Жалпы білім беру пәндері – 2 кредит



бет2/3
Дата25.06.2016
өлшемі428.5 Kb.
#158056
1   2   3

Қүтілетін нәтижелер:

Білімі: Атмосферадағы қосылыстардың таралу процесстерінің негіздерін біледі.

Іскерлігі: Ластану зиянын болжай алады және зерттей алады, сонымен қатар қоршаған ортаға ұзақ мерзімді әсері және табиғи ортаның өзгеруі.

Дағдысы: Өндірістің атмосфераны ластау заттарының мөлшерін экспресс жобалау әдісімен анықтай алады.

Құзіреттігі: Өндіріс әсерінен келген экономикалық шығындарды анықтау саласында негізгі білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: Т.ғ.к. доцент Григорьева И.Я.

5

KurK 0205

Құрылыс конструкциялары

Кредит көлемі -3 (1+2+0), ЕСТS бойынша кредит саны- 5



Пререквизиттер -65 кредитов

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Студенттерді қазіргі заманғы металл, ағаш, темірбетон және пластмасса конструкциялары жөнінде білім жүйесімен қамтамасыз ету. Әртүрлі материалдардан жасалған конструкциялардың сандық және сапалық көтергіш қабілеттігін өлшеуді үйрету.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі заманғы құрылыс конструкциялары және қолдану аймағы. Жүктемелер мен әсерлер. Темірбетон туралы түсінік. Темірбетонның артықшылығы және кемшілігі. Темірбетон конструкцияларының түрлері. Темірбетон конструкцияларының элементтерін жобалау принциптері. Тас конструкциялары. Материалдар тас конструкциялары үшін. Армотас конструкциялары. Қатты конструктивті сұлбасы бар ғимараттар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Құрылыс конструкцияларын есептеу және жобалау негіздері, прогрессивті түрде шешу.

Іскерлігі: Ғимараттардың конструктивті сұлбаларын жетілдіре алады, ғимарат элементтерінің практикалық есептерін жүргізе алады.

Дағдысы: Шектік жағдайы бойынша конструкцияларды есептеуге ептілігі бар.

Құзіреттілігі: Ғимараттарды жобалауда және құрастыруда және есептеуде негізгі білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: Доцент Коновалов А.П.

6

InM 0206

Инженерлік механика

Кредит көлемі -3 (1+1+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 31кредит

Постреквизиттер – «Құрылыс конструкциялары», «Құрылыс конструкцияларының есептеу негіздері»

Оқыту мақсаты: Теориялық механика мен материалдар кедергісі саласында теориялық білім беру және ғимарат элементтерін беріктікке, қаттылыққа және орнықтылыққа есептеуді үйрету.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі заманғы теориялық механиканың аналитикалық және графикалық әдістері. Статиканың негізгі ережелері. Күш. Момент. Тепе-теңдік шарты. Байланыстар және реакциялар. Геометриялық сипаттамамлар. Материалдар кедергісі гипотезалары. Статикалық белгілі жүйелерде созылу және сығылу. Созылу және сығылу кезінде орын ауыстыру кернеулері. Иілу. Орнықтылық.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Серпімді денелердің деформациялануының негізгі заңдары.

Іскерлігі: Өз бетімен материалдар кедергісі курс барысы бойынша материалдарды беріктікке және қаттылыққа есептей алады.

Дағдысы: Серпімді денелердің деформациялануының заңдылығын зерттеуін іс жүзінде асыра алады.

Қабілеттілігі: Материалдар кедергісі саласында «Статика» курсы бойынша негізгі білімдері бар.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Туруспеков С.К

7

EnK 0207

Еңбекті қорғау

Кредит көлемі 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны- 5



Пререквизиттер31 кредит

Постреквизиттер - жоқ

Оқыту мақсаты: Адам өлімін төмендету үшін және сыртқы әсерлердің салдарынан келетін зиянды төмендету үшін керекті білімді құрастыру және жария ету. Техносферада адамды сыртқы әсерлерден антропогенді, техногенді және табиғи сияқты, қорғау.

Қысқаша мазмұны: Пәні, құрылымдық бөлімі, ғылыми-әдістемелік принциптер, мәні, еңбекті қорғаудағы анықтамалар және терминдер. Өндірістегі еңбекті қорғаудағы жағдайларды қадағалау және бақылау қызметін ұйымдастыру. Еңбекті қорғаудағы заңдылықты және нормативтік актлер.еңбекті қорғау бойынша қызмет ететіндерді оқыту. Еңбекті қорғау нормасын бұзушы үшін жауапкершілік, травматизм және проф аурулар туралы түсінік. Өндірістік ортаның метрологиялық шарттары. өндірістік жарықтандыру, нормалау, есептеу. өндірістік шу, діріл, адамға әсері, қорғау шарасы. Электр қауіпсіздік. Жану туралы негізгі мәлімет, жарылыс өрт қауіпсіздігі, жарылыс өрт қауіпсіздік бөлмелеріндегі жабдықтар,имараттар мен ғимараттардағы найзағайдан қорғау. өртке қарсы негізгі шаралар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Еңбекті қорғау саласында заң шығарушы және нормативті акттарды біледі, қауіпті әсерлерден қорғану шараларын біледі.

Іскерлігі: Қауіпті факторлардың адам ағзасына шектік мөлшерін есептей алады.

Дағдысы: Өндірісте еңбекті қорғау дәрежесін қадағалай алады.

Құзіреттілігі: Маманның іс жүзінде білімін өндірісте қолдана алады және жұмыс берушіден еңбекті қорғау саласындағы нормативті акт бойынша керекті талаптарды талап ете алады.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Бейсебаев Ш.Б

8

JAK 0208

Жобалаудағы AutoCAD

Кредит көлемі3 (1+2+0), ECTS бойынша кредит саны- 5.



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер –«Сәулет», «Байланыстырғыш заттар», «Бетон технологиясы 2»,«Құрылыстық керамика технологиясы», «Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар», «Әрлеу материалдары».

Оқыту мақсаты: AutoCAD жүйесінде сызбаларды тұрғызудың автоматтандырылған жобалау жүйесі жұмысының негізгі принциптерін оқу.

Қысқаша мазмұны: Негізгі түсінік. Автоматтық жобалаудағы схематехникалық сараптама. Автоматтық жобалаудағы және оның дамуындағы техникалық құрал. AutoCAD, КомпАС, АrhiCAD бағдарламаларында екі өлшемді және үш өлшемді жобалау. Тегіс және кеңістікті объектілерді жасаудағы мүмкіншіліктер мен командалар. Меню файлдарын әзірлеу.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Автоматты жобалау саласында жұмыс істеудің негізгі принцтптерін біледі. Графикалық примитивтер және модификациялары. Мәтінмен, блоктармен, қабаттармен жұмыс істеу. Үш өлшемді беттермен жұмыс істеу. AutoCAD жүйесінде сызудың негіздері.

Іскерлігі: AutoCAD жүйесінде әртүрлі әдіспен аксонометриялық проекцияларды сыза алады.

Дағдысы: AutoCAD жүйесінде сызбаларды жасай алады.

Құзіреттілігі: Мәтінмен, блоктармен, қабаттармен жұмыс істеу. Үш өлшемді беттермен жұмыс істеу. AutoCAD жүйесінде сызудың негіздерін біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Оқытушы Мухтарханов М.О.

9

JEEN 0209

Жалпы электротехника және электроника негізі

Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер - жоқ

Оқыту мақсаты: Электротехникалық, электронды, электроөлшемді құрылғыларды таңдап, олармен дұрыс жұмыс істей алатындай электротехникалық емес мамандарды теоретикалық дайындау. Инженер электрик мамандарымен бірлесе отырып өндірістік процесстерді басқару үшін электрлік құрылғыларды құра алатындай дәрежеде дайындау.

Қысқаша мазмұны. Электрлік шынжырлар және өлшеулер, электрлік шынжырлардың негізгі заңдары. Ауыспалы тоқтағы резонансты құбылыстар, жартылай өткізгішті құралдар, олардың құрамы және қолданылуы. Электронды күшейткіштер және электрлік дыбыстағыштар генераторы. Геодезиялық жұмыстардағы радиоэлектрониканың рөлі. Импульсті және сандық құрылғылар. Ақпаратты радиотолқын көмегімен беру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Электроқауіпсіздік негіздерін; эксперименталды және паспорттың берілгені бойынша типті электротехникалық және электронды құрылғылардың сипаттамаларын білу; электротехникалық элементтерді басқару және бақылау үшін қазіргі заманғы өлшеу техникаларын қолдану.

Іскерлігі: Өзіндік қолдану үшін керекті электрлік және электронды құрылғыларды, машиналар мен аппараттарды дұрыс таңдау. Электрлік және электронды сұлбаларды оқи алу, электротехникалық және электронды құрылғыларды қолдана алу.

Дағдысы: Қарапайым ақаулықтарды анықтай алу, спецификацияларды құрай алу.

Құзіреттілігі: Қазіргі заманғы микропроцессорлі басқару жүйелердің жұмысын білу.

Бағдарлама жетекшісі: Доцент, к.т.н Какимов М.М.

10

SMJ 0210

Сапа менеджмен жүйесі

Кредит мөлшері – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер31 кредит

Постреквизиттер«Стандарттау, сертификаттау және техникалық өлшеулер».

Оқыту мақсаты: Сапа эволюциясы түсінігі: сынақ сапасын тексеру, сапа қамтамасыз етуді бақылау, сапа экономикасы.

Қысқаша мазмұны: Стандарттаудың теориялық негізі, принциптері және әдістері. Сапа менеджмент жүйесін қолдану қажеттілігінің қалануы. Сапа менеджмент жүйесінің мақсаты. Сапа менеджмент жүйесін енгізудің қорытындысы. Сапа менеджмент жүйесінің негізгі сипаттамалары. Сапа менеджмент жүйесінмен негізгі терминдер мен анықтамалар. Сапа менеджмент жүйесінің ресурстары. Сапа менеджмент жүйесінің қажеттілігі. ISO стандарттау бойынша халықаралық ұйымдастырылу. Стандарт негізінде жобалаудың және стандарттау принциптерінің дамуы. ISO қолданылуы. ISO стандарттарын әзірлеу принциптері. ISO стандарттарының жүйесі. Сапа менеджмент жүйесінің моделі. Сапа менеджмент жүйесін енгізудің және әзірлеудің негізгі кезеңдері. Сапа менеджмент жүйесімен жобалау. Сапа менеджмент жүйесінің аудиті және мониторинг.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сапа эволюциясы жүйесін біледі, МС ИСО 9000 бойынша менеджмент жүйесін құрастыру принциптері, өнеркәсіпте сапа менеджменті жүйесін құрастыру технологиясы, сапа менеджменті жүйесін ақпаратпен қамтамасыз ету;

Іскерлігі: Өнеркәсіпте сапа менеджменті жүйесін бағалай алады, сапа менеджменті жүйесін құрастыра алады, түзеу және ескерту шараларын жүргізе алады, сапа менеджменті жүйесін жақсарта алады.

Дағдысы: Өнеркәсіптегі қолданылатын стандарттарды және т.б. нормативті құжаттрды жүйелі түрде тексеру қабілеттігі, стандарттау бойынша жұмыстардың жүргізілуін бақылау;

Құзіреттілігі: Сапа менеджменті жүйесін және тиісті құжаттарды құрастыру тәртібін біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Доцент м.а.,б.ғ.к. Молдабаева Ж.К.

11

JKU 0211

Жобалық құжаттамаларды ұйымдастыру

Кредит көлемі - 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 101кредит

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Жобалық құжаттамалардың бөлімдерін білу, жобалау сатыларын, жұмысшы жоба және құжаттама туралы түсінік. Жобалық құжаттамаларды құрастыруға және рәсімдеуге қойылатын талаптар.

Қысқаша мазмұны. Жалпы түсінік. Құрылысты ұйымдастыру жобасы. Жұмыс өндіріс жобасы. Құрылыс өндірісін тасқынды ұйымдастыру негізі. Ұйымдастыру техникалық дайындық. Графикалық желі негізінде өндірісті ұйымдастыру. Мерзімдік жоспар. Құрылыс бас жоспар. Құрылысты бақылау. Жұмысты және объектті тапсыру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жобалық құжаттамалардың бөлімдерін біледі, жобалау сатыларын, жобалық құжаттамаларды құрастыруға және рәсімдеуге қойылатын талаптарды біледі.

Іскерлігі:

- жобалық құжаттамалардың біледі;

- сатыларын ажырата алады;

- жұмысшы құжаттарды құрастыра алады.



Дағдысы: Жобалық құжаттамалардың құрастыра алады.

Компетенции: Жобалық құжаттамалардың құрылымын және ұйымдастыру туралы негізгі білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: Оқытушы Жолжаксина А.Д.

12

KKEN 0212

Құрылыс конструкцияларын есептеу негізі

Кредит көлемі -3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Конструктивті элементтерді түсінуге және жобалауға керекті теориялық білім алу.

Қысқаша мазмұны: Шектік жағдайларының екі тобы бойынша құрылыс конструкцияларын есептеу. Жүктемелер мен әсерлер, есептік және нормативтік кедергілер. Темірбетон конструкцияларының классификациясы олардың әсер етуіне байланысты: монолитті, құрастырма, құрастырма – монолитті. Алдын ала кернеулі конструкциялар. Иілетін және сығылатын элементтерді есептеу. Шектік жағдайы бойынша металл конструкцияларды есептеу. Тасты және армотасты конструкциялар. Ағаш конструкцияларды есептеу және құрастыру

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Конструктивті элементтерді есептеудегі негізгі мәліметтерді біледі, шектік жағдайдың 1 тобы бойынша конструкцияларды есептей алады.

Іскерлігі: Құрылыс конструкцияларының элементтерін әртүрлі жүктеулер бойынша есептей алады, конструктивті элементтердің жұмысын біледі.

Дағдысы: Темірбетон мен металл құрылыс конструкцияларын есептеуде және жобалауда практикалық икемі бар.

Құзіреттілігі: Темірбетон мен металл құрылыс конструкцияларын есептеу және жобалау саласында негізгі білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Коновалов А.П..

13

KOT 0213

Құрылыс өндірісінің технологиясы

Кредит көлемі -3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Студенттердің құрылыс жұмыстары технологиялары жайлы білім беру, іс жүзінде білімдерін құрылыс материалдарының қасиеттерін біле отырып қолдану.

Қысқаша мазмұны: Құрылыс жұмыстарын технологиялық жобалаудың негізгі принциптері. Жекеленген әрлеу жұмыстарын орындау үшін технологиялық карталардың құрамы мен белгіленілуі. Жер жұмыстары өндірісінің технологиясы және свай құрылысы. Қалыптардың қазіргі заманғы түрлерінің құрылымдық ерекшеліктері. Бетон қоспаларын тасымалдау және тығыздау. Құрылыс конструкцияларының жинақтау технологиясы. Тас қалаудың технологиясы. Қорғаушы жабындардың қондырғыларының технологиясы. Әрлеу жабындарының қондырғыларының технологиясы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Іргетас, тас қалау және әрлеу жұмыстары саласында жобалау технологиясын және құрылыс өндірісін ұйымдастыруын біледі.

Іскерлігі: Жер жұмыстары, іргетас монтажы және басқа да жалпы құрылыстық және нөльдік циклдік оқыту технологиялық жұмыстарды жүргізе алады.

Дағдысы: Әртүлі жұмыстар үшін технологиялық карталарды құрастыруға икемі бар.

Құзіреттігі: Әртүрлі құрылыс жұмыстарын жобалау туралы және құрылыс материалдардың қолдану аймағы туралы жалпы білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: доцент Коновалов А.П.

14

StM 0214

Стандарттау және метрология

Кредит көлемі-2 (1+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 3



Пререквизиттер – 31 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру технологиясында стандарттау және метрология рөлін студенттерде қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Стандартттаудың мақсаты, мәні. Стандарттау негіздері. Стандарттаудың деңгейі және нысаны. Стандарттардың категориялары және түрлері. Стандарттау жұмысы бойынша мемлекеттік басқарманың құрылымы. Стандарттаудың принциптері мен әдістері. Құрылыстағы стандарттау. Құрылыстағы стандарттау нысаны. Метрология негіздері. Метрологияның заңнамалық негіздері. Метрологияның негізгі түсінігі. Құрылыс өнімінің сапасын бақылауда метрология рөлі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Метрологияның және стандарттаудың заңдық негізін, негізгі принциптерін, әдістерін және техникалық құралдарын біледі.

Іскерлігі: Өндірілетін өнім сапасын және құрылыс бойынша өз бетімен бағалай алады, бар нормативті-техникалық құжаттамалар негізінде процестерді бақылау, реттеу және басқара алады.

Дағдысы: Өндірісте нормативті-техникалық құжаттарды жетілдіруде дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Мамандық бойынша жаңа стандарттарда базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к, доцент Сатиева Б.Г.

15

BZat 0215

Байланыстырғыш заттар

Кредит көлемі-4 (2+1+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 6



Пререквизиттер – 31 кредит.

Постреквизиттер –«Бетон технологиясы1,2», «Әрлеу материалдары», «Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар», «Құрылыс материалдары өнеркәсіптерін жобалау».

Оқыту мақсаты: Органикалық және бейорганикалық байланыстырғыш заттар туралы, сонымен қатар олардың рөлі құрылыс өндісінде студенттерді білім алу.

Қысқаша мазмұны: «Байланыстырғыш заттар» - «Материалтану» және «Құрылыс материалдары» курстарының құрамдас бөлігі, құрылыс өндірісінің ең маңызды бөліктері бойынша білімі бар – бөлшектер теориясы, ғимараттар мен имараттар негізін құраушы органикалық және бейорганикалық заттардың қатуы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Байланысырғыш заттар алу үшін басты және қосымша шикізат компоненттерін таңдауда негізгі критерилерді; барлық байланыстырғыш заттар түрін жасаудағы технологиялық процесстер; нақты бұйым және композиттерді алуда байланыстырғыш заттарды қолдану китерилерін біледі;

Іскерлігі: Құрамдардың есептеулерін; түрлі шығудағы және тағайындаудағы байланыстырғыш заттар алуға арналған шикізат компоненттерін, технологиялық және өлшеу құралдарын қолдануды, сонымен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін анықтамалық және әдебиеттік негіздерді қолдана алады.

Дағдысы: Сапаны және экологияны халықаралық басқару жүйесі стандарттарын сақтау арқылы құрылыс индустриясында өнеркәсіпті эксплуатациялау және жобалау бойынша дағдысы бар.

Құзыреттілігі: Түрлі құрылыс жұмыстарында тағайындалуы бойынша байланыстырғыш материалдарды қолдану және жобалау бойынша базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Садвакасова Г.О.

16

KMH 0216

Құрылыс материалдарының химиясы

Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны -5



Пререквизиттер – «Химия», «Физика», «Құрылыс материалдары».

Постреквизиттер-жоқ

Оқыту мақсаты: Кәсіптік және жаратылыстану ғылымдарының мәселелерін шешуге қажетті қолданбалы химия теориялық негіздерін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: «Құрылыс материалдарының химиясы» пәні құрылыс материалдарының химиялық, физика-химиялық және жылудинамикалық аспектілерін қолданудың тәжірибелік оқуды шешу және технологиясы бойынша теориялық базалық білім болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Құрылыс материалдарын дайындаудың физико-химиялық мәселелерінің шешімін; құрылыс материалдары өндірісі алдында тұрған негізгі мәселелердің бастаптқы шикізаттын теориялық және эксперименттік зерттеудің әдістемелік бағытын біледі.

Іскерлігі: Құрылыс саласының перспективті даму талаптарына жауап беретін нормативті және жобалық шешімдерін жетілдіруді; түрлі шикізаттан және түрлі жабдықтарда құрылыс материалдары бұйымдары және конструкцияларын өндіру процесстерінің жылутехникалық және технологиялық тиімді нұсқаларын таңдауды жіне экономикалық негіздеуді; құрылыс саласында материалдық қызметке жататын стандарт, технологиялық регламенттер, ҚНжЕ, заңнамалар, талаптарын орындауды біледі.

Дағдысы: Құрылыс материалдары химиясы өнеркәсіп экономикасы информатика еңбекті қорғау, қоршаған ортаны және табиғатты пайдалануды қорғау аймағында, сонымен қатар түрлі технологиялық кезеңдегі және дайын құрылыс бұйымдарының сапасын бақылауда білімін және іскерлігін тиімді қолдануда дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Химиялық құрылым, құрылыс материалдарының қасиеті жайында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: х.ғ.к Лебаева Ж.Т.

17

MTeh 0217

Металл технологиясы

Кредит көлемі-3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны- 5.

Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер – «Металл конструкцияларын дайындау технологиясы».

Оқыту мақсаты: Құрылыста қолданылатын металлдың негізгі түрлері жайында білімді меңгеру.

Қышқаша мазмұны: Металлдар құрылымы. Металл және қорытпаларды атомды-кристалдық құрылымы. Қату, деформация және термиялық өңдеу кезінде құрылымдық түзілудің жалпы заңнамасы. Шойын және болат өндірісі. Мееталлдың негізгі түрі, өңдеу және пісіру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Пісіру қосылыстарының түрін, металлды термиялық өңдеу түрлерін біледі.

Іскерлігі: Болттық және пісіру қосылыстарын жобалау кезінде қажетті технологиялық есептеулерді жүргізе алады.

Дағдысы: Түрлі құрылыс конструкцияларында қолданылаын металлдың негізгі түрлерін оқуда тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Металлдар құрылымының теориялық негізінде олардың деформациясы және термиялық өңдеу түрлерінде базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: т.ғ.к., доцент Токаев С.Д.

18

Sau 0218

Сәулет

Кредит көлемі - 2 (1+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 3.

Пререквизиттер – 31 кредит.

Постреквизиттер – «Құрылыс өндірісінің технологиясы 1,2,3»

Оқыту мақсаты: Технологиялық процесстерді анықтаумен өндірістік ғимараттың құрылыс элементтерін және конструктивті сұлбаны шешу.

Қысқаша мазмұны: Өндірістік ғимараттарды жобалау негізі. Тағайындалуы және күрделілігі бойынша өндірістік ғимараттардың классификациясы. Өндірістік ғимараттардың және конструкцияларын унификациялау. Өндірістік ғимараттардың көлемдік-жобалық шешімі. Ғимараттардың конструктивті сұлбасы. Әмбебап өндірістік ғимарат. Өндірістік ғимараттардың сәулеттік композициялық құралы жіне негізгі принциптері. Өндірістік ғимараттардың каркасы үшін материалдарыды таңдау. Үлкенпролетті және кеңістікті жамылғылар. Өндірістік ғимараттардың шамдары. Өндірістік ғимараттардың терезелері- қабырғаларда олардың орналасу түрлері. Қосымша ғимарат және өндірістік ғимарат бөлмелері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Сәулет дамуының кезеңдерін; өндірістік ғимараттар мен имараттар компоновикалық шешімдерін және сәулеттік-құрылыстық принциптерін; өндірістік ғимараттар сонымен қатар жеке бөліктері жауап беретін талаптарын; жобалау негіздері унификация түсінігі, типтік және құрылыстың индустриялизацияс; құрылыс физизикасы негізі; өндірістік ғимараттардың конструктивті сұлбалары, құрылыс конструкцияларының элементтері, олардың ортақ байланысы қазіргі замандағы, қосылыс тораптары.

Іскерлігі: Өндірістік ғимараттардың көлемдік-жобалық тиімді шешімі, өндірістік ғимараттардың функционалды тағайындалуы және түрі; тиімді конструктивті шешімдерді таңдау; конструктивті сұлбаларда және ғимарат сұлбаларын оқи білу; өндірістік ғимараттардың конструктивті элементтерінің бөлшектерін және тораптарын жетілдіру.

Дағдысы: Өндірістік ғимараттарды жобалауда қазіргі заманғы әдістерді қолдануда тәжірибелік дағдысы бар; каталогтармен, анықтамалармен, техникалық әдебиеттермен, ҚНжЕ, МСТтермен, ЕМС, ЕСМК, СПДС жұмыс істеу.

Құзіреттілігі: Сәулеттік-конструктивтік шешімдерді өндірістік-технологиялық тағайындалуымен құрылыс экономикалығына, сәулеттік-шығармашылық, өртке қарсы және санитарлық-техникалық нормаларға сәйкес базалық білімдерін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Садвакасова Г.О.

19

АvАv 0219

Автоматтандыру және автоматизация

Кредит көлемі- 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны - 5.

Пререквизиттер –65 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Құрылыс материалдары өндірісінде технологиялық процесстерді басқару үшін қажетті білімді меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Автоматиканың теориялық негізі; автоматтандыру бақылаудың және басқарудың техникалық құралы, құрылыс бұйымдары және конструкцияларын өндіруде технологиялық процесстерді авоматтандыру; жеке механизмдер мен аппараттарды автоматтандыру сұлбасы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Керамикалық кірпішті, силикатты кірпішті, портландцемент, асбестоцемент бұйымдарын және т.б.өндірудің технологиялық процесстерін автоматтандыру сұлбасын біледі.

Іскерлігі: Автоматтық бақылау және басқарудың тиімді техникалық құралдарын табуды біледі

Дағдысы: Өндірісті автоматтық бақылау және басқарудың қазіргі заманғы әдістерін қолдануда тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Жеке механизмдер мен аппараттарды қазіргі заманғы автоматика, автоматтандыру сұлбалары аймағында базалық білімдерін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Секербаева А.Б.

20

PrA (2) 0220

Процесстер мен аппараттар 2

Кредит көлемі- 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны– 5.



Пререквизиттер - 31 кредит.

Постреквизиттер – «Бетон технологиясы 1,2», «Құрылыс материалдары өнеркәсіптерін жобалау», «Әрлеу материалдары», «Жылуизоляциялық және акустикалық материалдары технологиясы».

Оқыту мақсаты: Бұйымдарды жылулық өңдеу үшін жылулық құрылғыларды жобалаумен студенттерді таныстыру; бұйымдарды жылулық өңдеу режимдерін жобалау.

Қысқаша мазмұны: «Процесстер мен аппараттар 2» пәні жылутехникасының теориялық негізін және құрылыс материалдары және бұйымдарын жылулық өңдеуді оқытуды үйретеді; конструкцияларды және жылулық қондырғылар жұмысының принциптерін қарастырады; «Процесстер мен аппараттар 1» курсында оқыған жылу- және массаалмасу бойынша білімдерін тереңдетеді.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жылутехниканың теориялық негіздерін, осы мақсатқа құрылғыларды қолдана отырып құрылыс материалдары мен бұйымдарының жылулық өңдеу түрлерін; жылулық құрылғылардың жұмыс принципін және конструкцияларын; жылу- және массаылмасу процесстерін, құрылыс индустриясы өнеркәсіптерін жылкмен қамту сұрақтарын біледі.

Іскерлігі: Ақпараттарды және қолданбалы бағдарламалар пакеттері, жобалық-конструкторлық және өндірістік мәселелерді шешуге САПР жинақтауда ақпараттық технологияларды қолдануды біледі.

Дағдысы: Нормативті және құқықтық құжаттарды қолдануда және құруда; стандарт, техникалық регламент, ҚНжЕ, заңнамалардың талаптарын орындауда тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Жылулық процесстерде және олардың әмбебаптылығын, сонымен қатар жобалудың негізгі жобалау принциптерін жылулық өңдеу үшін құрылғыларды эксплуатациялауда базалық білімдерін кқрсете біледі.

Бағдарлама жеткшісі: аға оқытушы Тусипов Н.О.

21

KMOR 0221

Құрылыс материалдары өндірісінде ресурстарды сақтау

Кредит көлемі- 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер - 101 кредит.

Постреквизиттер- жоқ

Оқыту мақсаты: Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісінде шикізат базасын маңызды құрамдық бөлігі ретінде техногендік қалдықтарға студенттерде көзқарас қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Екіншілік материалдық ресурстарды қолданудың перспективті технологиялық бағасы жіне санитарлық-экологиялық негіздері. Ресурстарды сақтау технологиясының дамуында құрылыс материалдар өндірісінің рөлі. Жылу энергетикасының қалдықтарын қолданудың технологиясы. Бетон, ерітінді және құрғақ құрылыс қоспалары өндірісінде күлді қолдану. Цементті шикізат шихтасында және цементке гидравликалық қоспа ретінде күл шлакты өалдықтарды қолдану. Тығыз және кеуекті толтырғыштардағы бетондарда күл шлакты қоспаларды пайдалану. Әкті-күлді, әкті-цементті-күлді байланыстырғыштарды алу. Керамикалық, гидротехникалық және жол құрылысында күл шлакты қоспаларды қолдану. Тау-байытқыш комбинаттардың нефелинді шламдарын қолдану перспективасы. Кәдімгі және жолдық бетондар технологиясында нефелиндік шламдарды қолдану. Құрылыс материалдарын дайындауда түсті металлдар өндірісінің гипсқұрамды өалдықтарын қолдану. Өнеркәсіптің қатты және сұйық қалдықтарын қолдану арқылы бетонды химиялау. Бетон технологиясында микрокремнеземді қолдану. Цементсіз, азцементті композициялардың ұяшықты бетондарында микрокремнеземді қолдану. Құрылыс индустриясында бетон қалдықтарын қолдану. Екіншілік толтырғыш алу, оның қасиеті және бетондарда қолдану. Құрылыс материалдары өндірісі кезінде орман және ағашөңдеу қалдықтарын пайдалану. Ағаш қалдықтарды пайдалану арқылы арболит технологиясы. Ағаш қалдықтары негізінде ағаш-талшықты және ағаш-кұйылатын плита дайындау технологиясы. Керамикалық және әйнек өндірісінің қалдықтарын қолдану. Жасанды шыны (шыны сыну, шыны түйірлері, техногенді шыны қалдықтары) шикізат ретінде.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Техногенді қалдықтар негізінде құрылыс материалдарының түрлерін; осы қасиеттерді анықтайтын олардың құрамын, қасиеті және факторлары; дайындаудың түрлі этаптарында құрылыс материалдарының қасиеті және заңнамалық өзгерістері; жергілікті қалдықтар негізінде олардың мәселелері және перспективасы шығарылатын материалдар өндірісінің мысалдары; жаңа заманның құрылыс материалдарының өндірісінде көптоннаждық қалдықтардың перспективті бағыттарын біледі.

Іскерлігі: Техногенді қалдықтарды қолдану мақсатында түрлі құрылыс материалдарын дайындаудың технологиялық сұлбасының ерекшеліктерін қарастыруды; техногенді өалдықтарды утилизация жасау бойынша аймақтың өндірістік мәселелерін көруді; техногендік қалдықтар негізінде құрылыс материалдары өндірісі бойынша технологиялық желілерді ұйымдастыруды біледі;

Дағдысы: Техногенді қалдықтарды қолдану арқылы түрлі құрылыс материалдары бұйымдары және конструкцияларды дайындаудың технологиялық процесстердің ерекшеліктерін меңгеруде дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Өндіріске қалдықтарды тарту бойынша негізгі технологиялық қабылдауларда базалық білімдерін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

Профилді пәндер – 27 кредит

Жалпыбілімдік траектория – Бетондық және керамикалық құрылыс материалдарын өндіру

1

KMOMJ 0301

Құрылыс материалдары өндірісіндегі машиналар мен жабдықтар

Кредит мөлшері 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны- 5



Пререквизиттер – 31 кредит

Постреквизиттер– «Құрылыс материалдары өндірісі технологиясы», «Құрылыс материалдары өндірісін жобалау»

Оқыту мақсаты: Құрылыс материалдары өндірісіндегі жабдықтардың жұмыс істеу принципі және қолданысы туралы теориялық және практикалық білім беру.

Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік. Құрылыс материалдары өндірісіне арналған машиналар классификациясы. Силикат өндірісінің машиналары мен жабдықтары. Цемент өндірісінің машиналары мен жабдықтары. Темірбетон өндірісінің машиналары мен жабдықтары.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жабдықтардың түрлерін біледі, әртүрлі құрылыс материалдары өндірісі салаларының әртүрлі мақсаттарға қолданылатын жабдықтарды біледі

Іскерлігі: Әртүрлі операцияларға арналған жабдықтардың керекті санын таба алады.

Дағдысы: Құрылыс материалдарын өндірудегі жабдықтар және машиналарды есептеу және жобалау бойынша теориялық және практикалық дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Құрылыс өндірісіндегі машиналар мен жабдықтарды қолдануда негізгі білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Садвакасова Г.О.

2

KMOT 0302

Құрылыс материалдары өндірісі технологиясы

Кредиттер көлемі - 3(2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 65 кредит

Постреквизиттер – «Өтқа төзімді материалдар технологиясы», «Бетон технологиясы 2», «Әрлеу материалдары».

Оқыту мақсаты: қазіргі заманғы құрылыс материалдардың негізгі түрлерін зерттеу, өндіру технологиясының негіздері және тиімді пайдалану.

Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік. Цемент өндірісінің технологиясы. Силикат өндірісінің технологиясы. Темірбетон өндірісінің технологиясы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Технико-экономикалық талдаудың әдістерін біледі, қазіргі заманғы құрылыс материалдардың түрлерінің өндіруге тиімдісін ажырата алады.

Іскерлігі: Құрылыс техникасының болашақта преспективтілігін ескере отырып экономикалық тұрғыдан тиімді өндіріс түрін таңдай алады.

Дағдысы: Құрылыс материалдардың құрамын іс жүзінде құра алады, нормативті құжатқа сәйкес шикі және дайын өнімді дұрыс зерттей алады .

Құзіреттілігі: Цемент, темірбетонды және силикатты материалдар өндірісінің технологиясын біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Садвакасова Г.О.

3

SOT 0303

Силикат өндірісінің технологиясы

Кредит көлемі - 3(2+1+0), ECTS бойынша кредит саны– 5.



Пререквизиттер – 65 кредит.

Постреквизиттер - «Цемент өндірісінің технологиясы», «Темірбетон өндірісінің технологиясы».

Оқыту мақсаты: Қазіргі заманғы құрылыс материалдардың негізгі түрлерін зерттеу, өндіру технологиясының негіздері және тиімді пайдалану.

Қысқаша мазмұны: СӨТ құрылымы туралы жалпы түсінік. Кварцты құмды, ізбестасты және коксты шығару, жеткізу. Құмды, ізбес тасты және коксты түсіру, ұсақтау, елеу, мөлшерлеу, пешке жүктеу, күйдіру, кірпіш цехына тасымалдау. Негізгі салмақты дайындау: қабылдау, жылыту, тазалау, салмақ дайындау бөлімдеріне тасымалдау. Ізбес бөлімі: қабылдау, ұсақтау, тарту, салмақ дайындау бөлімдеріне тасымалдау. Салмақ дайындау бөлімдері: құмды, ізбесті сумен араластыру, мөлшерлеу, силосқа жүктеу, салмақты араластыру, қосымша араластыру, пресс бөлімінің қабылдау бункеріне тасымалдау. Престеу бөлімі: кірпіш-шикізатты престеу, автоклавқа тасымалдау. Кірпіш-шикізатты термоөңдеу, қоймаға дайын өнімді түсіру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Технико-экономикалық талдаудың әдістерін біледі, қазіргі заманғы силикат материалдардың түрлерінің өндіруге тиімдісін ажырата алады.

Іскерлігі: Құрылыс техникасының болашақта преспективтілігін ескере отырып экономикалық тұрғыдан тиімді өндіріс түрін таңдай алады.

Дағдысы: Берілген сапа бойынша силикат массасының құрамын есептей алады, шикі және дайын өнімнің техникалық бақылауын жүргізе алады.

Құзіреттілігі: Силикат материалдарын өндірісінің технологиясы туралы негізгі білімі бар, және шикізат өнімдерін ұқыпты пайдалану технологиясымен таныс, золошлакты шикізат қолданумен.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Садвакасова Г.О

4

COT 0304

Цемент өндірісінің технологиясы

Кредит көлемі - 3(2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 101 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Қазіргі заманғы құрылыс материалдардың негізгі түрлерін зерттеу, өндіру технологиясының негіздері және тиімді пайдалану.

Қысқаша мазмұны: СӨТ құрылымы туралы жалпы түсінік. Ізбестасты шығару, ұсақтау, сорттау жіне тасымалдау.Сары топырақты немес басқа шикізат материалдарын шығару және тасымалдау. Шикізаттық қоспа мен жанармай дайындау. Күйдіру және тасымалдау (шыдау қоймасына свинкерді). Тарту, мөлшерлеу, қоспалар. Дайын өнімді қаптау және түсіру.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Технико-экономикалық талдаудың әдістерін біледі, қазіргі заманғы цемент материалдардың түрлерінің өндіруге тиімдісін ажырата алады.

Іскерлігі: Құрылыс техникасының болашақта преспективтілігін ескере отырып экономикалық тұрғыдан тиімді өндіріс түрін таңдай алады. Нормативті құжатқа сәйкес шикі және дайын өнімді дұрыс техникалық бақылау жүргізе алады.

Дағдысы: Берілген құрам бойынша цемент массасының құрамын есептей алады, цемент өндірісінің құрғақ және ылғал технологиясын жобалай алады.

Құзіреттілігі: Цемент өндірісінің технологиясы саласында негізгі білімі бар, жобалай алады.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

5

TOT 0305

Темірбетон өндірісінің технологиясы

Кредит көлемі - 3(2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Қазіргі заманғы құрылыс материалдардың негізгі түрлерін зерттеу, өндіру технологиясының негіздері және тиімді пайдалану.

Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік. Кен шығатын емес материалдар комбинатының машиналары мен жабдықтары: қиыршық тас-құмды, сораптар, ұсақтау-сорттау шаруашылығы, тасымалдау механизмі. Жүк түсіргіш машиналар мен механизмдер. Бетон араластырғыш қондырғылар. Арматура дайындауға арналған машиналар. Пісіру шаруашылығы. Қалыптау жабдықтары. Энергокүштік жабдықтар. Тасымалдағыштар. Булау жабдықтары. Жүк көтеру-тасымалдау машиналары. ТБӨМЖ эксплуатациясының қауіпсіздік шарттары. ТБӨМЖ дамуындағы қазіргі кездегі тенденциялар.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Технико-экономикалық талдаудың әдістерін біледі, қазіргі заманғы темірбетон материалдардың түрлерінің өндіруге тиімдісін ажырата алады

Іскерлігі: Құрылыс техникасының болашақта преспективтілігін ескере отырып экономикалық тұрғыдан тиімді өндіріс түрін таңдай алады. Нормативті құжатқа сәйкес шикі және дайын өнімді дұрыс техникалық бақылау жүргізе алады.

Дағдысы: Берілген құрам бойынша бетон құрамын жобалай алады, армирлеудің сандық және сапалық мөлшерін есептей алады.

Құзіреттілігі: Темірбетон өндірісінің технологиясы және қолдану саласында негізгі білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

6

MKDT 0306

Металл конструкцияларын дайындау технологиясы

Кредит мөлшері 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны-5



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Металлдың құрылымы және қасиеттері туралы негізгі хабарды студенттерге жеткізу, металл заттары бар құрылыс материалдарын және конструкцияларын қолдану немесе жобалау кезінде белгілі бір практикалық мәселені шешуді үйрету.

Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік. МКДТ қолданылатын металдар (қара, түсті): шойын, болат, түсті (жеңіл және ауыр). МКДТ қолданылатын металдың негізгі физикалық құрамы. Жалданылатын болат профилдерінің негізгі сорттары: домалақ, квадратты, жолдық, шиналық, бұрыштық, зеталық, таблдық, қоставрлық, ұстындық, терезелік, шлунталық, швеллер, рельсті. Болаттың термиялық өңдеуі. Химимялық-термиялық өңдеу. Метал конструкциялар мен бұйымдар өндірісі: прокат, темір соғу, арматура, түрлері, дайындау технологиясы. Қор бөлшектері. Түсті қорытпа: аллюминий, мыс, титан және оның қорытпалары негізінде.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Әртүрлі металлоконструкцияларда қолданылатын конструктивті материалдардың түрлерін және маркаларын біледі; әртүрлі конструктивті материалдарды қолдануда техникоэкономикалық тұрғыдан дұрыс шешім қабылдай алады.

Іскерлігі: Металл өңдеудің тиімді әдісін және режимін таңдай алады, керекті өнімді алу үшін дұрыс жабдықты таңдай алады.

Дағдысы: Металлоконструкця жасауда керекті конструктивті материалды таңдай алады ;

Құзіреттілігі: Металлоконструкця өндірісінің технологиясы саласында негізгі білімі бар, және керекті эксплуатационды қасиеттері бар өнімге өңдеу түрін таңдай алады.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

7

JMO 0307

Жамылтқы материалдар өндірісі

Кредит көлемі 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны -5



Пререквизиттер – 101 кредит

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Студенттерге жамылтқы материалдардың құрамы, қасиеттері және түрлері жайлы білім беру, алғашқы шикізат материалын зерттеу, қолданылатын жабдықтардың түрлерімен таныстыру.

Қысқаша мазмұны: Жалпы түсінік. Жамылтқы өндірісінің ерекшеліктері: шикізат, материалдар, технология. Негізігі жамылтқы материалдардың құрылымы: ағаш, металл, асбесцемент, полимерлік, сары топырақты. Қыш-черепицалар, металл-черепица асбесцемент негізіндегі шифер, полимерлер.

Шатыр тіреуіштер, қаптайтын материалдар, өңдеу. Қыш, металл, асбесцемент, полимер негізіндегі шатыр жабындар. өндірістің қауіпсіз шарттары.



Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жамылтқы өндірісімен және материалдар түрлерімен байланысты ғылыми техникалық прогресспен таныс.

Іскерлігі: Гидроизоляциялық және жамылтқы материалдардың қасиеттерін бағалай алады, сандық көрсеткіштері және анықтау принциптерімен жақсы таныс.

Дағдысы: Берілген шарттарға сәйкес неғұрлым тиімді материал таңдауда практикалық икемі бар.

Құзіреттілігі: Керекті техникалық қасиеттері бар жамылтқы материал өндіруде білімі бар және тиімді тезнологиялық әдістерді біледі.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Садвакасова Г.О.

8

KMOKJ 0308

Құрылыс материалдарын өндіру кәсіпорынын жобалау (курстық жоба)

Кредит көлемі 3 (1+2+0), ЕСТS бойынша кредит саны -5



Пререквизиттер –65 кредит

Постреквизиттер – жоқ

Оқыту мақсаты: Құрылыс материалдары технологиясы саласында өндірістік технологиялық, жобалық және ғылыми жұмыстарымен айналысу үшін студенттерге керекті білім беру. Бұл пән курстық және дипломдық жобаны орындауға арналған негізгі пән болып саналады.

Қысқаша мазмұны: Өндіріс құрылысының және қайта жаңғыртуының технико-экономикалық тиімділігі. Жоба алдындағы жұмыстар: жобалаудың жалпы принциптері. Жобалы-сметалы құжаттаманы дайындау. Өндіріс комплексті жобалау. Технологиялық аймақтарды есептеу және жобалау. Бас жоспар және көлік. Автоматтандырылған жобалаудың негіздері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Өндірістік кәсіпорынын жобалаудың нормаларын және ережелерін біледі.

Іскерлігі: Курстық және дипломдық жоба деңгейінде құрылыс өндірісі саласының кез келген өндірісін жобалау үшін керекті технологиялық есептеулерді және сызбаларды жасай алады.

Дағдысы: Ғимараттың негізгі конструктивті сұлбаларын зерттей алады, құрылыс материалдары, өндірістік ғимараттардың элементтері, сантехникалық құрылымдардың ғимаратқа қосылу ережесін біледі.

Құзіреттілігі: Құрылыстық жобалаудың теориялық негіздерін біледі, бас жоспар, негізгі конструктивті элементтердің сұлбаларын біледі. Құрылыстың және қайта жаңғыртудың тиімділігін зерттей алады және нақты кәсіпорынның техникалық жаңғыртудың тиімділігін көрсете алады.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Садвакасова Г.О.

9

OMOT 0309

Отқа төзімді материалдарды өндіру технологиясы

Кредит көлемі 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны - 5



Пререквизиттер -101 кредит

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Студенттің өндірістік технологиялық жұмысын жүргізе алуы үшін керекті білім беру.

Қысқаша мазмұны: Отқа төзімді материалдардың негізгі қасиеттері және жіктелуі. Династы материалдар, негізгі мәліметтер. Шикізаттар және династы материалды алу технологиясы. Динас өндірісі кезінде минералдың түзілуі. Династың құрылымы және құрайтын заттары, сапасын бақылау өңдеуге қолданғанға дейін. Династың құрылымы және құрайтын заттары, сапасын бақылау өңдеуге қолданғаннан кейін. Династың қолдану аймағы. Алюмосиликатты материалдар, жалпы мәліметтер. Алюмосиликатты материалдардың түрлері (жартылай қышқыл, шамот, сазқұм құрамы көп). Шамот. Шикізаттар және шамотты материалды алу технологиясы. Шамот өндірісі кезінде минералдың түзілуі. Шамоттың құрылымы және құрайтын заттары, сапасын бақылау өңдеуге қолданғанға дейін. Шамоттың құрылымы және құрайтын заттары, сапасын бақылау өңдеуге қолданғаннан кейін. Шамоттың қолдану аймағы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазіргі заманғы сапаға сай отқа төзімді материалдардың өндірілу технологиясын біледі.

Іскерлігі: Әртүрлі инженерлі есептерді шығара алады; сандық тұрғыдан отқа төзімді керамиканың қасиетін және сапасын зерттей алады.

Дағдысы: Шикізат материалдарын зерттеуде практикалық икемі бар; дайын өнімнің сапасын анықтауға керекті білімі бар.

Құзіреттілігі: Экологиялық қауіпсіздікті және ресурс үнемдеу тұрғысынан шикізатты дұрыс қолдануда негізгі білімі бар.

Бағдарлама жетекшісі: Аға оқытушы Садвакасова Г.О

10

JAM 0310

Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар

Кредит көлемі- 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны-5.

Пререквизиттер - 101 кредит.

Постреквизиттер – Процесстер мен аппараттар 1, Процесстер мен аппараттар 2, Тиеп-түсіру және құрылыс машиналары.

Оқыту мақсаты: Негізгі шикізат материалдарын, құрылымын және қасиеттерін, жылуизоляциялық және акустикалық материалдар өндірісі технологиясын оқыту.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі заманғы жылуберу және дыбыс беру туралы; Шикізат материалының пішіні және сыртқы түрі, құрылымы, түрі бойынша жылуизоляциялық және акустикалық материалдар классификациясы. Жылуизоляциялық және акустикалық материалдардың негізгі қасиеттері. Эксплуатациялау жағдайының бұйым қасиетіне әсер етуі; Жоғарыкеуекті материалдар мен бұйымдар өндірісінің әдістері.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Жылуизоляциялық және акустикалық материалдар алу үшін басты және қосымша шикізат компоненттерін таңдау бойынша негізгі критерийлерді; жылуизоляциялық және акустикалық материалдар және бұйымдар және оларды алу үшін технологиялық жабдықтар дайындау технологиясы.

Іскерлігі: Түрлі инженерлік мәселелерді шешуді; жылуизоляциялық және акустикалық материалдар және бұйымдарың қасиеттерін және әдістемелік принциптерде олары анықтауда жақсы меңгере біледі.

Дағдысы: Шикізат материалдарын сынауды жүргізуде; дайын өнімнің сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындауда дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Экологиялық қауіпсіздіктерді және ресурстарды экономдауды ескере отырып шикізат материалдарын тиімді қолдану аймағында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Садвакасова Г.О

11

KKer (2) 0311

Құрылыстық керамика 2

Кредит көлемі - 3 (2+0+1), ЕСТS бойынша кредит саны– 5.



Пререквизиттер - 65 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Негізгі шикізат материалдарын, құрылымын және қасиетін; қазіргі күрделі құрылыс талаптарына жауап беретін керамикалық құрылыс материалдары және бұйымдары өндірісінің талаптарын оқу.

Қысқаша мазмұны: Құрылыс материалдары және бұйымдары өндірісі кезінде басты сала жағдайы. Құрылыс материалдар және бұйымдар, өзіндік тағайындалуына сәйкес энерго- және ресурс сақтау технологиясы бойынша ғылым рөлі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазіргі құрылыс материалдары және бұйымдары қасиеті, әдістері және керамикалық материалдар өндірісіндегі техникалық бақылаудың технологиясын біледі.

Іскерлігі: Түрлі инженерлік есептерді; дайын өнімдердің сапасын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, экологиялық қауіпсіздік бойынша шикізат материалдарын тиімді пайдалана біледі.

Дағдысы: Шикізат материалдарын сынауды жүргізуде; дайын өнім сапасын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмысты орындауда тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттілігі: Экологиялық қауіпсіздікті және ресурстарды экономдауды ескере отырып шикізат материалдарын тиімді пайдалану аймағында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Садвакасова Г.О

12

BetT (2) 0312

Бетон технологиясы 2

Кредит көлемі- 4 (2+0+2), ЕСТS бойынша кредит саны– 6.



Пререквизиттер - 101 кредит.

Постреквизиттер – жоқ.

Оқыту мақсаты: Негізгі шикізат материалдарын, құрылымдарын және қасиеттерін; қазіргі заман талаптарына жауап беретін темірбетон бұйымдарын және конструкциялары өндірісінің технологиясын оқу.

Қысқаша мазмұны: Маңызды құрылыс материалдары мен бұйымдары өндірісі кезінде саланың жетекші саласы туралы қазіргі заманғы елестету. Өзінің тағайындалуына сәйкес керамикалық құрылыс материалдары және бұйымдары өндірісінде тиімді энергия- және ресурс сақтау технологиясын құруда ғылым және новатор рөлі.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Бетон және темірбетон бұйымдары және конструкциясы технологиясында қолданылатын материалдар қасиетін, оларды дайындау технологиясын біледі.

Іскерлігі: Темірбетон бұйымдары мен конструкциялары өндірудегі түрлі әдістердің технологиялық есептеулерін жүргізуді; бетон қоспасының және дайын өнімнің сапасын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды орындауды біледі.

Дағдысы: Шикізат материалдарын сынау жүргізуде; дайын өнім сапасын бақылауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс орындауда тәжірибелік дағдысы бар.

Құзіреттелігі: Экологиялық қауіпсіздікті және ресурстарды экономдауды ескере отырып шикізат материалдарын тиімді пайдалану аймағында базалық білімін көрсете біледі.

Бағдарлама жетекшісі: аға оқытушы Уркинбаева Ж.И.

14

BetT 0314

Бетон толтырғыштары

Кредит көлемі- 3 (2+1+0), ЕСТS бойынша кредит саны– 5.



Пререквизиттер - 65 кредит.

Постреквизиттер – «Бетон технологиясы 1,2», «Жылуизоляциялық және акустикалық материалдары», «Құрылыс керамикасы».

Оқыту мақсаты: Толтырғыштардың негізгі түрлерін, құрылымын және қасиетін, отқасерпімді материалдар өндірісіндегі технологияларды оқу.

Қысқаша мазмұны: Оқу нысаны құрылыс материалдары және бұйымдары өндірісінде, қазіргі құрылыста ғылыми-техникалық ілгерленудің дамуында бетон технологиясының мәні және болып табылады. Қазақстан Республикасында және шет елдерде толтырғыштар өндірісінің даму перспективасы және қазіргі жағдайы.

Күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазіргі заманғы бетон толтырғыштары түрлерінің қасиетін және дайындау технологиясын біледі. Осы білім берілген қасиеті бар бетонның анықталған түрі үшін толтырғыштарды таңдауда көмек болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет