143
пәнінің мұғалімі де, немесе физика немесе химия пәні мұғалімі жүргізе алады.
Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану»
білім саласы бойынша
келесі пәндер оқытылады:
5, 6-
сыныптарда – «Жаратылыстану»;
7, 8,9 -
сыныптарда - «География», «Биология», «Химия», «Физика».
Негізгі орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес 7-сыныптан
бастап бір мезгілде «Физика», «Химия», «Биология», «География» пәндері
оқытылады, мектептегі жаратылыстану ғылымдарын оқытудың үздіксіздігін
және әлемнің біртұтас ғылыми көрінісін қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Бұл 5-сыныпта оқыған «Жаратылыстану» пәнінен кейінгі үзілістің
болуын жояды, өйткені қолданыстағы оқу бағдарламалары бойынша «Физика»
пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын.
«Физика», «Химия», «Биология», «География»
пәндерінің синхронды
оқытыла басталуы әр пәннің мазмұны басқа пәнде жалғасын табуға ықпал
етеді, оған сәйкес осы төрт пән бойынша кейбір тақырыптар бір академиялық
кезеңде зерделенеді.
Достарыңызбен бөлісу: