақасы, шұбар бақа, тоған бақасы) қосмекенділер. Қосмекенділердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Қосмекенділерді қорғау. Өліп біткен қосмекенділер және олардың ертедегі саусаққанатты балықтардан пайда болуы. Зертханалық жұмыс: «Тірі бақаларға бақылау жүргізу». «Бақаның сыртқы құрылысын зерттеп білу. Қаңқасының ерекшелігіне назар аудару». «Даяр ылғал препараттан бақаның ішкі құрылысына қарап мұқият зерттеу»;
      5) Жорғалаушылар класы (4 сағат). Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама. Құрлықтық-ауалы тіршілік ортасы. Жорғалаушылардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері (мысалы кесіртке).Құрлықтық-ауалы ортада тіршілік етуге бейімділігі. Қоректенуі және мінез-құлығы. Тіршілігінің жылдық циклы. Көбеюі және дамуы. Жыландар, оның түрлері. Жыландар мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылықтары. Жыланның ұлы аппараты. Жылан уының әсері. Жыланның шағуынан қорғану және улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек. Жорғалаушылардың басқа отрядтары: тасбақалар, қолтырауындар. Жорғалаушылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Жорғалаушыларды қорғау. Ертедегі жорғалаушылардың алуантүрлері. Олардың жойылу себептері. Жорғалаушылардың ертедегі қосмекенділерден пайда болуы. Зертханалық жұмыс: «Тірі кесірткенің қозғалысын, басқа да тіршілік әрекеттерін бақылау (улы емес жыландарды немесе тасбақаларды бақылауға болады»). «Олардың сыртқы құрылыстарына назар аударып зерттеу». «Кесіртке мен бақаның қаңқаларын салыстыру». Топсеруен: «Өлкетану мұражайына немесе хайуанаттар бағына барып туған өлкенің алуантүрлі жануарларымен танысу»;
      6) Құстар класы (6 сағат). Класстың жалпы сипаттамасы. Құстардың мекен ортасы. Олардың сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері. Құстардың ұшуға бейімділігі. Зат алмасу қарқындылығы. Жылықандылығы. Жорғалаушылармен салыстырғанда жүйке жүйесі мен сезім мүшелерінің, мінез-құлығының, дене жашылғысының, ішкі құрылысының күрделенуі. Көбеюі мен дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы мен маусымдық құбылыстары. Құстардың қайтуы. Құстардың шығу тегі. Археоптерикс. Құстардың көптүрлілігі. Пингвиндер. Қыртөсті (ұшатын) құстар. Таралуы. Құрылыс ерекшеліктері мен тіршілік орта жағдайларына бейімделуі. Құстардың экологиялық топтары: орман және су қоймалары мен жағалауларының құстары, ашық далалы алқаптардың және ауада ұшып жүріп қоректенетін құстар. Бунақденелілермен, жануартектес азықтармен қоректенетін және жыртқыш құстардың пайдасы. Құстарды қорғау және қолға үйрету. Құстардың биогеоценоздардағы және адам өміріндегі маңызы. Кәсіптік құстар оларды тиімді пайдалану және қорғау. Үй құстары: құстардың шығу тегі және аса маңызды қолтұқымдары, оларды адамның пайдалануы. Зертханалық жұмыс: «Құстардың сыртқы құрылысы». «Қауырсынды жамылғысы, қауырсындарының әртүрлі типтері». «Құстардың қаңқасы, ішкі құрылысы (ылғалды препарат)». «Тауық жұмыртқасының құрылысын зерттеу». Топсеруен: «Орман құстарымен танысу (саябақ, мектеп бағының құстары). Тірі құстардың мінез-құлығын бақылау»;
      7) Сүтқоректілер класы немесе Аңдар (9 сағат). Класс өкілдерінің жалпы сипаттамасы. Сүтқоректілердің мекен ортасы. Сыртқы және ішкі құрылыс ерекшеліктері. Жорғалаушылармен салыстырғанда дене жамылғысының, асқорыту,тыныс алу, қан айналым, зәр шығару, жүйке жүйелерінің, сезім мүшелерінің, мінез-құлығының күрделенуі. Көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклі және маусымдық өзгерістері. Сүтқоректілердің ертедегі жарғалаушылардан пайда болуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі. Жұмыртқасалушылар. Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшеліктері. Таралу аймақтары және алуантүрлілігі. Ұрықжолдасты сүтқоректілердің аса маңызды отрядтары. Олардың биологиялық ерекшеліктері. Бунақденеқоректілер, қолқанаттылар, кемірушілер, қоянтәрізділер. Жыртқыштар (ит, мысық, аю, сусар тұқымдастары). Ескекаяқтылар. Китәрізділер. Жұптұяқтылар. Тақтұяқтылар. Приматтар. Сүтқоректілердің негізгі экологиялық топтары: ормандарды, ашық далалы алқаптарды, су қоймалары мен олардың жағалауларын, топырақ астында мекендейтін сүтқоректілер. Қолға үйретілген аңдар. Түрлі қолтұқымдары және оларды адамның пайдалануы. Олардың жабайы ата-тектерден шығуы. Сүтқоректілердің маңызы. Олардың табиғаттағы және антропогендік ландшафттардағы сан мөлшерінің реттелуі. Кәсіптік аңдар және кәсіпшілік. Аңдарды жерсіндіру. Сүтқоректілерді тиімді пайдалану және қорғау. Зертханалық жұмыс: «Аңдардың тіршілігін бақылау». «Сыртқы құрылысын, қаңқасының құрылыс ерекшелігін зерттеп білу». «Даяр ылғал препараттардан ішкі құрылысын қарап танысу». Ескерту: (Зертханалық жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтар болмаған жағдайда оларды көрсетілімдермен немесе электрондық нұсқалармен алмастыруға болады). Топсеруен: «Қолға үйретілген және жабайы аңдар тақырыбы бойынша өлкелік мұражайға немесе хайуанаттар бағына бару».
      30. Жерде жануарлар дүниесiнiң дамуы (1 сағат). Жануарлар дүниесінің тарихи дамуы. Жерде жануарлар дүниесі тарихи дамуының дәлелдемелері. Эволюция туралы түсінік. Жануарлар дүниесінің алуантүрлілігі тірі табиғат эволюциясының нәтижесі екендігі. Биологиялық әртүрлілік табиғат пен қоғамның тұрақты дамуының негізі екендігі.
      31. Табиғи бiрлестiктер (1 сағат). Биогеоценоздар, агроценоздар және экожүйелер туралы түсінік. Жануарлардың табиғи бірлестіктердегі орны және рөлі. Табиғи бірлестіктердің трофикалық байланыстары. Қоректік тізбектер. Экологиялық (қуыстар) орындар. Жануарлардың табиғаттағы сан мөлшері және оның ауытқуының себептері. Агроценоздардағы жануарлар сан мөлшерінің ауытқуы. Топсеруен: «Табиғи бірлестіктердегі көктемгі тіршілік». «Сулы ортаның табиғи бірлестіктеріндегі көктемгі құбылыстар».
      32. Қорытынды (1 сағат). Жануарлар дүниесі организмдердің, популяциялар мен түрлердің және бірлестіктердің көптүрлілігінің көрінісі. Тірі табиғаттың құрылым деңгейлері. Жануарлар дүниесін орынды және тиімді пайдалау, қорғау. Біздің ғаламшарымыздағы жануарлар дүниесінің көптүрлілігін сақтауда адам және қоғамның рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет