19
Менторлық қолдау түріндегі командалық ынтымақтастық құнды болып
табылады. Менторлық немесе менторинг ағылш. – mentoring –
оқу пәндерін
оқытуда озық тәжірибесі бар, тәжірибелі адамның, сарапшының (жұмыс өтілі
маңызды емес) тәжірибесі аз, жұмысты жаңа бастаған педагогпен өзара іс-
қимылы.
Ментор – тәлімгер. Физика, химия, биология, информатика пәндерінің
мұғалімдеріне ағылшын тілі мұғалімі, сондай-ақ, ағылшын тілінен
кем дегенде
В2 деңгейі бар ЖМБ оқу пәндерінің мұғалімі ментор бола алады.
Менторлық қолдау көрсету ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды
жаңа бастаған
педагогтің кәсіби іс-әрекетін тексеруші, оған баға беруші,
бақылаушы функцияларын атқаруды көздемейді.
Менторлық қолдау көрсетудің бірінші жылынан кейін өзара командалық
іс-әрекеттесу тәжірибесін талдау және ары қарай кәсіби өсу үшін
бағыттарды
анықтау маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: