Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет99/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   244
Өлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 
Өлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың 
маңызды міндетін орындайды. Өлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың 
мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени 
ақпарат көзінің бірі. Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді 
5-
сыныпта: «Өлкенің тарихи ескерткіштері», «Өңірдің тарихи тұлғалары: 
билер, батырлар, ақындар», «Туған өлкенің аңыз-ертегілері» тақырыптарын 
оқытуда білім алушыларды ата-бабалардың дәстүрін құрметтеуге, келешек 
ұрпақтардың тәжірибесін жалғастыруға, өнегелі жерлестерінің өмірін 
замандастарына үлгі етуге бағыттау ұсынылады.
5-
сыныпта «Өлкетану мұражайы және тарихи жәдігерлер» тақырыбы 
бойынша тарихи мұраны жеткізудегі жәдігерлердің рөлін сипаттау үшін 
мүмкіндігінше мұражай сабақтарын өткізу ұсынылады. Мұражайда өтетін 
сабақта білім алушылардың оқу материалдарын мұражайдағы бай қорды 
пайдалана отырып терең меңгертуге бағыттау ұсынылады.
Мұражай базасында өткізілген сабақтар білімалушылардың азаматтық 
және патриоттық қасиеттерін қалыптастыруға, олардың танымдық 
қызығушылықтары мен қабілеттерін, ой-өрісін кеңейтуге, тарихи және мәдени 
ескерткіштерге ұқыпты қарауға ықпал етеді. 
6-
сыныпта: «Топонимдер – өткен заманның куәгерлері», Мәдени-тарихи 
дәстүрді сақтаушылар: өлкенің ұлттық қолөнері», Туған өлке тарихының қазіргі 
кездегі куәгерлері» тақырыптары берілген. Өлкедегі жер-су атауларының 
тарихын, ұлттық қолданбалы өнері мен қолөнерді, қазіргі кездегі өлкедегі 
атақты тұлғалардың ерлік істері мен еңбегі туралы білім беруде білім 


165 
алушылардың өлкенің негізгі ерекшеліктерін анықтауға және терең түсінуіне 
ықпал ету ұсынылады. 
Осы сыныпта білім алушылар «Бір ел-бір тағдыр» тақырыбы арқылы 
аймақтағы әр түрлі ұлттардың тарихы, салт-дәстүрімен танысады. Бұл 
білімалушыларды бірыңғай әлеуметтік ортаға біріктіруге ықпал етеді.
7-
сыныпта: «Өлкенің туристік маршруттары», «Туған жердің Атымтай 
жомарттары», «Туған өлкенің шежіресі», «Мектебімнің тарихы» тақырыптарын 
оқытуда білім алушыларға оқу мазмұнына сәйкес материалдарды анықтау, 
талдау, бағалау дағдыларын дамытуға арналған тапсырмалар беру ұсынылады. 
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 
Төменде 61-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
61-
кесте. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
5-
сынып 




6-
сынып 




7-
сынып 




8-
сынып 




9-
сынып 




«Дүниежүзі тарихы» пәнін оқытудың ерекшеліктері 
«Дүниежүзі тарихы» пәні білім алушылардың бойында тарихи сана, 
толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрметті 
қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды 
меңгерту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамытуға 
бағытталған.
«Дүниежүзі тарихы» пәнінің білім мазмұны: әлеуметтік қатынастардың 
дамуы, мәдениеттің дамуы мен өзара әрекеттестігі, саяси жүйелердің дамуы 
мен өзара әрекеттестігі, экономикалық қатынастардың дамуы бөлімдерін 
қамтиды. Сондықтан 5-9-сыныптарда «Дүниежүзі тарихы» бойынша ежелгі 
дәуірден бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық 
салалардың негізгі даму кезеңдері оқытылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет