Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Жаңа оқу жылында электрондық журналға үй тапсырмасы және



Pdf көрінісі
бет25/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   244
Жаңа оқу жылында электрондық журналға үй тапсырмасы және 
айдарлармен жұмыс істеу кезінде педагогтерге көмек ретінде Күнделік 
жүйесінің функционалын пайдалану, сондай-ақ электрондық журнал 
жүргізу және үйде оқитын балаларға арналған сабақ кестесін құру, кері 
байланыстың ауызша түсініктеме беру құралдарын пайдалану бойынша 
ұсыныстар енгізілді. 
Түсіндіру жұмыстары мақсатында мұғалімдер, ата-аналар мен білім 
алушылар тарапынан жиі қойылатын сұрақтар сараланды. 
Қалай тіркелуге болады? Жүйеге қалай кіруге болады? 
Білім алушылар мен ата-аналарға тіркелуге арналған логин және құпия 
сөз алу үшін мектептегі мәліметтерді Жүйеге енгізуге жауапты тұлға, яғни 
әкімші болып табылатын қызметкерге хабарласу қажет. Егер әкімші туралы 
ақпарат болмаған жағдайда мәліметтерді алу үшін сынып жетекшісіне 
хабарласуға болады. 


33 
Не үшін профильді баптауда өз тегі, аты-жөнін өзгертуге болмайды
және қажет болған жағдайда оларды қалай өзгертуге болады? 
Тұтынушылардың тегі, аты-жөнін, туған күнін және жынысын
редакциялау құқығының болмауы жоғары тұрған инстанцияға ұсыну үшін 
«Kundelik.kz» ААЖ көмегімен білім алушылар, ата-аналар және мұғалімдер 
туралы деректерді автоматты түрде жинауға негізделген. Білім беру 
саласындағы электронды құжат айналымының мәні осында. Берілген 
ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жеке мәліметтерді редакциялауға 
тек келесі мектеп әкімшілігінің ғана құқықтары бар: • әкімші; • сынып 
жетекшісі. 
Бағаларды, үй тапсырмасын және сабақ кестесін қалай көруге болады? 
Білім алушы оқу ақпараттарына өту үшін экранның жоғарғы жағындағы 
навигациялық жолақтан «Білім беру» - «Күнделік» бөлімін таңдауы қажет. Ата-
аналар үшін сол навигациялық жолақта «Балалар» бөлімі бар. Берілген 
сілтемені басқанда ол барлық мәліметтер жиналған бетке түседі. «Күнделік» 
сілтемесі бойынша: күнделік (ағымдағы аптаның әдеттегі қалпы бойынша 
сабақ, баға және үй тапсырмасы жөніндегі ақпараттар); сабақта оқытылған 
және үйге берілген тапсырма. 
«Мұғалім жазбалары» бағаны жекелеген білім алушылардың мінез-
құлықтары мен олардың жетістіктері немесе оқу барысында артта қалуы 
туралы ескертпелер жазу мақсатына қызмет етеді. 
Білім алушылардың бөлімдер/ортақ тақырыптардың жиынтық бағалау 
қорытындылары бойынша балдары аталған жұмыс өткізілгеннен кейін екі 
күнтізбелік күн ішінде журнал бағанына қойылады. 
Үй тапсырмасына «Үй тапсырмасы» бөлімінде қолжетімді, ал қоңырау 
және сабақ кестесін «Сабақ кестесі» бөлімінен табуға болады. 
Мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының 
деректерін қалай жаппай жүйеге енгізуге болады? 
Мектеп профилін толтыру кезінде қызметкерлер уақытын үнемдеу үшін 
жүйеде мұғалімдердің, білім алушылардың және олардың ата-аналарының 
деректерін импорттауға болады. Қажетті шаблондары бар адамдарды 
импорттау жөніндегі нұсқаулықты қолдау қызметі порталынан табуға болады.
Бағалардың жиі сақталмай жоғалып кетуіне байланысты мұғалімге 
бағаны қайта қоюына тура келеді. Ол жағдайда не істеу керек? 
Журналдағы бағаның жоғалып кетуінің бірнеше себептері бар:
*журналда әкімші, пән мұғалімі, мұғалім-редактор немесе сынып 
жетекшісінің бағаны әдейі немесе кездейсоқ нүктелі жоюы себеп болды; 
* әкімшінің әдейі немесе кездейсоқ кестені жоюы себеп болды; 
* бағаларды қоюда Internet Explorer браузері қолданылды 
(қолданылмайтын нұсқа). 
* бағалау жүйесі күшпен өзгертілді.
Осыған ұқсас жағдайларды болдырмау мақсатында үштен артық 
қызметкердің әкімшілік құқығын көрсетпеу ұсынылатындығын еске саламыз. 
Кесте генераторы бойынша сұрақтар.
Кестені түзету және топтарды қосқан кезде, сабақта нақты қандай шағын 


34 
топтар қатысатындығын тексеру қажет. Егер, қателесіп басқа топты таңдаса, 
онда қойылған бағалар жоғалып кетеді. 
Кестені ауыстыру немесе жаппай жариялау қажет емес. Егер бір пән 
бойынша ғана туындайтын болса, деректерді өзгерту қажет. Алдымен, 
енгізілген қатені анықтау керек. Егер кабинет, сабақтың нөмірі немесе мұғалім 
дұрыс көрсетілмесе, онда бағалар жоғалмайды. Егер қателік кіші топтың өзінде,
болмаса пәнде болса, онда бағаларды көшіріп, экспорттап, содан кейін өзгерту 
керек.  
Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы 
бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?
Жоқ, Жүйеге кіру және жұмыс істеу қарапайым браузермен іске асады. 
Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы «Ұсынылатын браузерлер» 
мақаласында: жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын 
браузерлер тізбесі бар. 
Жеке білім беру ұйымдары «Күнделік» электрондық журналына қосыла 
алады. Бұл үшін басты сайтта https://kundelik.kz / қосылуға өтінім беру
қажет. 
(«ББҰ қосу» командасы). 
Пайдалануға қатысты кез келген қиындықтар туындаған кезде 
Kundelik.kz пайдаланушыларды Қолдау қызметіне хабарласуға болады: 
8 (727) 313-18-
32 немесе team@kundelik.kz  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет