Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет203/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   244
1) 
Курстың атауы тартымды болуы керек. Ол бір жағынан мектептікіне 
ұқсамау керек, ал екінші жағынан курсқа қатысатын оқушылардың курс 
барысында немен айналысатындығын көрсетуі тиіс. Мысалы: «Астрономия» - 
«Жұлдызды әліппе», «Журналистика»-«Қалам үлгісі». 
2
) Түсіндірме жазбада

элективті курстың түрі (пәндік-бағдарлы,пәнаралық), 

ұзақтығы мен апта сағаттарының саны, 

курс мақсаттарын тұжырымдау, 

курс түрі мен оның функцияларын есепке ала отырып курстың 
міндеттері, 

мұғалімнің пайдаланатын технологиялары, 

оқушыларға ұсынылатын қызмет түрлері, 

аталған курсты оқу барысында табыстылығын бағалауға мүмкіндік 
беретін критериилер,

ықтималды әлеуметтік сынақтар және күтілетін нәтиже. 
3) Бағдарламаның мазмұны (зертханалық және практикалық 


355 
жұмыстарды қоса). 
4) Тақырыптық жоспарлау (оқушылардың теориялық және 
практикалық сабақтарын, күтілетін іс-әрекеттерін көрсетеді). 
5) Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету. 
6) Қосымша. 
Элективті курстар мектепте вариативті компонентке берілген уақыт 
арқылы жүзеге асырылады. Элективті курстарды мектеп бағдарламасына енгізе 
отырып, бұл жерде оның бағдарламалары мен оқу құралдары туралы ғана емес, 
осы курстарды оқытуда қажетті барлық әдістемелік жүйені ескеру қажет. 
Сондықтан да элективті курстарға бөлінген уақыт шеңберінде жекелеген 
профильдердің үлгілік оқу жоспарларында, белсенді білім беру 
технологияларына жүгінуге сағаттар қарастырылған. 
Элективті курстар міндеттерінің күрделілігі мен көптүрлілігі қатаң түрде 
бекітілген тұжырымдамалық негізде (яғни өз бетімен емес, іс жүзінде 
бекітілген) бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету жүйесін құру 
қажеттілігін талап етеді. Ол үшін кез келген элективті курс немесе таңдау 
курсы оқу-әдістемелік жинақпен бекітілуі тиіс. 
Элективті курс бойынша оқу-әдістемелік жинаққа: 

курстың бағдарламасы; 

оқу, әдістемелік құралдар (мұғалімге, оқушыға арналған әдебиеттер
қосымша әдебиеттер, электронды басылымдар. Интернет-ресурстар); 

оқушының дәрістері, семинарлары, өзіндік жұмыстары үшін 
ақпараттық материалдар мәтіндері; 

өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар каталогы және оны орындауға 
арналған әдістемелік нұсқаулықтар; 

жеке және сараланған тапсырмалар, соның ішінде тест түріндегі 
тапсырмалар; 

оқу тәжірибе бағдарламалары және оны өткізу бойынша әдістемелік 
нұсқаулықтар; 

зерттеу жұмыстары мен жобалардың тақырыптары; 

жобалық және зерттеу қызметінің бағдарламалары және оларды 
ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықтар; 

жобалық және зерттеу жұмыстарының үлгілері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет