Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Сабақты бақылаудан кейінгі рефлексия



Pdf көрінісі
бет27/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   244
Сабақты бақылаудан кейінгі рефлексия 
1. Сабақты бақылау парағындағы барлық негізгі тұстарын талқылау 
басталғанға дейін белгілеу.
2. Сабаққа тікелей қатысқаннан кейін бақылауды белгілеуге болады. 
3. Сабаққа қатысу қорытындысы бойынша талқылау өткізу. Талдауды 
сабақтың/сабақ үзіндісінің оң аспектілерінен бастау қажет, одан кейін келесі 
сабақтарға дайындалу кезінде ескеруді қажет ететін маңызды тұстарды атап өту 
қажет. Мұғалімнің жеке қасиеттеріне емес, сабақтың сәтті немесе керісінше, 
сәтсіз нәтижелерінің дәлелдемелеріне назар аудару қажет.
4. Маңызды бөлшектерді жіберіп алмау үшін талқылау кезінде барлық 
аталған тұстарды жазып отыру ұсынылады.
5. Талқылау кезінде мұғалімге кері байланыс беру үшін сабаққа айтылған 
негізгі түсініктемелерді анықтау қажет.
6. 1 сабақты немесе сабақтың фрагментін талқылау уақыты 15 минуттан 
аспайды, өйткені қатысқан барлық сабақтарды талқылау қажет.
7. Сабаққа қатысты кері байланыс барысында, ең алдымен, мұғалімге 
өтілген сабақ жөнінде не ойлайтынын, яғни сабақта ненің жақсы өткенін және 
тиімді оқыту үшін нені жақсартуға болатынын сұрау керек. 
Мұғалім өз пікірін білдіргеннен кейін сабақтың оң сәттерінен бастап
жақсартуға болатын немесе жақсарту қажет болған сәттерді талқылау арқылы 


37 
диалогті жалғастыра отырып, кері байланыс беру қажет. 
Сабақтарды бақылау оқу пәндерін оқыту практикасын жақсарту, 
мұғалімнің кәсіби өсуі мен дамуы, сондай-ақ білім алушылардың білім сапасын 
арттыру үшін негіз болуы тиіс. Сабақтарды бақылау нәтижелері педагогикалық 
кеңестердің отырыстарында мезгіл-мезгіл тыңдалуға тиіс.
Назар аударыңыз! Педагогтер олардың кәсіби қызметіне тән 
емес міндеттерге (пәтер және аула аралау, түлектерді ҰБТ пункттеріне 
жеткізу және т.б.) тартылмауы тиіс.
Сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша жалпы 
білім беретін мектептердің рейтингін өткізуге жол берілмейді. 
Орта білім беру ұйымдары Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық үшін 
сынақ тестілеуін өткізуге қатыспайды, ал мұғалімдер мепктеп бітірушілерді 
ҰБТ тапсыру пункттеріне алып баруды және ҰБТ базасын толтыруды 
қамтамасыз етпейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет