Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет208/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   244
 
 
 
 
 
 


363 
12. 
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЖАЛПЫ 
БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
Қазіргі уақытта инклюзивті білім беру еліміздің білім беру жүйесін 
дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі ретінде қарастырылады. Сапалы 
білім алуға қол жеткізу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасымен 
барлық білім алушыларға, жеке мүмкіндіктеріне қарамастан, ерекше білім 
берілуіне қажеттілігінің (ЕБҚ) әртүрлілігін ескере отырып кепілдік берілген. 
ЕБҚ бар азаматтардың сапалы оқытуға тең қол жеткізуге жағдайларын жасау 
болашақта үлкен артықшылықтарға ие. Бұл, ең алдымен, табысты әлеуметтік 
бейімдеу және өзін-өзі жетілдіру мүмкіндігі. Инклюзивтік ортада білім ала 
отырып, ЕБҚ бар балалар ашық болуға, өмірлік қажетті коммуникация 
дағдыларын, қоршаған адамдармен өзара іс-әрекет жасауға үйренеді. Ерте 
әлеуметтік инклюзия болашақта заманауи өмірге бейімделе алатынына 
сенімділіктің кепілі болып табылады. 
Қазақстан Республикасының саясаты барлық азаматтардың әлеуметтік
экономикалық, мәдени мәртебесіне қарамастан сапалы білім алу құқықтарын 
қамтамасыз етуге бағытталған. Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 
2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына 
Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу 
керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес 
ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс – бұл өзіміздің және қоғам 
алдындағы біздің парызымыз»,-деп атап көрсетілді [1]. 
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 
2016-
2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім 
беруді дамыту саясаты жарияланған. Сонымен бірге мектепке дейінгі және 
жоғары білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай түсінік аппараты мен осы 
саясатты іске асыру тетігін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 
Инклюзивті білім беру – әрбір адамның қандай да бір кемсітушіліксіз 
білім алу құқығын жүзеге асырудың дамыған халықаралық қоғамдастықта 
танылған құралы, сондай-ақ, әлемнің көптеген елдерінде білім беру жүйесін 
дамытудың негізгі бағыты болып табылады. 
Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің маңызды міндеті – әрбір 
баланың сапалы білімге тең қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. 


364 
Әрбір педагогикалық ұжым жоғары инклюзивті мәдениетті қалыптастыру 
жолында, инклюзивті білім беру принциптерін жүзеге асырудың күнделікті 
тәжірибесі мінез-құлықтың әдеттегі схемасына айналуына ұмтылуы тиіс. 
Мұның базалық негізі инклюзивті білім беруді нормативтік құқықтық 
қамтамасыз етуді білу болуы тиіс. Білім беру ұйымдарының басшылығы 
қызметтін жоспарлау кезінде білім беру процесінің барлық қатысушыларын 
халықаралық және отандық деңгейде инклюзивті білім беру саласындағы 
нормативтік құқықтық құжаттармен ақпараттандыру мәселелерін ескеруі 
қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет