Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет231/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   244
Әскери-патриоттық клубтар бірқатар міндеттерді шешуге мүмкіндік 
береді: бұл жасөспірімдердің бос уақытын қамту; патриоттық тәрбие; 
оқушылардың ой-өрісін кеңейту; салауатты өмір салтын қалыптастыру; ҚР 
Қарулы Күштері қатарында қызметке оң көзқарастарын қалыптастыру. 
Клуб – бұл таңдау еркіндігін көздейтін қоғамдық ұйым, әртүрлі 
әлеуметтік пайдалы қызметтер түрлеріне қосылуға, өз күшін тексеруге, өзін-өзі 
растауға мүмкіндік береді. Бұл жерде тұлғаның маңызды моральдық қасиеттері 
қалыптасады: барлық ұжымның атынан жауап беруге, өзінің өмірлік 
позициясын жасауға. 
Қазіргі жағдайда кез келген білім беру ұйымының тиімді қызметінің 
басты ресурсы оның кадрлық әлеуеті болып табылады. Қызметкерлердің 
әлеуметтік маңызды нәтижеге қол жеткізе білуіне, кадрлардың біліктілігіне
ұйымның даму перспективаларына септігін тигізеді. Жеке әлеуеттен басқа 
ұжымдық әлеует, ұжымдық мақсаттарға қол жеткізу кезінде бірлескен жұмыс 
және өзара іс-әрекет әлеуеті қызмет тиімділігінің елеулі және өсіп келе жатқан 
факторы болып табылады. Кәсіпқойлықпен қатар, талап етілетін қасиеттердің 
бірі, маманның «командада» әрекет ету қабілеті болып табылады. 
Балаларға білім беруді, демалысты, сауықтыруды ұйымдастыру үшін 
кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру факторларының бірі педагогикалық 
жасақтардың қызметі болып табылады, оларды құру кезінде «командалық» 
тәсіл қолданылады. 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, командалық жұмыс принциптерін 
пайдаланатын педагогикалық жасақтар педагогикалық бағдарламаларды іске 
асырудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді; жаңа технологияларды белсенді 
әзірлейді, апробациялайды және енгізеді, өзекті мәселелерді шешудің 
стандартты емес жолдарын іздейді. 
Сондықтан, мектеп базасында «Тәлімгер мектебі» педагогикалық 
жасақтарын құру қажет, олар балалардың қызығушылықтарын арттыратын 
әртүрлі іс-шаралар өткізеді. 
Балалар мен жастарды ұлттық өнерге және ұлттық спортқа баулу 
мақсатында «ALTYN URPAQ» жобасы ұсынылады.
Жоба ұлттық спорт (асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі т.б.), ұлттық 
өнер (домбыра, қобыз, жетіген, қазақ биі, қазақ әндері және т.б.) түрлерін 
үйрету арқылы өселең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, ақыл-ойын 
дамытуға, ұлттық рух-жігерін көтеруге бағытталған.
Жоба білім беру ұйымдарында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере 
отырып, бастауыш мектепте (1-4 сыныптар): «Домбыра», «Қазақ биі», «Асық 
ату», «Тоғызқұмалақ», орта мектепте (5-6 сыныптар): «Қазақ күресі», «Қазақ 
әндері» іске асырылады.
Мектепішілік, аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде 
байқаулар мен жарыстар ұйымдастыру және өткізу ұсынылады: 
1) Алғыс күніне арналған «Ризашылық-мейрімділік бұлағы» жалпы 


406 
ұлттық мәдени-білім беру жобасы шеңберінде: 

жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 
арналған ұйымдардың тәрбиеленушілері арасындағы «Қазақстан – менің алтын 
бесігім» балалар фестивалі мына номинациялар бойынша жүргізіледі: 
«Татулықтың тұтқасы - бірліктің бесігі» халықтық билер байқауы; «Жүрек 
жылуы» вокалистер байқауы; «Ризамын халқыма!» музыкалық-театрлық 
қойылымдар байқауы (мюзикл); 

жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасында «Ұшқыр ой 
алаңы» пікір-сайыс турнирі. Турнир дебаттық қозғалыс мүмкіндіктерін кеңейту 
арқылы білім алушылардың әлеуметтенуі мен өзін-өзі дамыту міндеттерін 
шешуге бағытталған;  

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасындағы «Шексіз 
шығармашылық» конкурсы; 
2) «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің фестиваль-байқауының
бағыттары «Драмалық спектакль»; «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, 
мюзикл, балет, данс-спектакль және т.б.); «Әдеби-музыкалық композиция»; 
«Қуыршақ спектаклі»;
3) «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен натуралистер 
форумы мына номинациялар бойынша өткізіледі: «Туған өлкені зерттейміз», 
«Жасыл экономика», «Денсаулық және қоршаған орта» зерттеу жобаларының 
байқаулары; «Экоәлем» экологиялық жұмыс туралы бейнеролик; «Жасыл 
оазистер» - экодизайнерлер байқауы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет