Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет224/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   244
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


382 
13. 
АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
 
Арнайы мектептерде, арнайы сыныптарда оқу-тәрбие процесі келесі 
нормативтік-құқықтық құжаттармен реттеледі: 

«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 
бұйрығы; 

«Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметінің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 
бұйрығы; 

«Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 
8 қарашадағы № 500 бұйрығы; 

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға арналған 
типтік оқу бағдарламалары (ҚР БҒМ бұйрықтары № 352, 27.07.2017 ж., 
№469, 20.09.2018 ж.). 
Жалпы білім беретін мектептерде құрылатын арнайы сыныптар 
оқушылардың даму бұзушылықтарының түрлері бойынша сараланады: 

есту қабілетінің бұзылыстары бар балалар үшін; 

көру қабілетінің бұзылыстары бар балалар үшін; 

сөйлеу қабілетінің ауыр бұзылыстары бар балалар үшін; 

тірек-қозғалыс аппаратында бұзылыстары бар балалар үшін; 

психикалық дамуы тежелген балалар үшін (бұдан әрі – ПДТ); 

ақыл-ой кемістігі бар балалар үшін (жеңіл және орташа ақыл-ой 
кемістігі). 
Аталған сыныптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
Министрлігінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 бұйрығына сәйкес жинақталады. 
Бастауыш білім алу ұзақтығы 0 сынып есебінен 1 жылға, білім 
алушылардың танымдық іс-әрекеттердің ерекшеліктері, оқу қарқынының 
баяулауы, жалпы білім беретін пәндерге оқу бағдарламаларының мазмұнын 
толыққанды 
меңгеруге 
мүмкіндік 
беретін 
пропедевтикалық 
және 
компенсаторлық-дамыту бөлімдерін қосу қажеттілігі салдарынан 10 сынып 
есебінен 1 жылға ұлғайтылды. 


383 
0 сыныптарда оқу жылының ұзақтығы 32 оқу аптасын, 1 сыныптарда – 33 
оқу аптасын, 2-12 сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды. 
Есту, көру қабілеті бұзылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу 
қабілеті ауыр бұзылған, психикалық дамуы тежелген білім алушыларға арналған 
үлгілік оқу жоспарларының инвариантты бөлігінің жалпы білім беретін 
пәндерінің тізбесі және олардың негізгі мазмұны мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім беру стандартының (бұдан әрі – МЖМБС) талаптарына сәйкес келеді (ҚР 
БҒМ 31.10.2018 ж. № 604 бұйрығы). 
Оқыту арнайы оқу бағдарламалары ретінде (бағдарламалар Ы. Алтынсарин 
атындағы Ұлттық білім академиясы сайтында орналастырылған - www.nao.kz
білім алушылардың психофизиологиялық ерекшеліктері мен танымдық 
мүмкіндіктерін ескере отырып, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің 
оқу бағдарламалары негізінде, сондай-ақ жалпы білім берудің оқу 
бағдарламалары да әзірленген. 
Оқу үдерісінде арнайы ОӘК, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептерге 
арналған ОӘК қолданылады. 
Интеллектісі бұзылған білім алушыларға арналған үлгілік оқу жоспарының 
бөлімдері мен оқу пәндерінің тізбесі, сондай-ақ оқу бағдарламалары мен 
оқулықтардың мазмұны МЖМБС талаптарына бағдарланбаған оқу процесі жеңіл 
және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған үлгілік оқу 
жоспарларына сәйкес, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, мектепте барлық 
жыл бойы арнайы ОӘК-мен жүзеге асырылады. 
Арнайы мектептердің (сыныптардың) педагогтары сынып құрамын және 
білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып дидактикалық, 
дамытушы материалдармен толықтырып таңдауға құқығы бар. 
Дамуында кемістігі бар білім алушыларды оқытатын білім беру ұйымдары 
білім беру мазмұнының ерекшеліктерін және білім алушылардың мүмкіндіктерін 
ескере отырып, білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мен аралық 
аттестаттауды өткізудің түрлерін, тәртібі мен кезеңділігін дербес айқындайды. 
Үлгілік оқу жоспары негізінде білім беру ұйымы әрбір сынып үшін жұмыс 
оқу жоспарын білім алушылар құрамының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін 
ескере отырып жасайды. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша білім 
алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес (үлгілік оқу жоспары 
сағаттарының жалпы санының шеңберінен шықпастан) үлгілік оқу жоспарының 
пәндері арасында сағаттарды қайта бөлуге жол беріледі. 
Білім беру ұйымы үйде оқитын білім алушылардың ата-аналарымен (немесе 
оларды алмастыратын тұлғалармен) бірлесіп, оқытылатын пәндердің тізбесін 
айқындайды, жеке мүмкіндіктеріне сәйкес сыныптар бойынша үйде жеке 
оқытудың үлгілік оқу жоспарының бөлінген сағаты шегінде пәндер бойынша 
сағаттарды бөледі. 
Арнайы мектеп пен арнайы сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісі мектеп 
штатында бар психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары (психолог, 
логопед), арнайы педагогтар (тифлопедагог, сурдопедагог, олигофренопедагог, 
ЕДШ нұсқаушысы) жүргізетін білім алушының қажеттіліктерін психологиялық-
педагогикалық бағалаудың деректеріне негізделген сараланған және жеке 


384 
тәсілдемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылады. 
Педагогтар мен психологиялық-педагогикалық қолдау мамандарының 
жұмысы командалық тәсілдемелерді қолдану арқылы жүзеге асырылады, мектеп 
директоры бекіткен жергілікті нормативтік актілермен реттеледі. 
Арнайы мектеп пен арнайы сынып білім алушылары үлгілік оқу 
жоспарының (түзету компоненті) тиісті бөлімінде бөлінген сағат шеңберінде 
психологиялық-педагогикалық қолдау мамандары өткізетін фронтальды, кіші 
топ және жеке сабақтарда арнайы психологиялық-педагогикалық көмек алады. 
Түзету сабақтары арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың барлық 
түрлерінде міндетті болып табылады. Түзету компоненті пәндерін оқу 
жоспарының инвариантты компоненті пәндерімен ауыстыруға, сондай-ақ осы 
сағаттардың санын қысқартуға жол берілмейді. 
Арнайы мектептер мен арнайы сыныптардың жұмысы ұзартылған күн 
тәртібінде 0-4 сыныптарда, ал 5-9,10 сыныптарда – мектеп басшылығының 
қалауы бойынша ұйымдастырылады, бұл бұзылған қызметтерді еңсеру және 
өтеу, қажетті денсаулық сақтау педагогикалық режимді қамтамасыз ету, 
әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасайды. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды еңбекке оқыту 
жұмыс кадрларына қажеттілікке бағдарланған өңірлік, жергілікті жағдайларға 
сүйене отырып және психофизикалық дамудың жеке ерекшеліктерін, 
денсаулығын, мүмкіндіктерін, сондай-ақ еңбек бейінін таңдау негізінде 
тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің 
мүдделерін ескере отырып ұйымдастырылады. Ерекше білім беру қажеттіліктері 
бар білім алушылар үшін еңбекке оқыту бейіндері бойынша үлгілік оқу 
бағдарламалары не оқушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескере 
отырып мұғалімдер жасаған және мектептің педагогикалық кеңесі бекіткен 
бағдарламалар пайдаланылады. 
Кәсіптік-еңбекке оқыту бойынша сабақтар үшін сыныптар 5-ден бастап, 
ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған сыныптар 4-ден бастап екі 
топқа бөлінеді. Еңбек түрлері бойынша топтарды топтастыру дәрігердің 
ұсынымдары негізінде оқушылардың психофизикалық жағдайы мен 
мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады. Білім алушылардың 
параллельді және аралас сыныптардан кіші топтарға бірігуі мүмкін. Әлеуметтік - 
тұрмыстық бағдарлау сабақтарын өткізу кезінде сынып да екі топқа бөлінеді. 
Есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған, тірек-қимыл аппараты бұзылған, 
психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектеп түлектері алған 
білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі аттестат алады. Жеңіл және 
орташа ақыл-ой кемістігі бар түлектер арнайы білім беру ұйымының осы түрі 
үшін белгіленген үлгідегі аттестат алады («Білім туралы мемлекеттік үлгідегі 
құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту 
туралы ҚР БҒМ 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығы»). 
1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) білім алушыларға арналған арнайы 
мектепте (сыныпта) оқыту ерекшеліктері. 
Білім беру процесі келесідей деңгейлерге бөлінеді: 
– 
бастауыш білім беру – 0, 1-4 сыныптар; 


385 
– 
негізгі орта білім – 5-10 сыныптар. 
Мектепке дейінгі алдын ала дайындықтан толық көлемде өтпеген балалар 
дайындық (0) сыныбына түседі. Оқыту арнайы әдістемелік және дидактикалық 
материалдарды қолдана отырып, арнайы оқу бағдарламалары бойынша 
жүргізіледі. Оқу үрдісінде жалпы білім беретін мектептердің оқулықтары 
қолданылады. 
Типтік оқу жоспарында міндетті түзету пәндері ұсынылған: 

жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, жалпы білім беретін 
пәндер бойынша білімді меңгеруге арналған база ретінде тұрмыстық ұғымдарды 
меңгеру үшін тілді меңгеру; 

электракустикалық аппаратураны қолдану арқылы есту қабылдауының 
қарқынды дамуы жағдайында қозғалыстар мен сөйлеуді дамыту; 

білім алушының коммуникативтік іс-әрекетін қамтамасыз ету, ауызекі 
сөйлеу сөздігін дамыту. Республика мектептерінде естімейтіндерді оқыту 
процесі есту-көру негізінде жүзеге асырылады, оқыту процесінде ымдау тілі 
бағдарламалық материалды тереңірек түсіну үшін көмекші құрал ретінде 
пайдаланылады; 

ауызекі сөйлеуді қалыптастыру және қалған сөйлеуде есту қабілетін 
дамыту. 
Түзету циклінің сабақтары топпен, кіші топтармен және жеке, күннің 
бірінші және екінші жартысында өткізіледі. 
Негізгі мектеп курсы үшін жалпы білім беру бағдарламаларын табысты 
меңгерген білім алушылар үшін жалпы орта білім мен мамандық алу мақсатында 
кәсіптік колледждерде, кешкі мектепте одан әрі білім алуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет