314
пьесалар, мүсіндерді, суреттерді, музыкалық әуендерді, ғылыми жетістіктерді
және т.б. меңгеру және жетілдіру. Өткен
мыңжылдықтағы халық ауыз
әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мысалдарын – ертегілер, аңыздар,
болған оқиғалар, өсиеттер, эпостарды зерттеу. Тұрақты тақырыптық кітап
көрмелерін ұйымдастыру ұсынылады.
Ұлттық музыкалық аспап домбыраны насихаттау мақсатында домбыра
әзірлеу және домбырада ойнауға үйрету бойынша шеберлік-сыныптар, ұлттық-
қолданбалы өнер жәрмеңкелерін, дәстүрлі әуендер
орындаушылардың фото
көрмесін, домбырада ойнау сайыстарын, домбырашылардың концерттері мен
музыкалық викториналар, «Домбыра – қазақ халқының жаны» «Қазақтың
домбыра өнері», «Қазақтың күй өнері», «Қазақтың музыкалық аспаптары» және
басқа конкурстар ұйымдастыру.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты, тәрбие
жұмысының сегізінші
бағыты ретінде салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене
және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін
факторларды анықтай білу үшін кеңістік құрады. Жалпы білім беру
ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде
(футбол, волейбол, баскетбол,
гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ
күресі) мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту және спорт түрлері
бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар және спорттық секциялар ашу
маңызды.
2019-
2020 жаңа оқу жылында республиканың 1000 мектебінде дене
шынықтырудың әрбір үшінші сағатында «Футбол сағаты» пилоттық жобасы
жалғасады. Пилоттық жобаға қатысушы мектептердің тізімі Министрлікпен
бекітілген (ҚР БҒМ 2017 жылғы 11 тамыздағы № 405, 2017 жылғы 30
қазандағы № 550, 2018 жылғы 15 тамыздағы № 401 бұйрықтар).
Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы,
Шымкент қалаларының білім
басқармаларына аймақтағы пилоттық жобаның бақылауын және мониторингін
қамтамасыз ету, мектептік спорттық лига жұмысын жетілдіру қажет.
2020 жылға арналған күнтізбелік негізгі спорттық іс-шаралар жоспарына
сәйкес білім алушылар 9-дан астам спорт түрлері бойынша ҚР колледждерінің
студенттері мен оқушыларының Қысқы ойындарына қатысуы тиіс. Ойын
түрлері шаңғы тебу, қысқы президенттік көпсайыс, коньки тебу, шорт-трек,
қысқы спорттық бағдарлау, хоккей, бенди (допты хоккей), мәнерлеп сырғанау,
футзал.
Республикалық көпсалалы балалар мен жасөспірімдер турнирлеріне және
халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназия)
қатысуға
білім алушыларды кеңірек тарту қажет.
Тәрбие жұмысының ажырамас бөлігі жасөспірімдердің ұрпақ жаңғырту
қабілетін сақтау, нашақорлық, алкоголизм, темекі шегу, АИТВ-ның алдын алу,
сонымен қатар салауатты өмір салтының негіздері бойынша оқу семинарларын
өткізу болып табылады. 2019-2020 оқу жылында «Бір-біріне жақын – есірткіден
алыс» профилактикалық бағдарламасы сынып сағаттарында жалғасын табады.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында әдіскерлер мен мұғалімдерге
арналған білім алушылардың репродуктивті денсаулығы және отбасылық