Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет91/244
Дата01.11.2022
өлшемі4.6 Mb.
#463757
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   244
Назар аударыңыздар! 
7-
сыныпқа арналған «География» оқу пәнінің «Физикалық география» 
бөліміне өлкетану бойынша екі тақырып енгізілді: «Туған өлкенің флорасы мен 
фаунасы» және «Менің өлкемнің визит карточкасы:өлкетанулық деректер 
қорын дайындау». Аталған тақырыптарды оқыту кезінде өзінің туған өлкесіне 
тән өсімдіктер мен жануарларды зерттеу бойынша ұжымдық жұмыстарды, 
оларды қорғау жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялардың көмегімен өлкенің деректер қорын жасау 
ұсынылады. 
«География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 
Төменде 53-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 
53-
кесте«География» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
7-
сынып 




8-
сынып 




9-
сынып 




 
«Биология» оқу пәні 
Биологиялық ғылымдар тірі организмдердің құрылымы мен 
функцияларын, олардың дамуы мен тіршілік ортасымен өзара қарым-
қатынасын зерттейді. Қазіргі заманғы көзқарастар бойынша өмір – бұл ірі 
органикалық молекулалардан тұратын және энергия мен қоршаған ортамен 
заттармен алмасу нәтижесінде өз өмірін сақтап қалуға және өзін-өзі қалпына 
келтіруге қабілетті күрделі биологиялық жүйелердің өмір сүру процесі.
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық 
дүниенің көптүрлілігітуралы, ондағы болып жатқан процестер мен 
заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның 


153 
ажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру. 
Оқу пәнінің міндеттері: 
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің 
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың 
негізгі патшылықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, 
биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру; 
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа 
жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру; 
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты 
негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау; 
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін 
практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, 
экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы 
практикалық іс-шараларға қатысу. 
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 
7-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2) 
8-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты; 
3) 
9-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды: 
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері; 
2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму; 
3) ағза мен қоршаған орта; 
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына жаңадан қосылған 
тақырыптар: 
• 
Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану; 
• 
Аэробты және анаэробты тыныс алу 
• 
Дүниежүзілік Тұқым қоры; 
• 
Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу; 
• 
Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда 
алынатын өнімдері; 
Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар 
тақырыптар берілген: 
• 
Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері; 
• 
Контрацепцияның маңызы; 
• 
Ағзалардың тірі қалу стратегиялары; 
• 
Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері. 
Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға 
бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   244




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет