Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет183/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   244
(
https://www.nao.kz
). 
Отбасылық тәрбие 
Тәрбие жұмысының төртінші бағыты ата-аналарды ағарту мақсатында
олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін және мектепте 
балаларды тәрбиелеу үшін жауапкершілігін арттыруға арналған. 
Отбасы – адамның бастапқы әлеуметтенуінің негізі. Мектептің ата-
аналармен өзара әрекеттесуі баланы тәрбиелеуге, сенімге, сыйластыққа
шыдамдылыққа және бір-біріне қолдау көрсетуге өзара мүдделілік 
қағидаттарына негізделуі керек. Қазіргі уақытта мектеп пен ата-аналардың 
құқықтары мен міндеттерін реттеу үшін олардың арасындағы үлгі шарт 
міндетті түрде жасалады. Осы құжат негізінде ата-аналар оқушыға білім беру 
мен тәрбиелеу мәселелері бойынша білім беру ұйымымен бірлесіп әрекет 
жасауға, ҚР-ның қолданыстағы заңнамасында қарастырылған ата-аналар 
комитетінің, қамқоршылық кеңестің, ата-аналар жиналыстары шешімдерін 
ескеру, ата-аналар комитеттері арқылы білім беру ұйымдарының басшы 
органдарының жұмысына қатысу тәрбие-білім беру процесін жүзеге асыруға 
қатысуға міндетті. 
Мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастығы тәрбиелеу міндеттерін 
және баланың даму бағдарламасын айқындау, сондай-ақ осы міндеттерді 
бірлесіп жүзеге асыруды қарастырады. Ата-аналардың интеллектуалдық және 
материалдық деңгейдегі айырмашылықтары, олардың отбасында және мектепте 
балаларды тәрбиелеудегі ұстанымы, отбасымен қарым-қатынас жасауда 
жекелеген әдіс-тәсілдері мұғалімдер мен сынып жетекшісінің қызметі үшін 
негіз болуға тиіс. Бұл үшін балаларды, үйде білім алатын оқушыларды тарту 
арқылы отбасылар және ата-аналармен жұмыс істеудің келесідей топтық және 
жеке түрлері пайдаланылады: тәжірибе алмасу конференциялары, тренингтер, 
ең табысты ата-аналардың шеберлік сабақтары, пікірталастар, сұрақ-жауап 


312 
кештері, мұғалімдер, психологтер, мектеп әкімшілігімен кездесулер, ата-аналар 
жиналысы, сондай-ақ, ата-аналар мен балалардың қатысуымен іс-шаралар 
ұйымдастыру.
Әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша дәстүрлі қоғамдық 
тыңдаулар (ашық баяндамалар) өткізу және ата-аналар қоғамдастығының 
алдындағы қамқоршылық кеңестің ашық есеп беруі, Білім күніне арналған 
жалпыұлттық сынып сағаттары (Білім күні), «Менің отбасым» «Жылдың үздік 
жанұясы», «Жазда жанұямызбен» жас ата-аналар фестиваль-байқаулары, 
«Жылдың ең үздік ата-аналар кеңесі», «Жылдың үздік қамқоршылық кеңесі» 
слеттері, ата-аналар комитетінің форумдары, конкурстар, спорттық іс-шаралар: 
«Әкем, анам, мен – спорттық жанұя», «Көңілді старттар», ірі жарыстар (оқушы 
ата-аналарының командалары, мұғалімдер) өткізіледі. Осының барлығы 
отбасылық тәрбие мәселелері бойынша ата-аналық жауапкершілік пен 
құзыреттілік деңгейін көтеруге ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет