Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


ата-аналарға кеңес беру жұмыстарын жүргізу ұсынылады



Pdf көрінісі
бет36/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   244
ата-аналарға кеңес беру жұмыстарын жүргізу ұсынылады. 
2-
сыныптан бастап білім алушылар үй тапсырмасын орындайды
сондықтан сабақ кестесін құруға ерекше назар аудару қажет, сондықтан үй 
тапсырмасын орындауға едәуір уақыт шығындауды талап ететін пәндерді бір 
күнге топтастырмау мүмкіндігін қарастыру қажет. Білім алушыларға үй 
тапсырмалары орындау мүмкіндігін ескере отырып, мынадай шамада беріледі:
2-
сыныпта – 50 минут, 3-сыныпта – 70 минут, 4-сыныпта – 70 минут (ҚР БҒМ 
2017 жылғы 24 сәуірдегі № 182 бұйрығы). Демалыс және мереке күндері үй 
тапсырмасын беру ұсынылмайды. 


49 
Бастауыш мектепте сабақты ұйымдастыру жүйелі іс-әрекеттік және 
практикалық бағдарланған тәсілдер аясында жүзеге асырылады. Сабақтың 
мақсатты бағыты білім алушылардың оқу-танымдық және оқу-практикалық іс-
әрекеттерін өз бетінше қалыптастыру және дамыту; белсенді оқыту әдістерін 
қолдану: проблемалық-диалогтық, ішінара іздеу, іздестіру, жобалау, зерттеу. 
Білім алушылардың сабақтағы жұмыстары жеке, жұптық, топтық, дара және 
саралап оқыту арқылы ұйымдастырылады. Жаңа білім беру стандартына 
бағдарланған сабақтың маңызды белгілері оның мазмұнында бастауыш сынып 
білім алушыларын кең спектрлі дағдыларға үйрету элементтерінің болуы.
Бастауыш мектептің жаңартылған білім мазмұнына көшуіне байланысты 
бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік жұмыстарының жүйесін құру 
маңызды орын алады. Бұлар кері байланыс бере отырып, сабаққа қатысу
бақылау 
және 
талдау, 
семинарлар, 
тренингтер, 
педагогикалық 
қауымдастықтардың отырыстары, коучингтер, шеберлік сағаттары, дөңгелек 
үстелдер мен ББ МЖМС енгізу мен іске асырудың басқа да жекелеген 
бағыттары бойынша іс-шаралар болуы мүмкін.
Мектептегі әдістемелік қолдаудың формалары сыныптың, сондай-ақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет